КАЛЛУС
ҰЛПАЛАРЫН
ӨСІРУ
-
өсімдіктің
дедифференциациялануы
нәтижесінде
түзілген
клеткаларын,
ұлпаларын, мүшелерін жасанды қоректік ортада өсіру.
КАРИОТИП
- белгілі бір түрге тән хромосомалар жиынтығы.
КЛЕТКАЛЫҚ СҰРЫПТАУ (СЕЛЕКЦИЯ)
- сұрыптаушы қоректік
ортаны пайдаланып, мутант клеткалар мен клеткалардық сомаклондық
вариацияларын бөліп алу әдісі.
КЛЕТКАНЫҢ ГЕНЕРАЦИЯЛАНУ УАҚЫТЫ
- клетканың кезекті
екі бөлінуі арасындағы уақыт.
КЛОН
- қоректік ортада бір клеткадан көбейген клеткалар.
КЛОНАЛЫҚ МИКРОКӨБЕЙТУ
-
генетикалық тұрғыдан
бастапқымен бірдей, in vitro жағдайында, жыныссыз жолмен
өсімдіктер алу.
КЛОНДАУ
- организмдердің генстикалық біркелкі популяциясын
алу.
КОМПЕТЕНЦИЯ
- клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің.
организмнің индукторлық әсерді қабылдап алуға қабілеттілігі және
әсер еткен факторға жауап ретінде өзінің даму бағытын өзгертуі.
«КӨНБІС» ҰЛПАЛАРДЫ ӨСІРУ
- гормонсыз қоректік ортада өсуге
қабілетті, редифференциациялану немесе мутация нәтижесінде пайда
болған қалыпты каллус клеткаларынан пайда болған ұлпаларды
жасанды қоректік ортада өсіру.
ҚОСЫМША МЕТАБОЛИТТЕР
- өсімдік клеткаларында түзілетін,
бірақ олардың тіршілігіне қажет емес заттар.
ЛИНИЯ
- кұрамында ендік (маркерлік) белгілері бар штамды
сұрыптау немесе бір клетканы көбейту арқылы алынған клеткалар.
Достарыңызбен бөлісу: