Махмұд Қашқаридың тіл философиясы



бет1/2
Дата25.09.2022
өлшемі19,79 Kb.
#40145
  1   2
Байланысты:
Сұрақтар


Ойлау және тіл. Тіл қоғамдық құбылыс ретінде, адамдардың қарым-қатынасының ең маңызды құралы ретінде әлеуметтік сипаттағы басқа құбылыстармен қандай да бір түрде байланысты. Ғалымдарды (ең алдымен лингвистер мен философтарды) тіл мен ойлаудың арақатынасы мәселесі ерекше қызықтырады. Ғылыми ой-пікірдің бүкіл дамуы барысында күн тәртібінен түспей келген бұл мәселені талқылаудың ұзақ тарихы бар. Тіл мен ойлаудың байланысы Ежелгі Грецияда талқыланып, орта ғасыр ғалымдарын қызықтырды және қазіргі ғылымда ерекше өзектілікке ие болды.
Ғалымдар ежелден тіл мен ойлаудың тығыз байланысына мән берген. Мысалы, XVIII ғасырдағы атақты неміс философы. Иммануил Кант былай деп жазды: «Әрбір тіл ойдың белгіленуі және керісінше, ойды белгілеудің ең жақсы тәсілі - тілдің көмегімен белгілеу, бұл өзін және басқаларды түсінудің ең үлкен құралы. Ойлау - өзімен сөйлесу» [1 ] . Қазіргі уақытта тіл мен ойлау арасындағы байланыстың болуы, олардың өзара қарым-қатынасы мен әрекеттестігі сан алуан лингвистикалық және философиялық салаларда танылады. Сонымен бірге қарастырылып отырған құбылыстар арасындағы байланыс мәселесі тіл білімі мен философиядағы ең күрделі де пікірталас тудыратын мәселелердің бірі болып көрінеді, ол ең алдымен тіл мен ойлау құбылыстарының күрделілігімен, олардың өзара сәйкессіздігімен түсіндіріледі.
Махмұд Қашқаридың тіл философиясы. Махмұд Қашқари түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Философиялық ұғымдар, тек пен ерекшелік терминдері, этнонимдер мен жер-су аттары (топонимдер) ерекше мәнге ие болған. Еңбекте дәстүрлі халық санасының сипаты, тарихи және мифологиялық құндылыктар, діни және этникалық терминология тіркелген. Былайша айтқанда, бұл еңбек лингвистикалық және этнологиялық сипатта ғана емес, сонымен бірге дүниетанымдық-философиялық, этикалық-құндылықгық және эстетикалық сипатта. Мұнда түркі онтологиясы мен тіл мәдениеті, түркі тілдерінің толық жинағы, түркі тілінің ішкі семантикалықжәне грамматикалық құрылысы, ана тіліне деген үлкен сүйіспеншілік, халыктың рухани дамуында тілдің үлкен рөлі анық көрсетілген. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді.
Махмұт Қашқари өзінің «Түркі сөздерінің жинағы» кітабында дүниетанымы, әділеттілік пен бақытқа лайық өмірі, адамның өмірі мен өлімі, оның түріктік болмысы мен ойлауы, құндылықтық бағытбағдарлары, имандылығы мен мейірімділігі, қонақжайлығы мен парасаттылығы, жалпы алғанда, адамның рухани-адамгершілік, этикалық және эстетикалық құндылықтары жөнінде көптеген құнды ойлар қалдырған.
Қорыта айтқанда, Махмуд Қашғаридың теңдесі жоқ бұл шығармасы біздің еліміздегі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ асыл қазына, тілдік,әдеби,тарихи, этнографиялық т.б. тұрғыдан мейлінше бай мұра болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет