Основы имиджеологии на примере Первого Президента



жүктеу 5.12 Kb.

бет1/15
Дата06.03.2017
өлшемі5.12 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 


 

ББК 66.3 (5 Каз)=632.4 
 О-75  
 
 
 
  
 
О-75  Основы имиджеологии на примере Первого Президента: В 4 т. Т. 4/ 
Под общей редакцией академика НАН РК А.М. Газалиева. – Караганда: 
Издательство КарГТУ, 2011-2012. – 170 с.: ил.     
 
 
 
ISBN 978-601-296-276-5 
 
 
 
Данная  книга  является  продолжением  изданного  в  2010  г.  сборника  с 
аналогичным  названием.  В  ней  собраны  лучшие  статьи  казахстанских 
политиков,  ученых,  журналистов,  в  которых  наиболее  емко  и  многогранно 
представлен  образ  Лидера  нации,  Первого  Президента  страны  Нурсултана 
Абишевича Назарбаева.
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
ББК 66.3 (5 Каз)=632.4 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
ISBN 978-601-296-276-5                     © Карагандинский государственный     
                                                                      технический университет, 2011-2012 
 
 

 

 
 
                               
САБАҚТАСТЫҚ 
 
  
Әбдімәлік Нысанбаев, 
академик 
 
 
        Егемен Қазақстан,
 30 маусым 2011ж

 
Қазақстан тәуелсіздік алған сәтінен бергі аз уақыт ішінде әлем кар-
тасындағы танымал мемлекетке айналды – бұл Ұлт көшбасшысы – Пре-
зидент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  еңбегі,  өткенді  түсіне  отырып,  бола-
шақты болжайтын, жаһанданудың жаңа дәуірінің тамырын баса білген 
талантының  нәтижесі.  Қазақстан  өз  дамуының  экономикалық,  саяси 
және  этномәдени  үлгісін  іздестірудің  күрделі,  қиын  да  қайшылықты 
кезеңінен  өте  келе,  болашаққа  деген  сенімін  нығайтып,  оған  қол 
жеткізудің  мақсат-міндеттерін  ұғына  отырып,  үшінші  мыңжылдыққа 
қадам басты. 
Елімізде  жүйелі  өзгерістер,  қоғамның  саяси  жүйесінің,  рухани-
адамгершілік бағдарлар мен құндылықтардың жаңаруы жедел жүруде. Бізде 
азаматтық қоғамның қызметі мен дамуын анықтайтын заңнамалық қағидалар 
мен  нормативтік  актілер  жасақталып,  оның  саяси-құқықтық  негізі  қа-
лыптасты. Президенттің күш-жігерінің арқасында саяси жүйе мен оның инс-
титуттары жетілдірілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген жетекшілігімен Қа-
зақстан Республикасы өзінің индустриялық-инновациялық стратегиясын жү-
зеге асырып отырған дербес өркениетті бәсекеге қабілетті державаға айналып 
келеді. 
Қазақстанның қоғамдық өмірді ұйымдастырудың демократиялық форма-
ларына, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамға деген ұмтылысын, оның 
еркіндікке ие болуын әуел бастан халқының өз өмірқамының, өз тарихының 
шынайы  субъектісі  болуға  деген,  өз  тағдырын  өзі  анықтауға  деген 
ұмтылысын  қолдап,  соған  қызмет  етіп  келе  жатқан  Президент  Н.Назарбаев 
тұлғасының  рөлін  ескермей  пайымдау  да,  ұғыну  да  мүмкін  емес.  Қазақстан 
үшін  дамудың  басым  бағыттарын  айқындай  білу  және  оның  салдарларын 
болжай  білу,  жалпы  табыстар  мен  жетістіктер  Елбасының  көпқырлы  саяси 
қызметімен байланысты. 
Біздің Президенттің адами қасиеттері мен демократиялық ой-санасы тек 
жоғары ғылыми-теориялық деңгейді ғана білдіріп қоймайды, сонымен қатар 
әлемнің ұлттық кескіні мен дәстүрлерге, тарихи болмыстың үздіксіз ағымына 
сүйенумен  байланысты  оның  саяси  интуициясы  мен  сезімталдығын  да 
аңғартады.  Еліміздің  алдағы  онжылдықтарда  дамуының  келешектерін 
анықтайтын «Қазақстан-2030» Стратегиясын жасау мен оны біртіндеп жүзеге 

 

асыру да Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты. Соның негізінде ол 
дамудың ерекше қазақстандық жолын жобалады: «Тұрақтылықтан – жаңару 
арқылы  –  бүкіл  республиканың  гүлденуіне».   Мемлекет  басшысы  әділетті 
қоғамның  жобасын  ғылыми  негіздеп  қана  қоймай,  оны  шындыққа  да 
айналдыра білді. Бұл Қазақстан Көшбасшысының бүкіл көпқырлы қызметін 
сипаттайды: ойдың бейнесі мен әрекеттің бейнесінің, сөз бен істің бірлігі. 
Әлем  картасында  жаңа  тәуелсіз  жасампаз  кәсіби  мемлекеттің 
қалыптасуы мен нығаюы – Нұрсұлтан Назарбаев қызметінің бірінші және ең 
басты  нәтижесі.  Қазақстан  Президенті  тарихтың  тұңғиық  тереңіне  сүңгіп, 
ондағы  ұлттың  асыл  қазынасының  інжу-маржанын  теру  үшін  теңдессіз 
бастама  көтерді  –  «Мәдени  мұра»  (2004-2011  жж.)  стратегиялық  ұлттық 
жобасын  жүзеге  асыруды  ұсынды.  Халықтың  өзін-өзі  тануы,  міне,  өз-өзіне 
келіп,  өзіндік  төлтумалылық  пен  ерекшелікті  бекіту  үшін  осы  шарт  қажет, 
деп есептейді Нұрсұлтан Әбішұлы. 
Өзге  мемлекет  басшыларымен,  әлемдік  қауымдастықтың  өкілдерімен  
болған  көптеген  кездесулер,  әңгімелер,  сұхбаттар,  жеке  әсерлердің 
жиынтығы қазақстандық көшбасшының көзін мынаған жеткізді: дәл осы бай 
ұлттық мәдениет, тарих, қазақ философиясы, этностық бояу, фольклор, қазақ 
тілінің  мәнері  мен  көркемдігі  пікірлесушінің  қызу  қызығушылығын 
тудырады. 
Президент  ұлттық  топтастыру  негізделетін  идеялық  құрылымдарды 
айқындайды.  Олардың  ішінде  мемлекеттік  тіл  ретіндегі  қазақ  тілінің  дамуы 
аса  маңызды  орын  алады.  Тіл  мәселесі,  ұлттық  мәселе  сияқты  өте  бір  нәзік 
мәселе,  дейді   Президент.  Тілдің  ерекшеліктері  ұлттық  типті,  этностық 
даралықты  және,  тіпті,  әлеуметтік  құрылымдардың  ерекшеліктерін  де 
анықтайды.  Ана  тілі  жаһандану  дәуірінде  өзінің  бүкіл  бай  әлеуетін  ашуы 
үшін, қазақ ұлттық идеясы бар дауысымен естілуі үшін Мемлекет басшысы 
қолдан келгеннің бәрін істеуде. 
Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  біздің  еліміз  бұрынғы  көнерген 
экономикалық,  саяси  және  мәдени  формаларды  тастап,  жаңа  тарихи 
кеңістікке  батыл  қадам  басты.  Біз  жас  республиканың  экономикадағы, 
саясаттағы,  азаматтық  құрылыстағы,  мәдениеттегі  жетістіктеріне  құрметпен 
көз  саламыз.  Ең  бастысы  –  этносаралық  және  конфессияаралық  қатынастар 
саласындағы  жетістіктерге.  Әлемнің  жекелеген  аймақтарында  этносаралық 
шиеленістер  ұлғайған  тұста  Қазақстан  тұрақтылықтың  аралы  болып  қала 
берді. 
Конфессияаралық  қарым-қатынастың  қазіргі  формаларын  белсенді 
жүргізушісіне  тәуелсіз  Қазақстанның  жаңа  астанасы  айналды  және  тарихи, 
ғаламдық  деп  айтуға  тұрарлықтай  бірқатар  бастамаларды  іске  асырды:  Рим 
папасы  Иоанн  Павел  II-ні  шақыру,  Астанада  әлемдік  діндердің  тоғысатын 
орталығын  құру  жолындағы  аса  маңызды  қадам  ретінде  әлемдік  және 
дәстүрлі діндердің көшбасшыларының  съезін өткізу.  Бұл  идея  шын  мәнінде 
Еуразияның  ортасында,  ежелгі  қазақ  даласының  қақ  жүрегінде  орналасқан 
Қазақстанның  жаңа астанасының ұлы мақсатына лайықты. 

 

Этносаралық  толеранттылықтың  дәстүрлерін  ұстана  отырып,  Астана 
планета  халықтарының  рухани  келісімі  мен  өзара  түсіністігінің  негізі 
ретіндегі конфессияаралық сұхбаттың теңдессіз стратегиясын жасады. Оның 
үстіне,  Астана  діндердің,  халықтар  мен  ұлттардың  бірігуі  мен  рухани 
келісімінің  баға  жетпес  тәжірибесі  туралы  әлемге  жар  салды.  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  дана  басшылығының  арқасында  ғана  Астана  тамаша  табыс-
тарға  қол  жеткізді  және  болашақта  да  жаңа  асуларды  алатынына  еш  күмән 
жоқ. 
«Мәдени  әралуандылықты  сақтай  отырып,  халықтың  бірлігін 
қамтамасыз  ету  –  біздің  ең  басты  байлығымыз»  деген  Президенттің  идеясы 
туған Отанның тағдырына жан-тәнімен берілген барша қазақстандықтардың 
түсіністігі мен қолдауына ие болды. 
Адам үшін өзіне, өз балаларына және туған-туыстарына ынтымақты әрі 
берекелі  өмір  сүруге  лайықты  жағдай  қажет  екені  бесенеден  белгілі. 
Адамның Үйінде осындай игіліктің салтанат құрғаны мейлінше маңызды. 
Біздің өркениетті санамызда Үй ұғымы жай баспана түсінігінен анағұр-
лым  терең.  «Отан  отбасынан  басталады»  деген  мақал  да  осыны  дәлелдесе 
керек. «Үй» – бұл материалды игіліктермен толтырылған территорияны ғана 
білдірмейді.  Ол  адамның  тұлғааралық  байланыстарынан,  құндылықтық 
бағдарларынан  және  қондырғыларынан  тұратын  құрылым,  ол  адамның 
«болмысы». Бұл болмыстың толықтығын сездіретін және өмірге мән беретін 
іргелі негіз. 
«Үй – жай ғана бөлмелер, қабырғалар мен терезелер емес, олардан 
анағұрлым  кең  нәрсе.  Үй  –  бұл  басты  баспана,  жылы  ұя,  бұл  сенің 
өміріңнің  территориясы»,  –  бұл  туралы  өзінің  «Қазақстан  жолы» 
кітабында Н.Ә. Назарбаев осылай дейді. «Өз қолыңмен тұрғызған үйден 
қымбат нәрсе жоқ». 
Жиырма жылға жетер-жетпес уақыт ішінде біз өзіміздің ортақ Үйімізді – 
өзіміздің  Қазақстанды  тұрғыздық.  Қазіргі  Қазақстан  –  бұл  өзінің  бүгіні  мен 
ертеңіне сенімді егемен мемлекет. 
Біздің  бұл  жетістікке  жетуіміз  оңай  болған  жоқ,  тәуекелге  баруға  да, 
кейде құрбандыққа көнуге де тура келді. Бірақ барша қазақстандықтардың өз 
елімізді  шынайы  тәуелсіз  әрі  игілікті  елге  айналдыруға  деген  ұмтылысы, 
халқымызға  тән  еңбексүйгіштік  пен   төзімділік  Қазақстанның  қиын 
замандарды  артта  қалдыруына  сеп  болды.  Бұл  жолда  бірінші  Президенттің 
сіңірген  еңбегі  зор  болды,  ол  жас  мемлекет  қалыптасуының  сындарлы 
жылдарында дұрыс стратегиялық бағыт таба білді және қазақстандық қоғам-
ның ең бағалы құндылығы  өз азаматтарының татулығы мен келісімін сақтап 
қала білді. 
Алайда  өмірдің  ағымы  бір  орнында  тұрмайды.  Өз  дамуының  сапалы 
түрде  жаңа  сатысына  қадам  басқан  бүгінгі  Қазақстанның  алдында 
әлеуметтік-экономикалық,  саяси  және  рухани  прогресс  жолында  одан  ары 
жылжудың  жаңа  ауқымды  міндеттері  тұр.  Бұл  міндеттерді  шешу  тек  саяси 
және  экономикалық  тұрақтылық  болғанда  ғана,  елдің  гүлденуі  жолында 

 

барлық саяси күштердің жігерін біріктіргенде ғана, қоғамды жалпыхалықтық 
ұлттық көшбасшының төңірегіне топтастырғанда ғана мүмкін болады. 
«Біз  әлі  жолдың  басындамыз», деді  Мемлекет  басшысы  өзінің 
Қазақстан  халқына  Жолдауында.  Оның  басты  құндылықтары  –  дамудың 
этикалық негізін, өлшемдері мен бағдарларын құрайтын еркіндік, бірлік, тұ-
рақтылық,  өркендеу.  Осылар  біздің  балаларымыз  бен  немерелеріміз 
тұратын ортақ Үйіміздің – болашақ Қазақстанның келбетін қалыптастырады. 
Негізгі  құндылықтар  –  еркіндік,  бірлік,  тұрақтылық,  гүлдену  –  бір-
бірінің  шарты  бола  отырып,  өзара  тығыз  байланыста  болады.  Еркіндік 
әркімнің  және  барлығының  осы  өмірде  өзін  жүзеге  асыру  мүмкіндігінің 
теңдігін  бейнелейді.  Еркіндік  әрбір  тұлғаның  лайықты  өмір  сүруі  үшін  де, 
бүкіл  қоғамның  орнықты  дамуы  үшін  де  бірдей  дәрежеде  қажетті.  Бірлік 
еркін әрі теңқұқықты азаматтардың бірлескен белсенді әрекетін талап етеді. 
Өз  кезегінде,  бірлік  қоғамның  ынтымағының  көрінісі  ретінде  ғана  мүмкін 
болады.  Бірліксіз  еркіндік  пен  тұрақтылықты  жүзеге  асыруға,  игілікке  қол 
жеткізуге жағдай болмайды. «Біз бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында 
көп  нәрсеге  қол  жеткіздік.  Біздің  болашақ  дамуымыз  да,  барлық  мақ-
саттарымыздың  іске  асуы  да  қоғамдағы  бірлік  пен  елдегі  тұрақтылық 
болмаса  мүмкін  емес»,  деп  Елбасы  үстіміздегі  жылдың  28  ақпанында 
жетекші отандық БАҚ журналистерімен болған кездесуде тағы бір мәрте атап 
өтті. 
Президент  Н.Ә.  Назарбаев  егемен  мемлекет  ретіндегі  Қазақстанның 
орнықты  дамуы  тек  жалпыұлттық  келісім  жағдайында  ғана  ықтимал  деп 
есептейді,  ал  бұған  қазақтардың  да,  барлық  басқа  этностардың  да 
жалпыадамзаттық құндылықтарға басымдылық беруі негізінде даму арқылы 
қол жеткізуге болады.  «Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім – елдің табысты 
дамуының  негізгі  шарты.  Қазақстанның  тәуелсіздігі  жолы  –  бұл  ортақ 
Отанымыз  –  Қазақстанның  тағдырына  елді  мекен  ететін  140  этнос  өкіл-
дерінің  жауапкершілігінің  жолы.  Өз  игілігіміз  –  халықтар  бірлігін  көздің 
қарашығындай сақтау, мұны өскелең ұрпаққа, жастарға өсиет етіп табыстау 
барынша маңызды». 
Елбасы  революциялық  сипаттағы  түбірлі  өзгерістерді  мүлдем 
қабылдамайды,  ол  қоғамдағы  өзгерістер  мен  реформалардың  эволюциялық 
сипатын ұсынады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың барысы мен ырғағына 
әсер етудің негізгі ұстыны  – бұл қоғамдық тұрақтылық пен саяси бағыттың 
сабақтастығын  сақтай  отырып,  қазақстандық  қоғамның  барлық  салаларын 
біртіндеп және мақсатты түрде реформалау. 
Өз  арманының  Үйі  Президентке  қалай  көрінеді?  Негізгі  бағдарлар 
Қазақстанның  2030  жылға  дейін  дамуының  стратегиялық  бағдарламасында 
айқындалған.  Нақты  өлшемдер  «Қазақстан-2020»  Жоспарында  берілген. 
Дамудың  мақсаттарына  қол  жеткізудің  міндеттері  Елбасының  Қазақстан 
халқына жыл сайынғы жаңа Жолдауында белгіленген. 
Саяси  жаңарту елдің  саяси  жүйесін  одан  ары  демократияландыру  мен 
либералдандыруға бағытталған реформаларды жүргізуді білдіреді. 

