Қосымша ісік алды ауруды анықтауда дәрігердің тактикасы қандай?


«Тері рагы» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары



бет17/23
Дата19.12.2023
өлшемі388 Kb.
#140907
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Онко Корректированный

«Тері рагы» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары


1. Терінің рак алды ауруларына қайсысы жатпайды:
А. пигментті ксеродерма
Б. сәулелік кеш жара
В. пигментті невус+
Г. Боуэн ауруы
Д. Педжет ауруы
2. Тері рагының клиникалық белгілеріне қайсысы жатпайды:
А. терідегі жазылмайтын жара
Б. жараның айналасындағы тығыз білікше
В. жараның түбіндегі жаңарып тұратын қабыршақ
Г. дене қызуының көтерілуі+
Д. жараның сулануы
3. Терінің рак алды ауруларының ең тиімді емдеу әдісі:
А. қабынуға қарсы ем
Б. физиотерапия
В. криодеструкция немесе хирургиялық жолмен алып тастау+
Г. май жағып таңу
Д. сәулелік ем
4. Тері рагының диагнозын анықтау үшін қандай әдіс қолданылмайды:
А. Р32 радиоизотопты зерттеу
Б. патология ошағы аймағының және регионарлы аймақтардың пальпациясы
В. жара бетінен жанастырып алынған жұғындыны цитологиялық зерттеу
Г. биоптатты гистологиялық зерттеу
Д. Татаринов-Абелев реакциясы+
5. Беттегі І сатылы тері рагы кезінде қандай ем қажет:
А. хирургиялық
Б. жақынфокусты рентгенотерапия+
В. химиотерапия
Г. кешенді ем
Д. біріктірілген ем
6. Науқастың терісінде жергілікті май жағап емдеуге қарамастан, 2 айдан астам уақыт жазылмай келе жатқан жара бар. Сіздің амалыңыз?
А. май жағып емдеуді жалғастыру
Б. физиотерапия өткізу
В. криодеструкция жасау
Г. эксцизиялық биопсия және гистологиялық зерттеу+
Д. хирургиялық жолмен алып тастау
7. Тері рагының пайда болуына жағдай жасайтын факторларға жатпайды:
А. ультракүлгін сәулелер
Б. рентген сәулелері
В. жиі суға түсу+
Г. күйіктен кейінгі тыртықтар
Д. қызыл ноқтадан кейінгі тыртықтар
8. Тері рагының гистологиялық түрінің қайсысы метастаз бермейді:
А. жалпақ жасушалы мүйізденетін
Б. жалпақ жасушалы мүйізденбейтін
В. базальды жасушалы+
Г. тері қосалқыларынан туындаған
Д. пісіп жетілмеген
9. Науқастың дене терісінде базальды жасушалы сатыдағы тері рагы анықталған болса, қандай амал таңдайсыз:
А. динамикалық бақылау
Б. физиотерапия
В. хирургиялық жолмен алып тастау+
Г. полихимиотерапия
Д. май жағып таңу
10. Аяқтағы жалпақ жасушалы тері рагын хирургиялық жолмен емдегеннен кейін жарты жылдан соң шап аймағындағы лимфа түйіндерінде қозғалмалы метастаз пайда болды, қандай амалды таңдайсыз?
А. сәулелік ем
Б. полихимиотерапия
В. Крайль операциясы
Г. Микулич операциясы
Д. Дюкен операциясы+
11. Тері рагының басты орналасатын жері:
А. бет+
Б. қол ұштары
В. аяқ ұштары
Г. дене
Д. аяқ-қол
12. Тері рагына қай белгілер тәән емес:
А. біртіндеп үдеу
Б. түймешек тәрізді түзілістің ортасында ойық пайда болуы
В. тері жарасын 3 апта емдеудің нәтиже бермеуі
Г. жара айналасында биіктеген білікше
Д. бір апта бұрын пайда болған домалақ папула+
13. Берілген сипаттама терінің қандай ісік алды ауруына қатысты: сүт безі ареоласының маңайында орналасатын, беті қабыршақпен қапталған экзематозды теріге ұқсас?
А. босанғаннан кейінгі емізіктің эрозиясы
Б. себореялы кератоакантома
В. кәрілік кератома
Г. Педжет ауруы+
Д. Кейр эритроплазиясы
14. Науқаста самай аймағының терісіндегі диаметрі 1,5 см базалиома. Оған қандай ем жүргізген жөн?
А. жақынфокусты рентгенотерапия
Б. криогенді деструкция
В. хирургиялық жолмен алып тастау
Г. аталғанның барлығы
Д. А мен Б жауаптары дұрыс+
15. Науқаста арқа терісінің күйіктен кейінгі тыртықты өзгерістері үстіндегі диаметрі шамамен 2,5 см мүйізделмеген жалпақ жасушалы рагы. Оған қандай ем жүргізген жөн?
А. лазерлі деструкция
Б. хирургиялық жолмен алып тастау+
В. дистанциялы гамматерапия
Г. бетатронмен сәулелендіру
Д. жақынфокусты рентгенотерапия
16. Науқаста балтыр терісінің ІІІ б сатысындағы рагы. Оған көрстеілген:
А. дистанциялы гамматерапия
Б. жақынфокусты рентгенотерапия
В. жақынфокусты рентгенотерапия+Дюкен операциясы мен ауқымды кесіп алып тастау+
Г. ауқымды кесіп алып тастау+ Дюкен операциясы
Д. барлық әдіс тиімді
17. Тері рагына қандай клиникалық белгілер тән:
1. жараның түбіндегі жаңарып тұратын қабыршақ
2. терінің ойылуы
3. жараның айналасындағы тығыз білікше
4. ауыру сезімі
5. жергілікті және жалпы температураның жоғарылауы
А. 1,2,3+
Б. 1,3
В. 2,4
Г. тек қана 4
Д. аталғанның барлығы
18. Науқастың терісінде жергілікті май жағап емдеуге қарамастан, 2 айдан астам уақыт жазылмай келе жатқан жара бар. Сіздің амалыңыз?
1. жанастырып алынған жұғындыны цитологиялық зерттеу
2. антибактериалды ем тағайындау
3. эксцизиялық биопсия жасау
4. жараны хирургиялық жолмен алып тастау
5. физиотерапия өткізу
А. 1,2,3
Б. 1,3+
В. 2,4
Г. тек қана 4
Д. аталғанның барлығы
19. Тері рагын емдеудің болжамын анықтауда қандай көрсеткіштер шешуші болып табылады:
1. морфологиялық түрі
2. орналасуы
3. аурудың сатысы
4. жасы
5. жынысы
А. 1,2,3
Б. 1,3+
В. 2,4
Г. тек қана 4
Д. аталғанның барлығы
20. Базалиома ұзаққа созылғанда қандай асқынулар дамиды:
1. жараға инфекция түсуі
2. астында жатқан шеміршектердің, сүйектердің бұзылуы
3. жақын жатқан қуыстарға өсуі
4. алыс мүшелерге гематогендік метастаз беруі
5. аймақтық лимфа түйіндеріне метастаздау
А. 1,2,3+
Б. 1,3
В. 2,4
Г. тек қана 4
Д. аталғанның барлығы

21. Тері рагына күдіктенгенде міндетті түрде қандай зерттеу өткізу қажет:


1. иммуногистохимиялық


2. гистологиялық
3. қанды онкомаркерлерге тексеру
4. метастаздарды анықтау үшін өкпе рентгенографиясы
5. цитологиялық

А. 4,5
Б. 1,3


В. 2,3
Г. 2,5+
Д. 1,2

22. Зақымданған тері аймағында ісік жасушаларының бар екендігі қандай жолмен дәлелденеді:


1. тері арқылы трансторакальды пункция


2. антигенге иммуногистохимиялық анализ
3. терінің зақымданған жерінен қырынды алу
4. жанастырып жағынды алу
5. эксцизиялық биопсия

А. 1,2,3
Б. 3,4,5+


В. 2,4
Г. 1,5
Д. 2,5

23. Тері рагының дамуына қандай факторлар ықпал етеді


1. гормональды бұзылыстар


2. күйіктен кейінгі трофикалық жаралар
3. күн инсоляциясы
4. маскүнемдік
5. жиі механикалық жарақаттар

А. 4,5
Б. 1,2,4


В. 2,3,5+
Г. 1,2
Д. 1,4,5


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет