Қосымша-1 орта білім беру ұйымдарының ОҚушылары арасында өтетін «тіл – ҚҰндылық» атты республикалық байқау туралы ереже 2023 жылғы 10 наурыз 15 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Тіл – құндылық»


Байқауды өткізу мерзімі мен қатысу тәртібі



бет2/9
Дата02.06.2023
өлшемі231,61 Kb.
#97756
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 Тил-кундылык. ЕРЕЖЕ

5.Байқауды өткізу мерзімі мен қатысу тәртібі
5.1 Байқаудың өту мерзімі: 2023 жылдың 10 наурыз -15 сәуір аралығы.
Байқау екі кезеңнен тұрады:
1-кезең – 2023 жылдың 10.03- 05.04 аралығы;
2-кезең – 2023 жылдың 15 сәуір.
Байқаудың екі кезеңі де онлайн форматта өткізіледі.
5.2 Байқауға қатысу өтініші онлайн түрде байқау сайтына жолданады. Қатысушыларды тіркеу 6 – 10 наурыз аралығында жүргізіледі.
5.3 Байқауға қатысу өтініміне (Ереженің №1 қосымшасын қараңыз) байқауға қатысу туралы білім басқарма басшысы бұйрығының, қатысушының және пән мұғалімінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі тіркеледі;
5.4 Байқауға ұсынылған бейнематериалдар қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар байқау материалдарын авторын көрсете отырып, БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде жариялауға құқылы.


6. Байқауды өткізу шарттары және тәртібі
6.1 «Қазақ тілі» пәні бойынша ұйымдастырылып отырған Байқау республикадағы орта білім беру ұйымдарының оқу тілі мен оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып:

  1. қазақ тілінде оқытатын бастауыш мектептің 3-4-сынып оқушылары арасында;

  2. оқу тілі қазақ тілінен өзге бастауыш мектептің 3-4-сынып оқушылары арасында;

  3. қазақ тілінде оқытатын негізгі мектептің 5-7-сынып оқушылары арасында;

  4. оқу тілі қазақ тілінен өзге негізгі мектептің 5-7-сынып оқушылары арасында;

  5. қазақ тілінде оқытатын негізгі мектептің 8-9-сынып оқушылары арасында;

  6. оқу тілі қазақ тілінен өзге негізгі мектептің 8-9-сынып оқушылары арасында;

  7. қазақ тілінде оқытатын бейіндік мектептің 10-11-сынып оқушылары арасында;

  8. оқу тілі қазақ тілінен өзге бейіндік мектептің 10-11-сынып оқушылары арасында бөлек-бөлек ұйымдастырылады.

6.2 Байқау 2 кезең бойынша өткізіледі. Әр кезеңде ұсынылатын тақырыптар, тапсырмалардың шарттары, талаптары мен бағалау критерийлері (Ереженің №2 қосымшасын қараңыз) көрсетілген.
1-кезеңде білім деңгейі бойынша ұсынылған тапсырманы қатысушылар электронды форматта дайындап, әлеуметтік желіде лүпіл (like) жинауы тиіс. Белгіленген мерзімде Ұлттық құндылықтар академиясының unknownx@mail.ru инстапоштасына жолдауы керек. 1-кезеңдегі тапсырманың бағалануы 2 тарапты жүргізіледі: әлеуметтік желідегі «лүпіл» (like) саны мен қазылар бағалауының қорытындысынан кейін ортақ ұпай шығарылады. Жұмыстары үздік деп танылған қатысушылар байқаудың екінші кезеңіне өтеді.
Ескерту:

  1. Бейнематериалдың ұзақтығы 3 минуттан аспауы керек.

  2. Бейнематериал байқауы uk_academ22.12.22 Instagram әлеуметтік парақшасына да жүргізіледі. Жеңімпаздарды анықтауда uk_academ22.12.22 парақшасында жарияланған бейнематериалды көрушілер мен «лүпілдің» саны ескеріледі.

  3. Байқауға басқа көздерден алынған (әлеуметтік желілер, бейне–хостингтер және т. б.) бейнематериалды пайдалануға болмайды.



2-кезеңге өткен білім алушылар ZOOM платформасында ауызша тапсырмаларды орындайды, олар белгіленген уақыт ішінде жауап береді. Ауызша кезеңнің ұпайларын қазылар алқасы ашық түрде бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет