Қосымша-1 Орталық Азия халықтарының негізгі материалдық мәдениет жетістіктері



Дата26.10.2022
өлшемі16,83 Kb.
#45354
Байланысты:
материалдық мәдениет10 сынып Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі


«Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі» тақырыбына дидактикалық материал

Қосымша-1
Орталық Азия халықтарының негізгі материалдық мәдениет жетістіктері
- Табиғи ортаның жағдайларына сәйкес көшпелі шаруашылықтың қалыптасуы (көшпелі мал шаруашылығы);
- Көшпелі өмір салтына икемді баспана түрі – киіз үйдің пайда болуы;
- Көшпелілердің үзеңгі мен ер-тоқымды ойлап табуы;
- Ежелгі заманнан бері металлургияның қарқынды дамуы (Жезқазғанда, Саразмда (Тәжікстан жерінде);
- Кейбір жануарларды қолға үйрету (Солтүстік және Орталық Қазақстанда - жылқы, Түрікменстанда - екі өркешті бактриялық түйе);
- Күрделі шаруашылық-ирригациялық жүйенің қалыптасуы;
- монументалды құрылыстарды жүзеге асыру (қалалар, кесенелер, қорғандар, зәулім сарайлар);
- Қолөнер өндірісінің жоғары деңгейі. Орталық Азия халықтарының киіз, метал өңдеу (шойын, темір, қоладан жасалған бұйымдар мен құралдар), керамикалық өндірісі , тоқымашылық (көшпелілердің алаша тоқуы, түрікмендердің кілем тоқуы), зергерлік, кестелеу, ағаш өңдеу мен тері илеу өнерінің үлгілері жоғары сапасымен ерекшеленді.
- Үй жануарларының селекциясы (көшпелілердің арғымақтары, тазылары мен төбеттері).
Мәтін
Әр халықтың өзіне тән қайталанбас рухани мәдениеті, дүниесі болатыны анық. Орта Азияны мекендеген түркі халықтарының мәдениеті бір бірімен біте қайнасқан. Ол өзінің сағасын ерте заманнан алады. Батырлар жыры, ертегілер, қисса - дастандар және т.б. Керек десеңіз бір батыр жыры бірнеше халықта сол атпен жырланады. Мысалы, "Алпамыс" жыры қазақтарды, өзбектерде, қарақалпақтарда бар. Ноғайлы халқының "Қырық батыры" жырын қазақ халқы да жыр еткен. ХІХ ғасырда Мұрын жыраудың баласы Мұрат жырау ноғайлының осы дастанын алты ай бойы жырлапты деген әңгіме бар. Халық жырларындағы Қобыланды, Едіге, Ертарған, Алпамыс сияқты батырлардың бейнесі арқылы патриоттық сезім, тәрбие берілген. Жалпы түркі халықтарында бұл сезім айрықша күшті. Әйтпесе сонша уақыт бойы олар Отаны Орталық Азияны сақтап ұрпаққа қалдырмас еді. Мақал - мәтелдердің де қолдану аясы кең. Ауыз екі сөйлегенде мақалды қосып айтпаған адам кемде - кем болған шығар. Ол айтқан сөзге ерекше мән беріп, мағыналы еткен. Олардың жазуы да ертеден - ақ пайда болған. Кейбір ғалымдардың пікірінше, шумерлердің жазуы түрктердің жазуы негізінде пайда болған деген тұжырым бар. Түркі бабаларымыздың бізге қалдырған асыл мұраларының бірі- Орхон - Енесей жазуы, яғни Күлтегін жазуы. Ортағасырда түрктердің рухани мәденеиеті жаңа сатыға көтерілді,. Олардың жазуы араб жазуымен алмасты. Осы кезеңде өмір сүрген ұлы дана - ғұламалар ғалымдар өз шығармаларын түрк, араб, парсы тілдерінде жазған. Орталық Азияның туды - пітті тұрғындары түрктер өз мәдениеті мен өркениеттің ірге тасын қалап, дүгие жүзі өркениеттің дамуына өз үлестерін қосқан. Солл кезде Испиджаб, Тараз, Түркістан, Фараб, Мерке қалаларында 50 астам ғұлама өмірге келгені анықталды.
Орта ғасырда дамыған мәдениет, ғылым тарихтың жаңа кезеңінеде өз жалғасын тапты. Алайда қарақандар тұсындағы мәдениет дәрежесі анағұрлым төмендеді. Себебі, Орталық Азия халықтары өзара еншісін алып бөлініп кеткен. Солай болғанада үлкен мәдениет ықпалы жойылды деуге болмайды. Жаңа кезеңдеде көптеген ғұламалар келді. Ұлықбек, Науай, Мақтұмқұлұлы, Рудаки, Абай және т.б. Жергілікті тұрғындардың балалары сауат ашып, кейіннен оқуын жоғары діни оқу орнында жалғасытырған. Нәтижесінде арабша хат таныған адамдар көп болған. Араб жазуында жазушылар өз еңбектерін жазған. ХІХ ғ аяғында Орталық Азия мектебі және молдасы болмаған ауыл болмаған. Ресей отаршылдығын жүргізу мақсатымен жергілікте жердерде кадр дайындау мақсатымен оқу орыс тілінде жүргізілген. Ресей үкіметі Ислам дінімен күрес жүргізгенімен, оны жоя алмады. ХХ ғасырдың бас кезінде жаңадан орнаған Кеңес Үкіметі ішкі - сыртқы саясатын 70 жылдан астам уақыт бойы жүргізіп келді. Бұл өкімет мақсаты социалистік қоғам құрып, коммунистік идеяға негізделіп жаңа ғылым негізінде құрук керек деген мақсат болды. 1991 жылы кеңес Одағы құлап нәтижесінде Орталық Азияның елдері тәуессіздігін алып, дамушы елдердің қатарында.
http://mylektsii.ru/6-64150.html

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет