Өсімдік тұғымының таралуы. Өсімдіктің гүлі. Өсімдікті қорғау. Тұқымның түзілуі. Өсімдіктің дамуы. Жиындар және олармен орындалатын операциялар



бет2/2
Дата19.06.2022
өлшемі20,11 Kb.
#37045
1   2
Байланысты:
Өсімдік

Қос жарнақтылар класы (Magnoliopsida немесе Dicotyledones)
Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қос жарнақтылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қос жарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Қос жарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақ салалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны - 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа - камбий болады. Егер өсімдік ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда ол даражарнактылар класына жатады. Даражарнақтылар класына астық тұқымдастарының, қиякөлеңдердің, лалагүлділердің, т. б. тұқымдастары жатады. Өсімдіктерді олардың тек бір ғана белгісіне карап, қай класқа жататынын анықтау, көп ретте мүмкін бола бермейді. Мәселен, орманда өсетін шөптекті өсімдік қаракөздің жапырағы торлы жүйкеленеді, бірақ ұрығының тұқым жарнағы жалғыз болады. Қарғакөз - даражарнақты өсімдік. Жолжелкеннің жапырағы доға тәрізді жүйкеленеді, шашақ тамырлы, бірақ оны қосжарнақтылар класына жатқызады. Себебі ұрығының екі тұқым жарнағы болады
Қос жарнақтылар класы 6 класс тармағына, 128 қатарға, 418 тұқымдасқа бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет