Основы имиджеологии на примере Первого Президента


Екінші сыр:  Сырт көз – сыншы



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#7897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Екінші сыр: 
Сырт көз – сыншы 
Ұлылар ұлтқа бөлінбейді. Сол ұлтқа бөлмейтін ұлылардың бірі – Сергей 
Владимирович Михалков 1999 жылы Мәскеуде шығармашылық кеш өткізген 
мені отбасыммен үйіне шақырып, ұзақ әңгіме-дүкен құрдық. Сонда сол ұлы 
суреткер айтқан: «Мен қазақтармен құдамын. Бұл – бір. Екінші – Нұрсұлтан 
Әбішұлын  жақсы  көремін.  Ол  данышпан.  Құдай  өзі  қалаған  саясаткер. 
Назарбаевтай Президенті бар ел  – бақытты», деген сөз көкейіме қона кетті. 
Сол  С.В.  Михалковтың  2008  жылы,  наурыз  айының  13-жұлдызында  Мәс-
кеудің  Үлкен  театрында  өткен  95  жасқа  толған  мерейтойында  алыс-жақын 
шетелдерден келген талай жақсы мен жайсаңның Нұрекең жайлы аса жоғары 

 
71 
бағасын  есту  көңілді  көкке  көтеріп  еді.  Әсіресе,  көрнекті  мемлекет  қайрат-
кері  Геннадий  Зюганов  айтқан:  «Назарбаев  –  кемел  ойлы  кемеңгер.  Ол  – 
алдына  қиын  асу,  ұлы  міндеттер  қойып,  соны  жүзеге  асыра  алатын  аса  та-
лантты саясаткер» деген сөз жадымда жаттаулы. 
Жаңа  –  ХХІ  ғасырдың  басында  Мәскеуде  өткен  ТМД  елдерінің 
шығармашылық және ғылыми бірінші форумына қатысқанда Мәскеу университеті-
нің  ректоры  Виктор  Садовничий,  академик  Феликс  Кузнецов,  «Литературная 
газетаның»  бас  редакторы  Юрий  Поляков,  Украина  Ғылым  академиясының 
президенті,  әлемге  әйгілі  ғалым  Б.Патон,  т.б.  талай  тарландардың  Елбасымыз 
жайлы  іштен  шыққан  ішті  сөздерін  естіп,  тағы  бір  марқайып  қалып  ек.  Мұндай 
нақты деректер көп-ақ. Оның бәрін тізе берсек, сөз ұзай береді. 
 Екінші жыр: 
Абыз аға, аңыз адам аманаты 
Көзі  тірісінде-ақ  аты  аңызға  айналған  абыздары  да  бар  қазақтың. 
Солардың  бірі  –  өмірдің  ащысын  да,  тұшысын  да  бір  кісідей  татқан  менің 
қаламдас  досым,  қазақтың  классик  жазушысы,  халық  Әзағаң  атап  кеткен 
Әзілхан  Нұршайықов.  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  атты  бір  романы 
қырық  жыл  бойы  оқушының  қолынан  түспей,  сан  ұрпаққа  рухани  азық 
болған,  сол  қырық  жылдың  жүзінде  он  төрт  рет  қайта  басылған 
Нұршайықовтай жазушы сирек. 
Соңғы 20 жыл бойы бір-бірімізден сыр жасырмас сырлас, мұңдас болған 
Әзағам  90-ға  қараған  жасында  пәниден  бақиға  аттанып  кете  барды.  Қайтыс 
боларынан  оншақты  күн  бұрын  маған  телефон  шалып,  Президентпен 
кездесуге  баратынын  айтып,  сол  кездесуде  сөйлейтін  сөзін  факс  арқылы 
жіберіп  еді.  Алайда,  денсаулығы  сыр  беріп  сөйлей  алмапты.  Ол  үлкен 
әріптермен терілген бар болғаны екі беттік қана сөз болатын. Әлі еш жерде 
жарияланбаған әрі қысқа, әрі нұсқа сол сөз абыз аға, аңыз адамның соңында 
уақытша қалып тұрған біздерге айтқан аманаты тәрізді көрінеді де тұрады. 
Түйін: 
Абыз  ақсақал  Бәйкен  Әшімов  осы  газетке  берген  соңғы  сұхбатында 
айтқан бір сөз қалам ұшына оралып тұр: «Елдің тізгіні Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаевтың  қолында  барынша  ұзақ  болуы  үшін  қолда  бар  мүмкіндіктің 
бәрін де жасауымыз керек». 
Ел  бағына  туған  ер  жасай  берсін;  туған  халқын,  тұғыры  биік  Елін 
бақытқа бастай берсін! 
Алла өзі жар болсын, 
Бақыт әр кез пар болсын! 

 
72 
 
 
 
НАЗАРБАЕВТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ 
 
Дархан Кәлетаев, 
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат 
қорының басқарушы директоры, «Нұр 
Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі 
 
            Егемен Қазақстан, 6 сәуір
 
2011ж. 
 
 4  сәуір  күні  біз  басқа  адам  боп  ояндық.  Біз  өз  тағдырымыздың  бір-
бірімізге  қаншалықты  байланысты  екенін,  бір-бірімізге  қаншалықты  жақын 
екенімізді сезіндік. Бейбіт өмір мен берекелі, бақуатты тірліктің қаншалықты 
бағалы,  қымбат  екенін  түйсіндік.  Біз  сол  үшін  дауыс  бердік.  Нұрсұлтан 
Әбішұлы  Назарбаевтың  жеңісі  –  саяси  мәдениеті,  парасаты  биік  туған 
халқымыздың  жеңісі  болды.  Орталық  сайлау  комиссиясының  алдын  ала 
мәліметтері  жария  болған  кезде  сайлауда  өз  қалауын  білдірген  әрбір 
азаматтың осындай көңіл-күйде болғанына мен күмәнсіз сенемін. 
Осыдан тура жиырма жыл бұрын халықтың тағдырын тәлкекке айналды-
рып,  тәуелсіздіктің  болашағын  оққа  байлайтын  революциялық  жолды  емес, 
үздіксіз  даму  мен  өркендеуге  бастайтын  эволюциялық  жолды  қапысыз 
таңдаған Қазақстан өз таңдауының ақиқаттығына, дұрыстығына тағы да көз 
жеткізді. Әлемнің көзін жеткізді. 
Мұның  бастауында  не  жатыр?  «Әрдайым  жолдың  ауырын  таңда,  ол 
жолда  қарсылас  таппайсың»,  деген  екен  Францияның  сүйікті  ұлы,  генерал 
Шарль де Голль. Нұрсұлтан Назарбаев жолдың ауырын, ауыр да болса әділет 
жолын таңдады. 
Көпшіліктің  есінде  болар,  кезектен  тыс  сайлау  өткізердің  алдында 
Елбасы  халықтың  талабынан  ауытқымайтынын,  бірақ  талаптың  да 
демократиялық үрдістен ауытқымауы керектігін қадап айтты. Ол өзіне деген 
халықтың  шексіз  сенімін  үнемі  саяси,  әлеуметтік,  экономикалық 
модернизацияның, жаңарудың, дамудың кепіліне айналдырып келеді. 
Бір мысал. 1997 жылғы қазан айында, Қазақстан халқына Жолдауында, 
Президент  Н.Ә.  Назарбаев:  «…Қазақстан  33  жылдан  кейін  қандай  болады? 
Біздің  жас  мемлекетіміз  есейіп,  етек-жеңін  жияды,  біздің  балаларымыз  бен 
немерелеріміз осы мемлекетпен бірге ержетеді. Олар білімі озық, денсаулығы 
түзік, өз буынының жауапкершілігі мол, қайратты өкілдері боп өседі. 
Олар  ата-бабаларының  салт-дәстүрін  көзінің  қарашығындай  сақтай 
отырып,  қазіргі  заманғы  нарықтық  экономика  жағдайында  жұмыс  істеуге 
бейім әрі дайын болады. Олар қазақ тілін де, орыс тілін де, ағылшын тілін де 
еркін  меңгереді.  Олар  дүние  жүзіне  танымал,  беделді,  бейбітсүйгіш, 
гүлденген, қарышты дамыған елдің патриоттары болады» деген еді. 
Мемлекет  басшысының  осыдан  он  шақты  жыл  бұрын  айтқан  сөздері 
бүгін әркімге жақын әрі таныс жайттай көрінетіні анық. Неге? Себебі біреу-

 
73 
ақ – Елбасының, еліміздің сол кездегі арман-мақсаты отыз үш жыл емес, он 
үш жылдың өзінде-ақ іс жүзіне асып, өз үдесінен шығып отыр. 
Нұрсұлтан Әбішұлы осы өміршең мұраттың орындалуы жайлы биылғы 
жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жол-
дауында да ерекше толғаныспен айтты. Бұл заңды да. Заңды болатыны, осы 
орасан жетістіктерге Президент айтқандай «әр күні аптаға, әр аптасы жылға 
баланатын»  тарихи  уақыт  пен  орасан  зор  қажыр-қайрат  пен  еңбектің 
арқасында жеттік. 
Жеткеніміз  көп,  жетпегеніміз  одан  да  көп.  Байқасаңыз,  бүгінгі  әлем  де 
қысқа  күнде  қырық  құбылып  жатыр.  Қазақстан  да  осыдан  жиырма  жыл 
бұрынғы немесе он жыл бұрынғы Қазақстан емес. Еліміз сапалық тұрғыдан 
да, сандық тұрғыдан да әлденеше мәрте өсті, өзгерді. Бұдан былай да біздің 
ұлтымыздың  аласапыран  әлемде  өмір  сүруінің  жалғыз  кепілі  модернизация 
болмақ. 
Міне, дәл осы мәселе төңірегінде біз бас ауыртатын сұрақтар аз болмаса 
керек.  Ол  сұрақтарды  өмірдің  өзі  қойып  отыр.  Біз  Елбасының,  елдің  ерік-
жігерінің  арқасында  қол  жеткізген  табыстарымыздың  қадір-қасиетін  сезіне 
алдық  па?  Біздің  ой-санамыз,  қабілетіміз  мемлекеттің  қарышты  даму 
форматына сәйкес келе ме? 
«Модернизация  қалай  жүзеге  асырылады?  Оның  негізгі  локомотивтік 
күштері  қандай  болады?»  деген  сұрақтардың  өзіне  жауап  табу  оңай  іс  емес. 
Бәрібір, жауап беру керек. Және жауапты саяси, интеллектуалдық, мәдени элита 
ғана емес, бүкіл қоғам болып беруіміз керек. 
Әрине,  біз  «модернизация»  ұғымын  классикалық  үлгідегі,  батыстық 
түсініктен  көшіре  салмауға  тиіспіз.  Ондай  ойсыз  қадам  Қазақстан  үшін  әрі 
орынсыз,  әрі  қатерлі  болар  еді.  «Қазақстандық  модернизация»  дегенде,  бұл 
жаңарудың  жоғарыда  айтқан  еуропалық  үлгіге  ұқсайтын  да,  ұқсамайтын  да 
жақтары болатынын түсінуіміз керек. 
Қазақстан  өзінің  мыңжылдық  тарихы,  салт-дәстүрі,  мәдениеті  бар 
мемлекет.  Біздің  географиялық,  геосаяси  жағдайымыз  да  өзгелерден 
анағұрлым  бөлек.  Ал  бұған  отаршыл  езгіде  болған  уақыт  пен  коммунистік 
кезеңнен кейінгі аласапыран заманды қосыңыз. Біз тоғыз жолдың торабында 
жатқан,  өркениеттер  мен  мәдениеттердің,  Батыс  пен  Шығыс  әлемінің  тү-
йіскен жеріміз. Және Қазақстанды бір жақты не Батысқа да, не Шығысқа да 
тели  алмайсыз.  Сондықтан  аз  ғана  уақыттың  ішінде  осындай  мемлекеттен 
барлығын және бір мезгілде талап ету – қисынсыз іс. 
Атты-көшпенді өркениеті келмеске кеткен соң біздің әлеуметтік-мәдени, 
әлеуметтік-экономикалық  түсінігіміз  бен  өмір  сүру  философиямыз  да  кілт 
өзгерді.  Одан  кейін  «советтік  форматтың»  қамытын  кидік  және  одан  енді 
ғана,  әупірімдеп  шығып  жатырмыз.  Осының  бәрі,  жоғарыда  айтқандай, 
Қазақстандағы  модернизациялық  өзгерістерді  асығыс,  үстірт  жасауға  бол-
майтынын көрсетеді. 
Айтпай  кетуге  болмас,  Қазақстандағы  бірізді,  стратегиялық  жағынан 
орнықты модернизацияны іске асыруда Назарбаев өз басын қатерге тіксе де, 
мемлекеттің  болашағын,  ел  мен  ұлттың  бүтіндігін  ешқашан  бәске  тіккен 

 
74 
емес.  Кейде  ойлайсың,  егер  дүрбелеңі  мол  90-жылдары  жас,  тәуелсіз 
мемлекеттің  басында  басқа  адам  тұрса  не  болар  еді?  Ойлауға  да 
қорқынышты.  «Кеңестік  шинельден»  шыққан  республикалардың  мысалы 
ондайды ойлатпайды да. 
Әлбетте, модернизация заңмен, жарғымен шешіле салатын жоба емес екенін 
бәріміз  түсінеміз.  Аспаннан  түспейді,  жерден  өспейді.  Жаңару  мен  жаңғыру  – 
өлшеусіз  еңбекпен,  маңдайтермен  келетін  сый.  Процесс  тек  жоғары  жақтан 
басталмауы  керек.  Миллиондаған  қарапайым  адамдардың  сапалық,  сандық 
өсуінен, өзгеруінен басталуы қажет. 
Сан  жылдар  бойы  қалыптасқан,  қатып  қалған  ғұрыпты,  әдетті,  тәртіпті 
бір  күннің  ішінде бұзу  мүмкін  емес.  Бірақ  жаңарғысы,  жаңғырғысы  келетін 
ағзаға соның бәрін бұзуға тура келеді. Өйткені, кез келген қоғам, қоғамдағы 
түрлі  саяси  күштер  түйсігімен  болса  да  жаңа  реформаларға  қарсылық 
танытады. Ең алдымен осы тұйыққа тірейтін қарсылықты еңсеру қажет. 
Мұны  қайтіп  еңсереміз?  Ол  үшін  биліктің  де,  қоғамның  да,  қоғамдағы 
базбір  кертартпа  топтардың  да  басы  қосылуы  тиіс.  Ел  мен  мемлекеттің 
болашағын ашық, боямасыз, еркін талқылау үшін. Әрине, бұл жерде барлық 
қазақстандықты  бір  партияға  кіргізу  немесе  бір  тудың  астына  жию  деген 
әңгіме  жоқ.  Мақсат  пен  мұрат  одан  да  орасан,  зор.  Мақсат  –  жаңару 
жолындағы ізгі істерді баршамызға темірқазық ету. 
Осы ретте,  мен  алдымен  мемлекеттік қызметкерлердің  психологиясына 
«модернизация» керек дер едім. Мемлекеттік аппараттың инерциялық көңіл-
күйін өзгерту қажет. Жоғарыдағы, төмендегі «науқан үшін науқан» жасағысы 
келетіндердің, жеңілдің астымен, ауырдың үстімен атүсті нәтиже шығарғысы 
келетіндердің аптығын басқан абзал. 
Кез келген қоғамдық пікірді, зерттеуді, өлшемді алыңызшы, Нұрсұлтан 
Назарбаевты  елі  арқа  тұтады.  Бірақ  Президентке  сенім  мен  партияға, 
үкіметке,  әкімдерге  сенімнің  арасында  айырмашылық  көп.  Өкінішке  қарай, 
бұл  жәйт  бір-бірімен  байланысты  да.  Қай-қайсы  лауазым  иесінің  заңсыз, 
жөнсіз  іс-әрекеті  жоғарыдағы  сенімге  нұқсан  келтіреді.  Осыны  естен 
шығармаған  жөн.  Ұлы  Абай  айтқандай  «Бас-басына  би  болған  өңкей 
қиқымның» кейпіне енуден сақтану керек. 
Билікте  жүргендердің  тағы  бір  қателігі  –  халықтың  Елбасыға  деген 
құрметі мен қолдауының есебінен «тасада», тыныш өмір сүре бергісі келетін 
сияқты.  Мұндай  әдеттен  арылатын  кез  жетті.  Мансабың  мен  міндетің  үшін 
Елбасының  алдында  да,  елдің  алдында  да  әркім,  әрдайым  жауап  беруге 
дайын болуы тиіс. 
Сонда  ғана  біз  жоғарыдағы  сұрақтардың  жауабын  табамыз.  Елбасының, 
елдің  ерік-жігерінің  арқасында  қол  жеткізген  табыстарымыздың  қадір-қасиетін 
сезінетін боламыз. Мемлекеттің қарышты дамуына ақ, адал үлесімізді қосамыз. 
Қарапайым  халықтың  мемлекеттік  қызметкерге,  шенеунікке  деген  көзқарасын 
оңды өзгерте аламыз. 
Президент  елдегі  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік  модернизацияны 
табысты  жүзеге  асырудың  барлық  алғышарттары  мен  мүмкіндіктерін  үнемі 
ұсынып  келеді.  Мемлекеттің  отыз  жылдық  даму  болашағын  дерлік,  жан-

 
75 
жақты  қамтыған  «Қазақстан-2030»  стратегиясы,  жақын  болашақтағы  ел 
дамуының 
нақты 
бағыттарын 
белгілеп 
беретін 
«Қазақстан-2020» 
бағдарламасы,  мемлекетті  бәсекелестікке  қабілетті  елдердің  алдыңғы 
шоғырына  шығаратын  Индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасы  – 
болашақтың «жол картасы». 
Сондықтан  бізге  арқаны  кеңге  салудың  жөні  жоқ.  Керісінше,  3  сәуір 
бізге  он  есе,  жүз  есе  жауапкершілік  пен  міндет  жүктеп  отыр.  Ол 
жауапкершілік  пен  міндетті  қоғам  мен  элитаның  басын  қосатын,  сенім 
радиусын кеңейтетін себепке айналдыру өз қолымызда. 
Президенттің кезектен тыс сайлауы біз үшін елдің ішіндегі жалпы көңіл-
күйді, аужайды тап басып тануға мүмкіндік берді. Бұл мүмкіндік жаңа идея-
ларды,  жаңа  кадрларды,  керек  десеңіз,  жаңа  драматургия  мен  динамиканы 
талап етеді. 
«Саясаткер  елдің  бағына  бітсе  –  мемлекет  берекелі,  бақуатты  тұрмыс 
кешеді.  Сорына  бітсе  –  соғыстан  көз  ашпайды»  дейтін  шығыс  тәмсілі  бар. 
Арыға  бармай-ақ  қоялық,  әлем  жиырма  жылдың  ішінде  осы  екі  мысалдың 
екеуін де алма-кезек өз басынан өткізумен келеді. Біздің бақытымызға орай, 
Қазақстан  екінші  мысал  туралы  тек  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы 
ғана оқып-біледі. 
Уақыт  пен  тарих  үшін  күрмеуге  келмейтін  қысқа  мерзімде 
осыншалықты ілгерілеу, осыншалықты өсіп-өркендеу екі мемлекеттің бірінің 
басына  бұйыра  бермейтін  бақ  екені  ақиқат.  Және  мұндай  бақытты  бағалау 
мен аялау, сақтау да екінің бірінің қолынан келе бермейді. Олай болса, біздің 
ендігі  шаруамыз  –  Қазақстан  Республикасының  Президенті,  Елбасы 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  ұсынған  модернизациялық  идеяның  төңі-
регіне топтасу ғана емес, сол игі бастаманың ұйытқысына, іске асырушысына 
айналу.  Жаңаруға,  жасампаздыққа  ұмтылған  халқымыздың  күн  тәртібі  де 
осы. 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
76 
 
 
 
ЕСТЕН КЕТПЕС ЖҮЗДЕСУЛЕР 
 
 
Илья Жақанов, 
композитор, өнер зерттеушісі 
             
Егемен Қазақстан, 8 сәуір
 
2011ж. 
 
Мен  Елбасымен  бірнеше  рет  жүздестім.  Сол  жүздесулерде  оның 
халық  әндерінің,  қазақ  композиторлары  әндерінің  шығу  тарихын, 
музыкасын жетік білетініне талай рет куә болдым. Сондай жүздесулерде 
өрбіген  әңгімелерді  қағазға  түсіріп  жүретінмін.  Бүгін  соларды 
ықшамдап, оқырманға ұсынғанды жөн көрдім. 
Бірінші жүздесу 
1993 жыл. Шуақты көктем. 
Бұл кез Қазақстан Тәуелсіздігінің екінші жылы болатын. Қиын жылдар. 
Сол дағдарысты мехнатқа қарамастан, Елбасы саясатын бір кісідей қолдаған 
халық, оның ішінде өнер қайраткерлері елдің рухын көтеруге жұмыла кірісіп 
жатты.  Сондай  күндердің  бірінде  Алматыдағы  Абай  атындағы  опера  және 
балет  театрында  Ақан  серінің  туғанына  150  жыл  толуына  арналған 
салтанатты жиын болды. Сол бір күндерде менің (ұзақ жылғы зерттеулерім) 
сценарийім  бойынша  “Ақан  сері  әндері”  атты  музыкалы-деректі  фильм 
түсіріліп  жатқан-ды.  Көкшетауды  шарлап,  Ақан  серінің  ел  ішінде  әлі  де 
болса ұмытылмаған  “Ақтотының  аужары”,  “Шырмауық”,  “Райхангүл”,  “Нә-
зікгүл”, 
“Жамал”, 
“Үштоты” 
секілді 
беймәлім  әндерін  тауып,  жан-жақты  на-
сихаттаған  едім.  Бүгінгі  концертте  осы 
әндер  тұңғыш  рет  орындалады.  Жүрегім 
соған толқулы. 
Біз,  бір  топ  өнер  қайраткерлері  – 
композиторлар, ақын-жазушылар, режиссер-
лер, киношылар, актерлер театр сахнасының 
қалтарысында 
тұрдық. 
Жиынның 
президиумына  отыратын  топ.  Бұл  сал-
танатқа 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев 
қатысуға  тиіс.  Міне,  Нұрекеңнің  келуін 
тағатсыздана  күтіп  тұрмыз.  Кенет  айдай 
жүзі жарқ етіп Нұрекең кіріп келе жатты. Ол 
бәрімізді  аялы  жанарымен  шолып  өтіп, 
ізетпен күлімсіреп, басын иді. Содан соң бә-

 
77 
рімізбен  қол  алысып  амандасты.  Жүзінен  шаршау  сезіледі.  Сол  шаршаулы 
реңінің өзінде де бір сәулелі шуақ бар. 
Мен сахнаның сол қанатында  рояльдың  қасында  тұр  едім.  Жұрттың ең 
соңынан  келіп  менің  қолымды  алды.  Саусақтары  салалы,  жұп-жұмсақ  екен. 
Сондай бір жанға жайлы жылылықты сездім. Нұрекең жымиып: 
– Жайлаукөлге барып тұрасыз ба? – деді. 
–  Иә,  барып  тұрамын,  Нұреке.  Биыл  қобыз  күйінің  атасы  Ықыласқа  да 
150  жыл.  Өзіңізге  мәлім,  бейіті  Жайлаукөлде.  Ол  жерде  күйшінің  өрен-
жараны  отыр.  Солардың  ортасында  “Ықылас”  атты  деректі  фильм  түсіріп 
жүрміз. 
–  Бәрекелді,  Ілеке,  жұмыстарыңыз  сәтті  болсын!  Тілектеспін!  Сіздің 
“Жайлаукөл  кештері”  әніңіз біздің жастық  шағымыздың  асқақ романтикасы 
болды  ғой.  Әндеріңізді  жақсы  білемін.  Айтамын  да.  Кейбіреуін  “Сол  өткен 
күндеріміздің  сырға  толы  сәулелі  белгісі  екен  ғой”  деп  аңсайтыным  бар,  – 
деп  тебірене  сөйлеген  Нұрекеңнің  осы  бір  сөзі  жүрегімдегі  сезім  пернесін 
күні-бүгінге дейін қозғайды да жүреді. 
Бұл – менің Президентпен тұңғыш кездесуім еді. 
Екінші жүздесу 
1996 жылдың 17 желтоқсаны. 
Таң  атқалы  бері  дым  бүркіп,  бұлттанып  тұрған  Алматы  аспаны  сәске 
кезінде  шайдай  ашылып,  жадырап  сала  берді.  Шығыстан  соққан  жел 
көкшулан  бұлттарды  лезде  батысқа  қарай  жылжытып  әкетті.  Алатаудың  ақ 
сеңгір шыңдары ап-анық көрінді. Алматы тұрғындары Республика алаңында 
Тәуелсіздік монументін тамашалап, қыдырып жүрді. 
Осы бір күндері Қазақстан халқы ел Тәуелсіздігінің бес жылдық торқалы 
тойын  тойлауға  кіріскен-ді.  Бұл  тойға  орай  бір  көшелі  жиын  Алматыдағы 
“Рахат-палас”  қонақ  үйінде  өтіп  жатты.  Қонақ  үйдің  шамдары  самаладай 
жарқыраған  сәулетті  залына  үш  жүзден  аса  қазақ  зиялылары,  өнер  қайрат-
керлері, бизнесмендер жиналған. Тәуелсіздік монументінің тұсаукесері! 
Бұл  тұсаукесерге  бізді  жинаған  осы  монументтің  авторы,  атақты  сәу-
летші  Шота  Уәлиханов  еді.  Бұл  оқиғаны  да  қаз-қалпында  айтып  көрейін: 
жиналған дүйім жұрттың ортасында Нұрсұлтан Әбішұлы мен оның жұбайы 
Сара Алпысқызы. Кіріспе сөзді бастаған Шота Тәуелсіздіктің асқақ символы 
осынау монументтің идеясы Президент тарапынан туғанын айтты. Басқа сөй-
леушілер де Нұрекеңнің атына жылы-жылы лебіздерін білдіріп жатты. 
Жұрттың  бәрі  жайдары.  Өздерін  еркін  ұстады.  Шампандар  атылып, 
рюмкелер  сыңғырлады.  Әндер  шырқалып,  шағын  оркестр  классикалық  му-
зыканы  ойнады  да  тұрды.  Кенет  осы  ду-дудың  бір  тұсында  Шота  ортаға 
шықты.  Сол  қолында  алтын  жіптен  әдіптелген  шапан.  Президентке 
күлімсірей бұрылып: 
– Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы, – деді бұдан әрі Шота толқи сөйлеп, 
– осы бір естен кетпес басқосуымызды пайдаланып, сіздің алдыңызда қазақ 
пен қырғызға ортақ композитор, жазушы, өзіңіз әндерін сүйіп айтатын Илья 
Жақановқа  бір  құрмет  көрсеткелі  тұрмын.  Бұл  Илья  мамыр  айында  өткен 
өзінің  алпыс  жылдық  тойына  шақырып  еді,  бір  себептермен  бола  алмадым. 

 
78 
Сол  қуанышты  күнінде  “кигіземін”  деген  шапанды  енді  ұсынғалы  тұрмын, 
Нұреке. 
Шота осылай деді де: 
–  Қане,  Илья!  –  деп  мені  өзіне  шақырды.  Жұрт  тым-тырыс  боп  тына 
қалды. Мен ыңғайсыздана қобалжып, Шотаға жақындай түстім. Көз қиығым 
түсіп  кетіп  еді,  Нұрекең  мен  Сара  екеуі  маған  сондай  бір  жылы  сезіммен 
мөлдіреп қарап қалған екен. Шота шапанды иығыма жауып жатып: 
– Нұреке, мен хан тұқымымын ғой. Ильяға анау-мынау емес, ұлы Абы-
лайхан атам киетіндей шапан жауып тұрмын, – деді. – Ильяның теледидардан 
берілген  “Шоқан  және  музыка”  атты  төрт  сериялы  үлкен  еңбегін  осындағы 
біраз  кісілер  көрген  де  шығар  деп  ойлаймын.  Ұлы  Шоқанның  рухын 
тірілткен осы бір музыкалы хабарлары үшін дән риза болдым. 
Жұрт ду қол шапалақтап жіберді. Осы сәтте Нұрекең маған: 
–  Ілеке,  “Толағай”  әнін  айтыңызшы,  –  деп  жүзіне  нұр  тола  жымиған. 
Мен қысылыңқырап: 
–  Осында  Бекболат  Тілеуханов  деген  ініміз бар  ғой,  Нұреке,  –  дедім, – 
Бекболат айтып берсін. 
Бекболат  та  лып  етіп  келе  қалды.  Орындыққа  отырды  да  “Толағайды” 
айта  бастады.  Осы  сәтте  Президент  оның  иығына  қолын  салды  да,  “Тоқтай 
тұр,  Бекболат”  деді.  Содан  соң  “Олай  емес,  былай”  деп,  “Толағайды”  өзі 
айтып  шықты.  Ән  орындалып  жатқанда  менің  көз  алдыма  Нұрсұлтан 
Әбішұлының 60  жылдық  торқалы  тойына  арнап  түсірілген деректі  фильмде 
Нұрекеңнің “Толағайды” домбырамен айтып отырған сәті келді. 
“Толағайды” айтып болған соң Нұрекең: 
– Енді “Еділ-Жайығыңызды” өзіңіз айтыңыз, – деді. 
Мен  “Еділ-Жайықты”  толық  айтып  шықтым.  Ту  сыртымда  кішкентай 
баласымен тұрған атақты композитор Нұрғиса Тілендиев: 
– Тамаша! Жарайсың, Илья! – деп арқамнан қақты. 
Салық  Зиманов,  Кәукен  Кенжетаев,  Асанәлі  Әшімов,  Ақселеу 
Сейдімбеков, Иманғали Тасмағамбетов, бізді қоршаған зиялы топтың көзінен 
шын жүректен шаттанған сезімнің нұрын көрдім. Шота Уәлиханов өзінің осы 
бір игі ілтипатына мәз бола сүйсінді. Бұл бір сәт те тәтті түс секілді есімнен 
шыға қоймас. 
Үшінші жүздесу 
2001 жылдың желтоқсан айы. 
Еліміз үшін елеулі мереке де тақап қалған еді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 
10 жылдығы! Осы ұлы мерекеге орай бүкіл республика көлемінде әзірлік жұ-
мыстары қызу қарқынмен жүріп жатты. Осындай бір дүбірлі күндерде Аты-
раудың  Дина  Нұрпейісова  атындағы  академиялық  халық  аспаптар  оркестрі 
мерекеге  арнап  концерт  беру  үшін  Астанаға  келді.  Бұл  өнер  шарасы  сол 
кездегі Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің идея-
сымен  жүзеге  асқан  еді.  Концерт  Конгресс-холда  салтанатты  түрде  зор 
табыспен  өтті.  Концертті  мен  жүргізген  едім.  Дирижері  Рысбай  Ғабдиев. 
Концерт жүріп жатқан сәтте сыртта Арқаның бораны түтеп тұрды. Ертеңінде 

 
79 
Иманғали Тасмағамбетовтің тапсыруымен осы концертті Көкшетауда екі рет 
қайталадық. 
Концерттен  соң  кешкі  асқа  отыра  бергенімізде  Рысбайдың  ұялы  телефоны 
шылдырлап қоя берді. Рысбай сөйлесіп болды да: «Иманғали ғой, “Түнделетіп болса 
да Астанаға жетіңіздер. Ертең кешкі сағат жетіде, Конгресс-холда кешегі концертті 
қайталайсыздар. Оған Президент Нұрсұлтан Әбішұлының өзі қатысады дейді», – деп 
тосын хабар айтты. Сөйтіп, сол түні ақтүтек боранда тоқтай-тоқтай жүріп отырып, 
таң  алдында  Астанаға  жеттік.  Кешкісін  Конгресс-холда  Президент  қатысқан  бұл 
концерт те өте қызықты өтті. 
Концерттен  кейін  біз  банкет  залында  Президентпен  бірге  шай 
дастарқанына  отырдық.  Осы  сәт  менің  жүрегімде  бір  сезім  оты  тұтанды. 
Ішімнен “Мұндай сәттілік бола бермейді, Нұрекеңнің өз аузынан біраз жайды 
біліп алайын,” дедім де: 
–  Нұреке,  сізбен  араласып  жүрген  дос-жаран,  сыйлас,  қадірлес 
адамдардан менің әндерімді сүйетініңізді, кейде әндетіп орындайтыныңызды 
естіп, іштей сүйініп жүремін. Осы бір жайды өз аузыңыздан естісем деп едім, 
– дедім. 
Нұрекең маған күлімсірей қарап былай деді: 
– Е, Ілеке, ол ұзақ сыр. Сіздің бір ғана “Толағайыңыздың” өзі неге тұра-
ды? Сезе білген жанға бұл әннен қазақтың кең даласының жұпар лебі еседі. 
Даладай  кеңдігін  айтыңыз.  Ал  “Алматы  кешінде”,  “Әсел”,  “Еділ-Жайық”, 
“Жалғыз  қайық”,  “Балқантау”,  “Жайлаукөл  кештері”  ше?!  Біз  осы  әндердің 
лебімен  өстік.  Бұл  әндерде  халықтың  тұмадай  тұнған  ұлттық  колориті  бар. 
Жібектей  есілген  нәзік  лирика.  Адамның  жан-жүрегін  баурайтын  ой  мен 
сезім. Әлбетте, айтсақ осындай әндерді айтамыз. 
Әңгімеміз осылайша бек жарасқан соң Нұрсұлтан Әбішұлының әншілік 
болмысын  білгім  келіп,  әнге  деген  құштарлығының  қайнар  көзі  қайда  жат-
қанын сұрадым. Нұрекең бір тәтті сырлар есіне түскендей, ет жүрегі елжіреп: 
– Біздің шешей жаратылысынан әнші кісі еді. Үні сондай ашық, сондай таза, 
нағыз  дәстүрлі  әнші  дерлік  сырлы  сезімді,  ақынжанды  кісі  болатын.  Халық 
әндерін  көп  білді.  О-ой,  ол  әндерді  санап  та  болмайды.  Ауылдың  той-то-
малақтарында ел алдына шығып, еркін шырқады. Сауықшыл ортаға сол өне-
рімен  көрік  берді.  Тұрмыстың  ауыртпалығын  әндете  жүріп  білдірмеді. 
Шешейге қосылып ара-тұра әкей де ән салатын-ды. Осындай әндеткен отба-
сында  қазақтың  халық  әндерінен  бастап,  осы  заманғы  әндердің  көбін  біліп, 
зердемізге түйдік. Менің ән салуымның бар сыры осында, – деді. 
Осы  шүйіркелесу  үстінде  мен  Нұрекеңе  арналған  “Теміртау  түні”  атты 
әнімді  айтқым  келді.  Бірақ,  сабыр  сақтадым.  Ән  тағдыры  да  адамның 
тағдыры  секілді  ғой.  Әлі  сиясы  кеппеген  жаңа  әннің  бағы  қалай  болады? 
Біраз  айтылсын.  “Жұрт  көңілінен  шығып,  елге  тарай  ма,  жоқ  па,  көрейік” 
деген оймен іштей бөгелдім. 
Ал бұл әннің шығу тарихы былай еді: 2001 жылдың тамылжыған күзінде 
Теміртауда  болдым.  Бұл  қалада  сонау  бір  жылдары  металлургия  зауытында 
Нұрекеңмен бірге жұмыс істеген әріптес досы, металлург Тілеукен Смағұлов 
тұрады. Ол мені бірер күн қонақ етті. Көп сырластық. Сол әңгіменің арасын-

 
80 
да Тілеукен Нұрекеңнің Теміртаудағы жастық өмірін жыр ғып шертті. Ол кісі 
тұрған екі қабатты, қарапайым коммуналдық үйді көрсетті. Қаланың көрікті 
жерлерін  аралатып,  Самарқан  көлінің  жағасына  апарды.  Осы  көлдің  жа-
ғасында  Арқаның  маужыраған  айлы  кештері  мен  мақпал  түндерінде  Нұре-
кеңнің түрлі ұлт жастарымен әндетіп, билеп, сейіл құрып жүргенде жан жары 
Сарамен  танысқанын,  өздерінің  сол  кездердегі  өз  қоғамына,  өмірге  деген 
жарқын  көзқарастарын,  Теміртаудың  екінші  Магнитка  атанған  даңқын 
тебірене, толғана сөз етті. 
Ертеңінде  “Қарағанды-Алматы”  пойызында  келе  жатып,  Тілеукенмен 
арада болған сұхбатты, Теміртауда аралаған жерлерімді еске түсіріп отырып, 
“Теміртау  түні”  әнін  шығардым.  Алматыға  келген  соң  ән  сөзін  лирик  ақын 
Қасымхан Бегмановқа жаздырдым. Сол жылы қыс түсе Теміртауда концертім 
болды.  Әнді  “Теміртау”  тобы орындады.  Осы оқиғадан кейін  Нұрекең  Сара 
екеуі  Теміртауға  келіп,  жұртшылықпен  кездесіп,  өздеріне  арналған  әнді 
сондай  жүрек  толқуымен  сүйсіне  тыңдап,  аудио  және  бейнетаспаларға  жаз-
дырып алып кетіпті. Ал тағы бір жолы қыс айларында сол Теміртаудың ма-
ңында шаңғышылардың спорттық кешені ашылып, соған Нұрекең қатысады. 
Шараның  бір  тұсында  Қарағандының  әншілер  квинтеті  “Теміртау  түнін” 
орындайды.  Әнге  беріле  толқыған  Нұрекең  Арқаның  шақиған  сары  аязына 
қарамай,  “Теміртау  түнін”  қайта-қайта  тыңдағанын  сол  кездегі  облыс  әкімі 
Камалтин Мұхамеджанов қызыға әңгімелегені есімде. 
 Төртінші жүздесу 
2003 жылдың қыркүйек айы. 
Атыраудың жұп-жұмсақ барқыт күзі. Жайықтың екі жағалауындағы тал-
теректер алуан түске малынып, балбыраған мамыр айындай тамылжиды. 
Дәл  осы  бір  күндері  Атырауда  ақберен  ақын  Махамбет  Өтемісұлының 
200  жылдық  мерейтойы  өтіп  жатты.  Махамбет  тойының  соңғы  кеші  Жайық 
жағасындағы «Ренко» қонақүйінің алдында өтті. Бұл жерде театрландырыл-
ған  шоу  көрінісі  тамашаланды.  Құрманғазы,  Дәулеткерей,  Дина  күйлері 
бірінен  соң  бірі  төгіліп,  Жайықтың  кербез  айдыны  жарқ-жұрқ  еткен  лазер 
сәулесіне шағылысты. Менің “Еділ-Жайық” әнім ойнады да тұрды. Қонақүй 
алдындағы орындықтардың сол жақ қанатында Иманғали Тасмағамбетов пен 
Аслан Мусиннің ортасында Президент Нұрсұлтан Әбішұлы отырды. 
Театрландырылған  шоу  біткен  соң  Нұрекең,  Иманғали  және  Аслан 
үшеуі  орындарынан  көтерілді.  Біз  де  түрегелдік.  Осы  сәтте  Нұрекең  бізге 
бұрылып, жақындап келді де: 
– Ілеке, сәлеметсіз бе? – деп сондай бір жылы ілтипатпен амандасты да 
қолымды  ұстаған  күйі:  –  Ілеке,  Махамбет  атамыздың  ұлы  тойы  үстінде 
кездестік. Қуаныштымын. Ел ішінде жүрсіз. Бұл жақсы. Мына Иманғалидың 
сіздердей  өнер  иелерін  елдің  ортасына  әкелгені  бір  өнегелі  іс  болды.  Елге 
сіздер  сияқты  адамдар  керек.  Әндеріңізді  тыңдап  жүремін.  “Теміртау  түні” 
әніңізге  дән  ризамын.  Анда-санда  әндетіп  отырып,  ептеп  өлең  жазып 
қоятыным  бар.  Лирикалық  өлеңдер.  Уақыт  тауып  соның  кейбірін  сізге 
жеткізе алсам, соған ән шығарсаңыз деген үмітім де бар. Бұл сіз екеуіміздің 
арамыздағы достық сыр. 

 
81 
Сіз  халықтың  ән  мұрасын  зерттейсіз.  Міне,  сол  ісіңіз  Атырауда,  бүкіл 
батыс  өлкесінде  жалғасып  жатқан  көрінеді.  Ескі  өнер  мұрасын  өлтірмей, 
тірілте беріңіздер. Оған қазір қолайлы мүмкіндіктер де туды. Сіздер сияқты 
жандарды сондай еңбектеріңіз үшін қадірлейміз, – деді. 
Атыраудағы  осы  кездесуден  кейін  көп  ұзамай  бүкіл  республика  бо-
йынша  Президенттік  “Мәдени  мұра”  бағдарламасы  қабылданды.  Бұл  шара 
бір күннің ісі емес, әрине. Ол жүйелі түрде жүретін өте күрделі процесс. Біз 
өнер мен мәдениет жөнінен кешегі бір жылдарда көп нәрсені жоғалтып алған 
едік.  Тоталитарлық  қоғамда  “қазақтың  өз  жазуы,  тарихы  болмаған”  дейтін 
теріс  пікір  де  қалыптасқан-ды.  Соның  көбесін  сөгу,  әлбетте,  оңай  емес. 
Президенттік бағдарлама осының үдесінен шығуды көздейді. Өнер иелері, ға-
лымдар бұл іске құлшына кірісті. Тарихшылар тұншыққан тарихтың көмбе-
сін  ашты.  Ана  тіліміздің  мәртебесін  көтердік.  Көне  дүниенің  “Орхон-
Енесей”,  Күлтегін  ескерткіштерін  өзімізге  қайтардық.  Қазір  олар  Астанада 
тұр.  Біздің  жазу  мәдениетіміз  ең  көне  жазу  деп  есептелетін  қытай 
иероглифінен  (VII-VIII  ғасырлар)  әлдеқайда  бұрын  болғандығы  бүгінде 
әлемді таңғалдырып отыр. 
Президент бағдарламасының тағы бір тармағы бойынша ғалымдарымыз 
Қазақстанның тарихи мұрағатын қалпына келтірді. Белгілі тарихшыларымыз 
бен  мұрағатшыларымыз  Қытайға  арнайы  барып,  Пекин  кітапханаларының 
құпия  сөрелерінен  Қазақстан  тарихының  ғайыбынан  сақталып  қалған 
беймәлім беттерін ашты. Сондай-ақ, осы жерден Абылай ханның хандық құр-
ған дәуірінен хабар беретін мұрағаттық деректердің табылуы да сенсациялық 
жаңалық  болды.  Қазақ  тарихына  байланысты  осындай  зерттеу  жұмыстары 
қазір  дүние  жүзі  бойынша  кең  көлемде  аса  ыждағаттылықпен  жүргізіліп 
жатыр. Оған қыруар қаржы бөлінгені өзінен-өзі белгілі жай. 
Ал  “Бабалар  сөзі”  жүз  томдығының  жарық  көруі,  Астанада  Отырар 
кітапханасының  құрылуы  да  рухани  кеңістігімізді  мүлде  кеңейтіп  жіберді. 
Осындай  игі  шаралардың  ішінде  әр  облыста  жергілікті  авторлардың 
еңбектеріне де ерекше көңіл бөліне бастады. Бір ғана Атырау облысында жүз 
томнан  тұратын  “Атырау  таланттарының  антологиясы”  жарық  көрді.  Оған 
Атырау  облыстық  әкімдігі  қыруар  қаржы  жұмсап,  тікелей  басшылық  етті. 
Сондай-ақ,  Дина  Нұрпейісова  атындағы  академиялық  халық  аспаптар 
оркестрі,  “Нарын”  фольклорлық  оркестрі  тек  республика  көлемінде  ғана 
емес, бүгінде шетелдерге де белгілі. Құлсары мен Доссордағы және басқа да 
аудандардағы  мәдениет  ошақтары  қайта  жанданды,  онда  білімді,  талантты 
жастардан  құралған  оркестрлер  мен  ансамбльдер  игілікті  жұмыс  жүргізіп 
жатыр.  Ел  алдында  жиі-жиі  концерттер  көрсетеді,  әдеби-музыкалы  кештер 
өткізеді. 
Тарихи-өлкетану мұражайы мен өнер мұражайындағы жәдігерлер де біз-
дің  өз  тарихымызға,  жерімізге  деген  мақтаныш  сезімімізді  оятады.  Осының 
бәріне  Мемлекет  басшысы  тарапынан  зор  көңіл  бөлінуі  халықтың  эсте-
тикалық  талғамын  жетілдіріп,  рухын  көтеруде.  Міне,  Елбасының  рухани 
өрлеуімізге жасап отырған жан-жақты қамқорлығының игі әсерлері. 
Бесінші жүздесу 

 
82 
2005 жылдың маусым айы. 
Ел  өмірінде  аса  маңызды  саяси  науқан  жүріп  жатты.  Осыған  орай 
Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Президент  сайлауы  қарсаңында  бүкіл 
Қазақстанды  аралап  жүрді.  Атырауда  да  Елбасымен  сондай  кездесу 
болатындығын дүйім жұртшылық асыға күтті. Президентпен сол сапарында 
да жүздескенім әлі көз алдымда. 
Маусым  айының  жұлдызды  бір  күні  Елбасы  Атырауға  келді.  Қала 
мерекелі  күндей  безендірілген.  Атырау  жұртшылығы  шаттық  құшағында. 
Сол  күні  “Атырау”  қонақүйінің  мәжіліс  залында  Елбасы  облыс  ардагерлері 
мен  интеллигенция  өкілдері,  диаспора  жетекшілері  қатысқан  жиын  өткізді. 
Шын  ықыласты  әңгіменің  бас  кезінде  маған  сөз  берді.  Мен  Нұрекеңнің 
нұрлы жүзіне қарап: «Нұреке, қош келдіңіз! Алдымызда Президент сайлауы. 
Осы  тарихи  оқиғаның  қарсаңында  Қазақстанның  біраз  жерінде  болдыңыз. 
Халық сізді шаттана қарсы алып, әр сапарыңыз ұлан-асыр мерекеге айналып 
жатыр.  Міне,  енді  атыраулықтардың  ортасында  осы  тәуелсіздік 
жылдарындағы  тарихи  жетістіктерімізді  жарқырата  айтып,  жарқын 
мүмкіндіктерімізді  көрсетіп  отырсыз.  Еліміздің  болашаққа  бет  түзеген  ұлы 
көшінің  алды  сондай  нұрлы,  біз  сізге  қалтқысыз  сенеміз.  Сіздің  жолыңыз  – 
қаһармандық жол! Біз сіз бастаған жолмен жүреміз», дедім. 
Сосын жүрегім тебірене толқып, “атыраулық жерлестерім білсін” деген 
оймен  Нұрекеңнің  өткен  жылы  өзіме  жазған  бір  хатын  оқып,  “Теміртау 
түнін”  әндеттім.  Осы  сәтте  ойда  жоқта  Нұрекең  шабыттана  шалқып,  менің 
“Толағайымды”  шырқай  жөнелді.  Мен  де  жүрегім  өрекпіп,  қуанышты 
сезіммен  желпініп,  қосыла  кеттім.  Ән  айтылып  болғанда  маңдайы 
жарқыраған Нұрекең қатты толқып, мені құшақтай алды. Жұрт масаттана қол 
соғып  жіберді.  Мәз  болған  жандар  Нұрекеңді  ортаға  алып,  жапа-тармағай 
суретке түсті. 
Алтыншы жүздесу 
2005 жылдың қоңыр күзі. 
Арқа күзінің жауынды-шашынды күндерінде “Нұр Отан” партиясының үйінде 
Президент сайлауына орай құрылған штаб жұмысы қызу жүріп жатты. Штаб құра-
мындағы  29  адамның  қатарында  мен  де  бармын.  Және  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
Атырау мен Батыс Қазақстан облысы бойынша сенімді өкілі едім. 
Сол бір күндері штаб отырыстарында Нұрекең: “Ел ішін аралап жүресіз, 
көп  жай  көз  алдыңызда”,  деп  әр  кез  менен  өзім  кездесулер  өткізе  бастаған 
Атырау  мен  Батыс  Қазақстан  облыстары  тұрғындарының  көңіл-күйі,  еңбегі 
мен  тұрмысы,  әлеуметтік  хал-күйі,  мәдениеті  жайында  сұрап  отырды.  Мен 
шамам  келгенше  көріп  жүрген  жайлар  мен  естіп-білгендерімді,  халықтың 
Президентке деген қалтқысыз ықыласын бүкпесіз баян еттім. Сонымен бірге 
ауылдық  жерлерге  әлі  де  болса  ерекше  көңіл  бөлінуі  керектігін  де  жасыр-
ғаным  жоқ.  Сонда  Нұрекеңнің  осы  сөздерді  жан  жүрегімен  хош  көріп:  «Біз 
осы  бір  қиын  да  ауыр  жылдарда  қанша  жетістікке  жеттік  десек  те,  әлі  де 
шешетін  мәселелеріміз  жетіп-артылады.  Бұл  ретте  біз  ел  жағдайын 
ыждағатты  білген  сайын  ісімізді  нәтижелі  жүргіземіз.  Ал  ауыл  мәселесі, 
әлбетте, үш-төрт жылдық науқанмен шектелмейді. Ол өрісті сала. Қашан да 

 
83 
күн  тәртібінен  түспейтін  күрделі  мәселе.  Біз  де  бір  кездерде  сол  ауылдарда 
өстік. Құдай қаласа, көркейтеміз әлі», дегені де есте. 
Мен  Президенттің  сайлау  штабында  Нұрекеңмен  жүзбе-жүз  отырып, 
мәслихат құрған сәттерде “Ел үшін ат үстінде қалғиды” дейтін сөздерді еске 
алдым.  Нұрекең  шынында  шаршаулы  еді.  Ел  болашағы  үшін  жоспарлап 
жүрген  биік  мақсаттарын  ойдағыдай  етіп,  толық  жүзеге  асыруына  білім, 
іскерлік,  қажыр-қайрат  қана  емес,  орасан  мол  уақыт…  уақыт  керек  екенін 
сездім. Уақыт болғанда ұзақ жылдар керек… жылдар! Соны ұқтым. 
Жетінші жүздесу 
2005 жылдың 4 желтоқсаны. 
Бұл күні президенттікке үміткерлер үшін дауыс беру науқаны өзінің ша-
рықтау шегіне жетті. Халық өз қалаулысын таңдайтын күн! 
Сайлау штабының соңғы басқосуында Нұрсұлтан Әбішұлы бізбен бірге 
болып,  штаб  мүшелерімен  әзілдесіп,  әрқайсымыздың  сөзімізді  ілтипат 
сезіммен  мұқият  тыңдап  отырды.  Арамызда  олимпиада  чемпионы  Ольга 
Шишигина  да  бар  еді.  Нұрекең  Ольгаға  ерекше  ықылас  білдіріп:  “Біраз 
шаруаларды  реттеген  соң  өзің  көздеп  жүрген  спорт  мектебін  де  ашамыз”, 
деді.  Ольга  бұған  қатты  тебіреніп:  “Спасибо,  спасибо  Вам,  Нурсултан 
Абишевич!” деп қуанып қалды. Ұлт диаспора жетекшілері, жас бизнесмендер 
де Нұрекеңмен ежелгі сырласындай өз ойларын еркін айтып, ашық пікірлесті. 
Осылайша  емен-жарқын  әңгімелесіп  отырғанда  сайлау  науқанының 
соңғы сағаты да тақап қалған еді. Бір кезде штаб мүшелері бір шағын залға 
шақырылды.  Залға  кірсек  “Нұр  Отан”  партиясы  орталық  ұйымының  қыз-
меткерлері  түгел  осында  екен.  Бәрінің  жүздері  жарқын.  Қабырғада  сайлау-
дың облыстар бойынша көрсеткіштері жазылған тақта ілулі тұр. Нұрекең сол 
тақтаға  ойлана  қарап:   «Бәрекелді,  Атырау  мен  Батыс  Қазақстан  облысы 
жарады!  Ілеке,  сіз  осы  екі  облыс  бойынша  маған  сенімді  өкілсіз  ғой.  Елге, 
елді басқарып отырған азаматтарға ризамын!», деді. 
Сол  сапар  Астанадан  Атырауға  қуанышты  сезіммен  оралдым.  Халқы 
сүйген  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  бұл  жолы  да  үлкен  құрметпен 
Президент боп сайланды. 
Мұндай тарихи оқиғалар болашақ күндерге тағылым! 
Сегізінші жүздесу 
2006 жылдың күз айы. 
Орал  қаласы.  Президент  Жайық  бойындағы  осынау  әсем  қалаға  төрт 
облыстың  әкімдерін  жинап,  басқосу  жиынын  өткізді.  Біраз  келелі  мәсе-
лелердің  басы  қайырылған  осы  мәслихат  үстінде  Елбасы  Аслан  Мусинді 
ауыстыратынын айтты. 
Келесі  күні  Атырауға  Елбасы  мен  Аслан  Мусин  келді.  Облыс  әкімдігі 
ғимаратына  жапсарлас  мәдениет  кешенінде  Атырау  жұртшылығы  қатысқан 
үлкен  жиын  болды.  Онда  Елбасы  сөз  сөйлеп,  Аслан  Мусиннің  Атырау 
облысын басқарған жылдардағы сан-салалы жемісті қызметіне кең тоқталып, 
жоғары баға берді. 
Жиынның бір тұсында мен де сөз алып, Елбасының ішкі-сыртқы саясат-
тағы  жұмысының  сара  жолы,  ұстанып  келе  жатқан  бағыты  дұрыстығын, 

 
84 
елімізді  сүттей  ұйытып отырған ұлы  тыныштық пен  ұлттар  татулығын  атап 
көрсеттім.  Аслан  Мусин  басқарған  жылдар  облыс  үшін  игілікті  кезең 
болғанын  да  өнер  иесінің  жүрекжарды  сөзімен  еркін  толғадым.  Бұдан  соң 
Елбасы  облыстың  жаңа  әкімі  қызметіне  Бергей  Рысқалиевті  тағайындап 
отырғанын жария етті. 
–  Бергей  –  өз  ұлдарыңыз,  –  деді  Елбасы,  –  ол  қарапайым  кәсіпкерден 
бастап мәслихат хатшысы, қала әкімі секілді жауапты қызметтер сатысынан 
өтті.  Жаңа  қоғамның  бағытын,  нарық  жүйесін  жақсы  білетін  Аслан 
Мусиндей  тәжірибелі  қайраткердің  үлгі-өнегесін,  тәрбиесін  көрген  алымды 
жігіт. Қызмет істесін. Мұндай жастар қоғамды алға апаратын ең сенімді күш. 
Залдағы жұрт бұл кездесуге дән риза болды. 
Міне,  Елбасымен  жүздескен  сегіз  сәттің  суреттері  осындай.  Былайша 
қарағанда,  менің  осы  жазғандарымда  сөз  негізінен  Президенттің  өзі  туралы 
емес,  ол  кісінің  маған  көзқарасы,  әндеріме  берген  бағасы  туралы  болып 
кеткендей  көретіндер  де  табылар,  бәлкім.  Мейлі.  Елбасының  өз 
шығармашылығыма ықыластылығын мақтан етемін. Мәселе бірақ онда емес. 
Мәселе  біздің  Президентіміздің  жүрегінің  нәзіктігін,  сезімінің  сұлулығын, 
әнге әуестігін, күйге құмарлығын көрсетуде. Ондай адамдардың қандай іске 
де  шығармашылықпен  қарайтыны,  қандай  жұмысты  да  шабыттана 
атқаратыны анық. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
85 
 
 
 
НЕ УПУСТИТЬ 
ИСТОРИЧЕСКИЙ ШАНС 
 
 
Жумабек Турегельдинов, 
      депутат Сената Парламента 
 
Казахстанская правда, 6 января 2011 г. 
 
 
В  обществе  широко  обсуждается  вопрос  о  продлении  полномочий 
Первого  Президента  –  Лидера  Нации  Нурсултана  Назарбаева  до  2020 
года. От себя лично скажу: данное предложение не поддержать попросту 
нельзя.  Каждый  казахстанец  хорошо  знает,  какие  сложные  периоды 
развития проходила наша страна. И вся ее новейшая история связана с 
именем  Главы  государства.  Нурсултан  Абишевич  –  выдающийся 
политик  современности,  это  неоспоримый  факт,  признанный  мировым 
сообществом. Его роль в становлении и развитии Казахстана неоценима. 
Благодаря  авторитету  Лидера 
Нации  на  мировой  арене  и  его 
личным 
усилиям 
недавний 
Астанинский  саммит  ОБСЕ  вошел  в 
историю.  Благодаря  его  особому 
политическому 
чутью 
Казахстан 
своевременно 
предпринял 
ряд 
верных 
экономических 
и 
политических 
шагов 
и 
стал 
уважаемым  в  мире  государством  с 
развитым  гражданским  обществом, 
устойчивой  экономикой,  которая  в  годы  финансового  кризиса  успешно 
прошла проверку на прочность. 
Все эти достижения сегодня воспринимаются как должное, но так было 
не всегда. В связи с этим мне хотелось бы совершить небольшой экскурс в 
историю и взглянуть на события нашего недавнего прошлого.  
В 1991 году мы обрели независимость и вместе с ней нежизнеспособную 
экономику:  «лежащие  на  боку»  предприятия,  дефицит  продуктов  и  товаров 
первой  необходимости.  Именно  в  этот  период  Президент  выбрал 
единственно  верный  путь  –  строительство  демократического  государства  с 
рыночной  экономикой.  Но  выбрать  путь  –  одно,  а  успешно  реализовать 
планы  –  другое.  Нередко  на  этом  пути  возникали  большие  проблемы, 
вставали  стены  непонимания.  Но  Президент  твердо  верил:  мы  построим 
суверенный Казахстан. Он шел по избранному пути уверенно и твердо. 
Закрытие  Семипалатинского  испытательного  полигона  и  отказ  от 
четвертого  в  мире  ядерного  арсенала…  Казахстан  стал  первым  и 

 
86 
единственным государством в мире, добровольно решившимся на такой шаг. 
Кстати,  изначально  это  решение  было  воспринято  неоднозначно,  нашлось 
немало  сторонников  позиции  сохранения  ОМУ,  якобы  необходимого  для 
сдерживания  внешних  угроз  и  укрепления  авторитета  республики  на 
мировой  арене.  Но  история  доказала,  что  Президент  был  прав.  И  именно 
отказ  от  оружия  массового  поражения  снискал  нашей  стране  уважение 
мирового сообщества. 
В  эти  же  годы  Президент  выступает  с  рядом  инициатив  по  созданию 
межгосударственных  политических  и  экономических  объединений,  которые 
сегодня  пользуются  большим  авторитетом  на  международной  арене.  Идеи 
создания  ЕврАзЭС,  СВМДА,  ШОС,  вопреки  мнениям  пессимистов,  нашли 
практическое воплощение. 
В  1995  году  Глава  государства  выступил  с  инициативой  создания 
Ассамблеи  народа  Казахстана  –  уникального  института,  который  внес 
огромный  вклад  в  обеспечение  межэтнической  и  межконфессиональной 
толерантности, согласия, мира и стабильности в нашей стране. 
Особенно  значимым  годом  эпохи  90-х  стал  1997  год  –  год  принятия 
Стратегии  «Казахстан-2030»  и  переноса  столицы  в  Астану.  У  обеих 
инициатив  опять  же  нашлось  немало  критиков.  Но  нынешние  успехи 
доказывают:  стратегия  работает  и  уже  практически  реализована  в 
повседневных  делах  Правительства,  Парламента,  местных  исполнительных 
органов.  А  Астана  стала  признанным  центром  глобальных  событий, 
гордостью казахстанцев.  
В этом контексте следует отметить еще одну инициативу Главы государства, 
нашедшую  широкое  признание,  –  проведение  на  казахстанской  земле  съездов 
лидеров мировых и традиционных религий. Три форума, состоявшиеся в Астане в 
2003,  2006  и  2009  годах,  способствовали  превращению  Казахстана  в  мировую 
площадку диалога цивилизаций и культур. 
С  выходом  на  путь  устойчивого  роста  Президентом  в  2001  году 
принимается  решение  о  создании  Национального  фонда  Казахстана  (фонда 
будущих  поколений).  Еще  свежи  в  памяти  скептические  разговоры, 
сопутствовавшие данному решению.  
Однако, когда в 2007 году разразился всемирный экономический кризис, 
именно  средства  Нацфонда  позволили  нашей  стране  противостоять 
стагнации и с наименьшими потерями выйти из кризиса. Более того, в этот 
период  мы  дважды  осуществили  повышение  пенсий  и  заработной  платы 
работникам бюджетной сферы. Это тоже явление, достойное гордости. 
И  наконец,  триумф  Казахстана,  триумф  лидерских  качеств  Нурсултана 
Назарбаева  –  это,  конечно,  председательство  страны  в  таком  авторитетном 
объединении,  как  ОБСЕ,  проведение  Астанинского  саммита  Организации, 
принятие  декларации,  о  которой  сегодня  все  ведущие  политики  мира 
говорят: в ней возрожден дух Хельсинкского акта. 
Наступивший  год  будет  не  менее  важным  для  Казахстана.  Это  год 
председательства  нашей  страны  в  Организации  «Исламская  конференция», 
которое также стало возможным в первую очередь благодаря нашему Президенту. 

 
87 
В  экономическом  плане  перед  нами  стоят  амбициозные  задачи  –  реализация 
Стратегии  форсированного  индустриально-инновационного  развития.  Уже  первый 
год  осуществления  этой  государственной  программы  показывает:  Казахстан 
уверенно  набирает  темпы  роста.  По  итогам  2010  года  прогнозируется  рост  ВВП 
более чем на 7 %, промышленное производство выросло на 10,5 %, реализовано 152 
прорывных  проекта,  которые  дадут  мощный  импульс  нашей  экономике.  Это 
позволит эффективней решать вопросы улучшения качества жизни населения. 
Казахстанцы  видят  и  чувствуют,  как  улучшается  жизнь.  Я  в  этом 
убеждаюсь,  бывая  в  регионе,  встречаясь  с  избирателями.  И  все  мы 
обоснованно связываем успехи страны с именем Президента.  
В  преддверии  20-летия  Независимости  нашей  республики  мы  можем  с 
гордостью  сказать,  что  Казахстан  состоялся  как  суверенное  государство, 
которое  уверенно  развивается,  ясно  видит  свои  цели  и  четко  представляет 
будущее.  На  наших  глазах  республика  становится  экономически  крепким, 
современным,  демократическим  государством,  идущим  своим  путем 
развития.  При  этом  все  казахстанцы  понимают,  что,  несмотря  на 
многочисленные  достижения,  мы  должны  постоянно  совершенствоваться, 
формируя новые основы конкурентоспособности в будущем. 
Любые  социологические  замеры  подтверждают:  казахстанцы  всецело 
доверяют своему Лидеру. Только под его руководством страна способна сохранить 
энергичный  ритм  развития,  который  наблюдается  сегодня.  Поэтому  считаю 
правильным  и  своевременным  то,  что  в  нашем  обществе  началось  активное 
движение  в  поддержку  референдума  по  продлению  полномочий  Первого 
Президента – Лидера Нации Нурсултана Назарбаева до 2020 года.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет