Қосымша 1 Океания өркениеті Океания —



Дата15.11.2023
өлшемі14,57 Kb.
#123409
Байланысты:
Дүние жүзі тарихы 10 сынып Дүние жүзі тарих Әлем өркениетінің тарихы Африка, Америка, Австралия мен Океанияның дәстүрлі өркениеті Қосымша 1


Қосымша 1
Океания өркениеті
Океания — Тынық мұхитының орталық және оңтүстік-батыс бөлігінде Солтүстік жартышардың субтропикалық аймақтары мен Оңтүстік жартышардың қоңыржай белдеуінің арасында орналасқан жүздеген көбіне шағын аралдардар құралған жер бөлігі. Жерді құрлықтарға бөлгенде Океанияны көбіне Аустралиямен бірге Аустралия және Океания деп арашалайды. Кейде бөлек құрлық деп есептейді. Бұл жердегі жергілікті өркениет әлі қалыптасу дәрежесінде деп есептеледі. Оның жақсы дамыған орталығы бар, яғни ол батыс (Британ империясы) өркениетінің бір бөлігі Аустралия мен Жаңа Зеландия. Сондай-ақ экономикалық дамуы артта қалған, индустриялық даму деңгейіне жетпеген, жуыр маңда ғана өзінің тәуелсіздігін алған жас мемлекеттер Полинезия, Микронезия мен Меланезия. Океания өркениетінің дамуындағы ең маңызды мәселе – бұл ішкі өркениеттегі елдердің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейінің алшақтығын жеңу. Осы мәселені шешуде басты рөлді Аустралия атқарады. Егер ол осы мәселені шеше алса, онда дүйім әлемге үлгі бола алады. Егер де алшақтық сақталып қалса, немесе өсе түссе, онда пессимистік сценарийдің жеңіп шыққаны. XVI ғасырдың бас кезінде Океания халықтары алғашқы қауымдық құрылыстан ерте кластық құрылысқа көшу кезеңін бастарынан кешті. Қолөнер кәсіптері, ауыл шаруашылығы, теңізде жүзу белсенді түрде дамыды. XVI – XVIII ғасырлар аралығында еуропалықтар Океания елдерін зерттеп, танысып, біртіндеп аралдарға қоныстана бастады. Алайда еуропалықтардың отарлау саясаты баяу жүрді, оларды бұл аймақ қызықтырмады, өйткені табиғи байлығы жоқ және олардың келуі жергілікті халықтың өміріне кері әсерін тигізді. Көптеген бұрын-соңды Океания елдерінде болмаған кеселдер жат адамдармен ере келді, бұл індетке әкеліп соқты, жергілікті халық шетінен қырыла бастады. Бұрын көптеген құдайлар мен рухтарға сыйынған жергілікті халықты христиан дініне енгізу жұмысы белсенді жүргізілді. XVIII—XIX ғасырлар аралығында Океания аралдарын Еуропаның ірі мемлекеттері өзара бөліске салды, олар - Британ империясы, Испания мен Франция, кейін оларға АҚШ мен Германия империясы қосылды. Еуропалықтарды аралдарда плантациялар (дәнін алу үшін кокос пальмасы мен қант құрағын өсіру үшін) құру мүмкіндігі қызықтырды, сонымен қатар құл саудасы («қара торғайларды аулау» деп аталатын, плантацияларда жұмыс істеуге арал халықтарын жалдау жұмысы жүргізілді). 1907 жылы Жаңа Зеландия доминион болды, бірақ ресми түрде тек 1947 жылы тәуелсіз мемлекет болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғашқы саяси ұйымдар (Батыс Самоада «Мау», Фиджи аралдарында «Фиджи жастары») туа бастады, олар отарлардың тәуелсіздігі үшін күресті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономикада бірқатар жақсы жаққа қарай өзгерістер орын алды, алайда отарлардың көпшілігінде олар біржақты сипатта (плантациялық шаруашылық басым болып, өндіріс дамымады) болды. 1960 жылдары отарсыздандыру үдерісі басталды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Океания елдерінің көпшілігі күрделі экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерге тап болды, оларды шешу үшін дүниежүзілік қауымдастықтардың (соның ішінде БҰҰ) көмегіне және аймақтық ынтымақтастыққа сүйенеді. ХХ ғасырдағы отарсыздандыру үдерісіне қарамастан аралдардың кейбір аймақтары әлі де біршама тәуелді болып қала берді. Полинезиялықтардың бейнелеу өнерінде басты орын ағашқа салынған ою мен мүсін жасау болды. Маорилерде бұл өнер шарықтау шегіне жеткен, олар оюмен қайықтарын, үй құрылысындағы қолданылатын бұйымдарды, құдайлар мен бабаларының мүсіндерін жасады, мұндай мүсіндер әр деревняда бар. Оюлардың басты мотиві – шиыршық. Маорилер тастан мүсіндерді Пасхи және Маркиз аралдарында жасады. Қолөнер кәсіптерінің ішінде ең маңыздысы қайықтар жасау, оның себебі қайықпен алыс жерлерге (осының арқасында полинезиялықтарда астрономия дамыды) аттана алды және балық аулады. Полинезиялықтар арасында денеге әшекей салу кең тараған. Киім ретінде тапа қолданылды, оны тұт ағашының қабығынан даярлады. Полинезияда мифтер, аңыздар, ертегілер, өлеңдер мен билер дамыған. Жазу тек Пасхи аралында (ронго-ронго) болған сияқты, басқа аралдарда фольклор ауздан ауызға тараған. Микронезиялықтарда өнердің түрлерінен ән салу мен би дәріптеледі. Әр тайпаның өз мифі бар. Аралдықтардың тұрмысында қайық-кемелер басты орын алады. Қайық түрлері саналуан: дибенил – желкенді қайық, валаб –үлкен ескекті қайық. Ал Яп аралында мегалиттер. Нан-Мадол ерекше қызықтырады, оны «микронезиялық Венеция» деп те атайды. Понапе аралының шағын мүйісіндегі су үстіндегі тегіс бір қала. Жасанды аралдарда тастан құрылыстар салынған. Меланезиялықтарда ағашқа ою салу өнері ерекше дамыған. Полинезиялықтарға қарағанда меланезиялықтар теңізге жақын болған жоқ, оларды құрлықтың тұрғындары деуге болады. Негізгі музыкалық аспаптары – барабан немесе тамтам. Папуастарда фольклор, ән, би, мифтер тараған. Әндері мен билері қарапайым. Ән мун деп аталады, әуені өте әлсіз шығады. Бабалар мен бас сүйекке табынушылыққа зор мән береді. Папуастар корварларды – бабаларының келбеттерін жасайды. Ағашқа ою салу жақсы дамыған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет