Клондық микрокөбейту әдісі әсемдік (орхидея, қалампыр, нарғызгүл, сирен, сүмбілшаш), көкөніс (картоп, қызанақ, пияз, сарымсақ, орамжапырақ), жеміс жидек (бүлдірген, таңқурай, жүзім, қарақат, алма, шие, қараөрік, шабдалы, цитрустар) дақылдарды көбейту үшін қолданылады. Астық тұқымдастарының ішінде бұл әдіспен өнеркәсіптік масштабында тек қант қамысы мен бамбукты көбейтеді.Дәнді дақылдар мен шөп,астық тұқымдастары бұл әдіспен қиын көбейеді,сондықтан бұл әдіс тек селекциялық жұмыстарында шағын көлемде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |