ІІ. Қазақ тілінде оқытатын негізгі мектептің 5-7-сынып оқушылары арасында өтетін байқаудың талаптары мен бағалау критерийлері 1-кезең. «Туған өлкем – тұнған шежірем» (жер-су атауларына қатысты аңыздар бойынша бейнематериал).
Тапсырма. Туған өлкеңіздегі жер-су атауларына қатысты бір аңыз бойынша бейнематериал дайындаңыз.
Талаптар:
бейнематериал 3 D үлгісінде жасалуы керек;
аңыз мазмұнына байланысты өзіндік көзқарасы қамтылуы керек;
баяндауда орфоэпиялық нормалар сақталуы керек;
ауызша мәтін мазмұны бейнежазба желісіне сәйкес болуы керек.
Бағалау критерийлері:
Критерийлер
Ұпай
Бейнематериалдың техникалық талапқа сәйкестігі
10
Оқушының өзіндік көзқарасын дәйектей алуы
10
Тіл көркемдігі
10
Бейнежазбада тақырыптың ашылуы
10
Инста парақшада жарияланған бейнежазбаны көрушілер мен «лүпіл» саны
2-кезең. «Аңыздар сөйлейді...» Тапсырма. Ұяшықтың бірін таңдап, ондағы жер-су атауына байланысты аңызды әңгімелеңіз. Талаптар:
аңыз мазмұны толық, жүйелі баяндалуы керек;
ойды жеткізуде дәлелдер мен дәйектер келтірілуі керек;
көркем тілмен баяндалуы қажет;
дауыс мәнері әсерлі, эмоциямен берілуі керек.
Бағалау критерийлері:
Критерийлер
Ұпай
Аңыз мазмұнының толықтығы
15
Сөз дәйектілігі
15
Сөйлеу сауаттылығы
10
Баяндау әсерлілігі
10
Барлығы
50
Оқуға ұсынылатын аңыздар: 1. Қазығұрт тауы
2. «Үш қыз» тауы
3. Асан қайғының жерұйығы
4. Райымбек батыр бұлағы
5. Бетбақдала
6. Екібастұз
7. Ұмай бұлағы
8. 360 әулие
9 Алакөл
10. Жусан
11. Оқжетпес
12 Жұмбақтас
13 Биші қайыңдар
14 Айғайқұм
15 Қарағанды
Аталымдар (номинациялар): 1. Аңыздың ақтаңгері
2. Туған жердің тастүлегі
3. Өлкетанушы өрен
4. Шебер шежіреші
5 Желі жұлдызы
ІІІ. Қазақ тілінде оқытатын негізгі мектептің 8-9-сынып оқушылары арасында өтетін байқаудың талаптары мен бағалау критерийлері
1-кезең. Ұлылар мұрасы – ұрпаққа өнеге
Тапсырма. Тізімдегі фильмдерді көріп шығып, өзіңіз таңдаған бір фильмді жарнамалайтын бейнематериал дайындаңыз.
Талаптар:
бейнематериалды электронды түрде ұсыну керек (бейне пішімі: mp4);
қатысушылар баяндау барысында бет-бейнелерін көрсетіп сөйлеуі тиіс;
бейнематериалда сюжетпен қоса мәтіндік шешім болуы керек;
шешендік сөз, мақал-мәтел, қанатты сөздерді орынды үйлестіре алуы тиіс.
Бағалау критерийлері:
Критерийлер
Ұпай
Сөздің әсерлілігі, дұрыстығы, тазалығы, байлығы, ойын көркем де дәл жеткізе білуі
15
Бейнематериалда шешендік сөз, мақал-мәтел, қанатты сөздерді орынды кіріктіруі
10
Бейнематериалдың техникалық сапасы
10
Уақытқа сыйымдылығы
5
Инста парақшада жарияланған бейнероликтерді көрушілер мен «лүпіл» саны
10
Барлығы
50
Ұсынылатын фильмдер тізімі (киноларды YouTube немесе «Qazaqstan» ұлттық арнасының телехикаялар бөлімінен көруге болады):
1. «А. Байтұрсынұлы. Ұлт ұстазы».
2. «М. Дулатов. Оян, қазақ!»
3. «Әлкей. Ғұлама ғұмыр».
4. «Мағжан. Мен жастарға сенемін!»
5. «Дина. Күй-құдырет».
6. «Қаныш. Қазына».
7. «Мұқағали. Мен бұл ғасырдан емеспін».
2-кезең. «Кәнеки, тілім, сөйлеші...»
Тапсырма. Ұсынылған тақырып бойынша өз ойыңызды дәйектеп әңгімелеңіз.
Талаптар:
тақырыпқа қатысты өз көзқарасы көрінуі;
тақырып туралы ойын еркін жеткізуі, ой жүйелілігін сақтауы;
нақты дәйектер келтіруі;
сөйлеу мәнерін, орфоэпиялық заңдылықты сақтауы керек.
Бағалау критерийлері:
Критерийлер
Ұпай
Тақырыпқа қатысты өз көзқарасын білдіруі
20
Шешеннің сөз саптауы (бейнелі қолданыстар, мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркестерін қолдану, т.с.с.)
10
Статистикалық мәліметтерді қолдануы
10
Дауыс мәнері, орфоэпиялық норманың сақталуы
10
Барлығы
50
Монологтік сөз тақырыптары: «Фастфут өнімінің денсаулыққа әсері»
«Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны»
«Жастар қызығатын мамандықтар»
«Қазақ әні, қайда барасың?»
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»
«Қазақ спортының жұлдыздары»
«Қазақ елін әлемге танытқан тұлғалар»
«Тик-ток жұлдызы» атану сән бе?»
«Қазіргі жастар кімге еліктейді?»
«Ана тілің – арың бұл...»
«ХХІ ғасырдың көшбасшысы қандай болуы керек?»
«Ата дәстүрі – ұрпаққа аманат»
«Құмарта оқыған кітаптарым» (қазақ тіліндегі кітаптар бойынша)
«Тарих ақтаңдақтары»
«Қазақ сөзінің құдыреті»
Аталымдар: Сөз зергері
Сарабдал сөздің иесі
Сөз маржанын терген дарын
Үздік насихатшы
Көрермен көзайымы
ІV. Қазақ тілінде оқытатын бейіндік мектептің 10-11-сынып оқушылары арасында өтетін байқаудың талаптары мен бағалау критерийлері
1 кезең. «Мәдениетті тіл ғана мәртебелі...» («Тіл сақшысы» бағдарламасы ізімен)
Тапсырма. Қазақ тілінде қате жазылған қолданыстарды тауып, талдаңыз. Оның дұрыс нұсқасын көрсете отырып, бейнематериал дайындаңыз.
Талаптар:
бейнематериалды электронды түрде ұсыну керек (бейне пішімі: mp4);
қатысушылар баяндау барысында бет-бейнелерін көрсетіп сөйлеуі тиіс;
қолданыстардың қате екенін негіздеп, дұрыс нұсқасын дәлелдеуі қажет;
баяндау желісі мен бейнематериал сәйкес келуі керек;