Қосымша материалдар, қалдықтар. Жалпы технология бұл табиғи ресурстарды адам өміріне пайдалануға қажетті өнімдерге дейін өңдеудің тиімді жолдары. «Технология»



Pdf көрінісі
бет26/44
Дата28.03.2023
өлшемі1,26 Mb.
#76777
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Байланысты:
ОХТ ОТВЕТЫ

CO + 2H2 - CH3OH + 111 кДж 
Егер қысым оптималды қысымнан төмен, ал температура жоғары болса, онда 
қосымша реакциялардың жүруі ықтимал:
CO + H2 CH2O + 8.4 кДж (1) 
CO + 3H2 CH4 + H2O + 209 кДж (2) 
2CO + 2H2 CH4 + CO2 + 252 кДж (3) 
2CO CO2 + C (4) 
2CH3-OH CH3- O- CH3 + H2O (5) 
CH3-OH+ nCO+2nH2 CH3(CH2)n OH + nH2O (6) 
CH3-OH+ H2 CH4 + H2O (7) 
Түзілген жанама қосылыстардың мөлшері температураға, қысымға, алғашқы 
газ қоспасының құрамына, катализатордың талғампаздығына байланысты. Ең 
маңызды қоспа метан болып саналады. Көрсетілген (1-7) үрдістермен 
салыстырғанда, метанолды синтездеу үрдісі көлемнің максималды азаюымен 
жүреді. Сондықтан Ле-Шателье принципі бойынша қысымды көтеру тепе-
теңдікті метил спирті түзілетін жаққа қарай ығыстырады. үрдіс экзотермиялық 
болғандықтан температураны жоғарылату тепе-теңдікті солға қарай 
ығыстырады, синтез газдың метанолға айналу дәрежесі төмендейді. Сонымен 
қатар температураны жоғарылатпаса, үрдістің жылдамдығы азаяды. 
Сондықтан өндірісте температураның ауытқуы 20-300С-тан аспауы керек. 
Тазартылған бастапқы газ қоспасы компрессор арқылы (1) 25МПа қысыммен 
қысылып, араластырғышқа (2) қайта айналып келген газ қоспасымен 
араласып, (3) сүзгіштен өтіп майдан тазартылады. Одан кейін жылу алмасу 
аппаратында (4) 2200С температураға дейін реакциядан бөлінген жылумен 
қызады, осы температурада газ синтез колоннасына жіберіледі (Н = 12-18м 
ішкі диаметрі – 0,8-1,2 м және қабырға қалыңдығы 0,09-0,1м). Қажетті 


температура реакция жылуымен сақталады. Егер температураны төмендету 
қажет болса, колоннаға төменнен салқын газ енгізеді. Синтез колоннасынан 
шыққан газ жылуын жылу алмастырғыштағы газ қоспасына беріп, суытқыш 
конденсатор арқылы өтіп, (8) сеператорға келіп, 96%-ды шикі спирт бөлініп 
алынады. Ал реакцияға түспеген газ қоспасы компрессорда (5) керекті 
қысымға дейін қысылып араластырғышқа (2) жіберіледі. Метил спирті шикі 
спирт жинағышқа (9) құйылады. Қайта айналатын газ қоспасының құрамында 
(метан, азот, көміртек (IV) оксиді және т.б.) қосымша үрдістердің өнімдері көп 
мөлшерде 
жиналатындықтан, 
оқтын-оқтынқайта 
айналатын 
газдың 
бірсыпырасын өртеп, қалғанын жаңартады. 1т метил спиртін алуға шамамен, 
700 м3 СО және 1400-2000 м3 Н2 жұмсалады. 1м3 синтез газдан шамамен, 400 
г метил спирті алынады, яғни шығым теория бойынша есептелгеннен 84-87%. 
Синтез кезінде көміртек (II) оксиді колонна қабырғасымен әрекеттесіп, темір 
пентакарбонилін Fe(CO)5 түзеді, ол катализатор бетін қаптап метан түзілетін 
қосымша үрдісті күшейтеді. Сондықтан оралатын газды активті көмірмен 
тазартады, колонна қабырғасын легирленген болаттан дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет