Жеміс-көкөніс дақылдарын сауықтыру үшін термоөндеу, меристеманы өсіру және вирустық тестер арқасында сұрыптау тәсілдері қосыла аралас қолданылады.
Вирус жұққан өсімдіктерді айқындау
Жылумен өндеп, меристеманы өсіру арқылы алынған материалды вирустың бар-жоғын міндетті түрде тексеру керек. Ол үшін түрлі әдістер қолданылады:
Вирустық ауруды айқындаушы өсімдіктер
Серологиялық әдістер
Электрондық микроскоппен қарау және иммуноферменттік талдау
Вирустан таза материалдарды алу табысты болуы мына шарттарға байланысты: 1)өсімдікті жылумен өндеу мүмкіншілігі; 2)меристеманы өсіру мүмкіншілігі; 3)вирустарды анықтайтын жақсы игерілген сезімталдығы жоғары тестің болуы; 4)сауықтырылған материалды толық оңашалау жағдайында өсіріп көбейту; 5)сауықтырылған материалдың мөлшері жыл сайын алғашқы материалды жаңартуға жеткілікті болу керек. Бұл шарттар түрлі дақылдарда бірдей орындала алмайды. Қазіргі кезде осы әдіспен картоптың бағалы сорттарынң барлығы дерлік сауықтырылған, бірақ біздің елімізде бұл технология алғашқы тұқым шаруашылығына енгізілмеген.