Қосымша материалдар, қалдықтар. Жалпы технология бұл табиғи ресурстарды адам өміріне пайдалануға қажетті өнімдерге дейін өңдеудің тиімді жолдары. «Технология»


Этил спиртін алудың өнеркәсіптік әдістері. Этанолдың медицинада



Pdf көрінісі
бет28/44
Дата28.03.2023
өлшемі1,26 Mb.
#76777
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44
Байланысты:
ОХТ ОТВЕТЫ

22. Этил спиртін алудың өнеркәсіптік әдістері. Этанолдың медицинада 
қолданылуы.
Органикалық өнімдердің ішіндегі ең көп өндірілетіні – этил спирті. Этанол – 
өзіне тән иісі бар, түссіз сұйықтық. Этил спирті (этанол)-78,30C-та қайнайды. 
Ауамен (30% С2Н5ОН бу күйінде) араласқанда қопарылғыш қоспаға 
айналады. Суда жақсы ериді және онымен 95,6 % С2Н5ОН азеотропты қоспа 
түзеді. 
Этил спиртін өндіру. Бұрын этил спиртін ағашты гидролиздеу арқылы және 
тамақтық шикізаттан алатын, ал қазіргі кезде этил спиртін синтетикалық 
жолмен: тікелей гидраттау және жанама (этиленді күкірт қышқылының 
қатысуымен гидраттау) сияқты екі әдіспен алады: 
Тікелей 
гидраттау. 
Жалпы 
алғанда 
қанықпаған 
көмірсутектерді 
гидраттағанда бір атомды спирттер түзіледі. 
В. В. Марковников ережесі бойныша: гидраттау үрдісінде сутек атомы ең 
көп гидрогендеген, ал гидроксил ең аз гидрогенденген көміртек атомына 
қосылады. Сондықтан этиленнен басқа олефиндер екінші ретті немесе үшінші 
ретті спирттер түзіледі: 


Этилен гидратацияланғанда бір атомды этил спиртін алуға болады: 
Тікелей гидраттау – катализатор қатысымен этиленмен судың тура 
қосылуына негізделген. Катализатор ретінде фосфор қышқылымен оның 
тұздары, күкірт қышқылы, алюминий оксиді, вольфрам, кейбір органикалық 
қосылыстар және т.б пайдаланылады. 
Гидратация жылдамдығы олефиндердің құрылысына және көміртек тізбегінің 
ұзындығына байланысты. Тармақталған көміртек тізбекті олефиндердің 
гидраттау жылдамдығы жоғары болады. Олефиндердің көміртек тізбегі қысқа 
болған сайын гидраттау үрдісі қиын жүреді. Этиленді гидраттау қайтымды 
және жылу бөліп жүретін үрдіс. Бұл үрдіс бу және сұйық фазада өтеді: 
Ле-Шателье принципі бойынша спирттің шығымы қысымның артуымен, 
температураның төмендеуімен артады. 
Этиленді тікелей гидраттау үрдісі 280-3000С температурада, 7-8МПа қысымда 
және катализатор ретінде ортофосфор қышқылы сіңірілген алюмосиликаттың
қатысуымен жүреді. Этанол шығымына H2O:С2Н4 моль қатынастары, 
контакт уақыты, көлемдік жылдамдық әсер етеді. 
Оптималды параметрлер: H2O:С2Н4 = 0,6:1; газ-бу қоспасының көлемдік 
жылдамдығы 1800-2500 сағ-1. Бір циклдегі этиленнің конверсиялану дәрежесі 
4-5%-дан аспайды. Сондықтан үдерісті циклді технологиялық сызбанұсқамен 
жүргізеді (1-сурет). Реакцияға түспеген этилен циклге қайта жіберіледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет