Өсімдік майларын сақтау үшін ірі май зауыттарында үлкен сыйымдылықты май сақтау орындарын – болат резервуарлар қолданылады. Бұндай резервуарлардың кемшілігі – майлардың бос май қышқылдары темірмен әрекеттесіп, май қышқылдарын түзуі болып табылады, олар майлардың бүліну үдерістерін катализдейді. Майдың бүлінуіне ықпал ететін негізгі факторлар – ауа оттегісінің, жарықтың, жоғары температуралар мен ылғалдың әсері. Өсімдік майларын сақтауға арналған резервуарлар суға төзімді, жарықты шағылыстыратын бояумен боялу керек. Бөтелкелерге құюға арналған майларды май өңдеу зауыттарында деаэрациялайды (ауаны жояды) және жылтырлатып сүзеді, оны тікелей құю цехтарында жүргізеді. Сүзу барысында микроағзалар үшін қоректік орта болып табылатын қоспалар жойылады, олар майдың бүліну себебі болуы мүмкін.