Қосымша-1 орта білім беру ұйымдарының ОҚушылары арасында өтетін «тіл – ҚҰндылық» атты республикалық байқау туралы ереже 2023 жылғы 10 наурыз 15 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Тіл – құндылық»
ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ӨТЕТІН «ТІЛ – ҚҰНДЫЛЫҚ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
2023 жылғы 10 наурыз - 15 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Тіл – құндылық» атты республикалық байқау өткізеді.
Жалпы ереже
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлері бойынша мектеп оқушылары арасында өтетін «Тіл – құндылық» республикалық байқауы (бұдан әрі – Байқау) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Ұлттық құндылықтар академиясының» бастамасымен және ұйымдастыруымен өткізіледі.
Байқау ережесі республикалық байқаудың мақсатын, міндеттерін, шарттары мен тәртібін анықтайды.
2. Байқаудың мақсаты: балалар мен жастардың мемлекеттік тілді басты құндылық ретінде құрметтеуіне, оны ықыласпен игеруіне, қазақ сөз мәдениеті талаптарына сай өз ойын шеберлікпен жеткізу қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
3. Байқаудың міндеттері:
Жас ұрпаққа тілдің ұлттық құндылық ретіндегі маңызын таныту;
Білім алушылардың креативті ойлауын, шығармашылық қабілеттерін, сөз мәдениетін дамытуға мотивациясын арттыру;
Білім алушылардың қазақ тіліне сүйіспеншіліктерін, тіл жұмсауға деген жауапкершіліктерін арттырып, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту;
Білім алушылардың тілді дүниетанымдық, тәрбиелік тұрғыдан тану мүмкіндіктерін кеңейту;
Білім алушылардың шығармашылығын қолдау.
4.Байқауды ұйымдастыру тәртібі 4.1 Байқау «Ұлттық құндылықтар академиясының» ұсынысына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына негізінде республиканың білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында өткізіледі және екі тараптың бірлескен жобасы болып табылады.
4.2 Байқауды «Ұлттық құндылықтар академиясы» ұйымдастырады.
4.3 Байқау нәтижелерін бағалайтын қазылар алқасының төрағасы мен мүшелерін Ұлттық құндылықтар академиясы тағайындайды.
4.4 Байқауды ұйымдастыру, өткізу және жеңімпазарды марапаттау «Ұлттық құндылықтар академиясы» есебінен жүргізіледі.
4.5 Байқаудың қорытындылары бойынша «Ұлттық құндылықтар академиясы» Оқу-ағарту министрлігіне ақпарат және өз ұсыныстарын жолдайды.