 

Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтары сақталатын, құқықтық және 
әлеуметтік  қорғаудың  жоғары  деңгейі,  барлық  азаматтардың  заң  алдындағы 
теңдігі қамтамасыз етілген, барлығы үшін тең мүмкіндіктер берілген әділетті 
демократиялық қоғам құрылатын болады. 
Мемлекеттік  қызметкерлердің  моральдық-адамгершілік  келбетіне, 
тәртіпке,  отансүйгіштікке,  кәсіби  шеберлікке  деген  талапты  күшейту, 
атқарушы  билік  құрылымдарының  қоғам  алдындағы  жауапкершілігін 
арттыру,  олардың  қызметін  бюрократиясыздандырып,  тиімділігі  мен 
тұнықтығын арттыру мақсатында бұл құрылымдар жетілдірілетін болады. 
Өз  функцияларын  әділетті  атқарудың  негізі  ретінде  сот  билігінің 
объективтілігі  мен  тәуелсіздігі  нығайтылады.  Адалдық,  әділдік,  ар  мен 
абыройлылық, жоғары кәсіби деңгей мен Заңның рухын сақтау қазақстандық 
қазылық корпустың баламаларына айналады. 
Елбасы  таза  және  демократиялық  сайлау  елдегі  мемлекеттік  биліктің 
негізгі  заңдылығын  аңғартады  деп  атап  көрсетеді.  Алдағы  сайлау  туралы 
отандық  журналистердің  сұрақтарына  жауап  бере  отырып,  Н.Ә.  Назарбаев 
кезектен  тыс  сайлау  өткізу  идеясы  –  бұл  Ата  Заң  мен  демократиялық 
ұстындарға құрмет көрсетудің белгісі деп көрсетті. Президент таза, ашық әрі 
тұнық сайлау өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады деп атап өтті. 
Жеделдетілген 
экономикалық 
жаңарту 
халықтың 
әл-ауқатын 
арттырудың  шешуші  шарты  ретіндегі  әлеуметтік  бағдарланған,  тиімді, 
бәсекеге  қабілетті,  қарқынды  және  ашық  экономика  қалыптастыруды 
байқатады. 
Бәсекеге  қабілеттілік  экономика  тиімділігінің  басты  тетігі  ретінде 
көрінеді. Бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыруға болашақта елдің ұлттық  
экономикасының  негізіне  айналуы  тиіс  шағын  және  орта  бизнесті  жедел 
дамыту анағұрлым лайықты жауап береді. 
Қазақстан  Республикасының  әлемдегі  бәсекеге  мейлінше  қабілетті  50 
елінің  қатарына  ену  Стратегиясының  ұстындары  мен  мақсаттарын  түгелдей 
іске асыруға қол жеткізу қажет. 
Аймақтық  және  жаһандық  экономикалық  ұйымдар  мен  бірлестіктерге 
қатысу  арқылы,  қазақстандық  тауарлар  мен  қызметтерді  әлемдік  нарыққа 
енгізу  арқылы  Қазақстанның  әлемдік  экономикалық  кеңістікке  кіруі 
жалғасын табады. 
Экономиканың  қарқынын  арттыру  шикізаттық  бағдардан  өңдеуші 
секторды  дамытуға  қарай  өтуге  бағытталады.  Экономиканы  жаңарту  оның 
технологиялық  артта  қалушылығы  мен  «соңынан  қуалаушы»  сипатынан 
арылту мақсатында жүзеге асырылады. 
Бұл міндеттерді шешу қарқынды индустриялық-инновациялық бағдарла-
масымен байланысты, ал бұл өз кезегінде отандық машине жасау мен элек-
трониканы  дамытуды,  биологиялық  және  ядролық  технологияларды  бейбіт 
мақсатта  қолдануды;  аэроғарыш  саласында  қазіргі  заманғы  өндірісті 
дамытуды; индустрияның, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің негізгі салаларын 
одан ары дамытуды; химиялық және мұнайхимиялық өнеркәсіпке, сондай-ақ, 
құрылыс индустриясына басымдылық беруді аңғартады. 

 

Осыған  орай  индустриялық-инновациялық  бағдарламаны  табысты 
жүзеге  асыру  үшін  мынадай  шарттар  міндетті:  ғылымға  инвестиция  салу 
және отандық өндірісті ғылымға бейімді ету; басқарудың мәдениеті мен жаңа 
әдіснамасын  қалыптастыру  мен  практикаға  енгізу;  өмірқамының  барлық 
салаларында  ақпараттық  технологияларды  жаппай  енгізу  және  пайдалану; 
біріккен  мемлекетаралық  бағдарламалар  мен  жобалар  жасауды  эко-
номикалық  интеграция  үдерісінің  құрамдас  бөлігі  ретінде  қарастыру;  мем-
лекеттік  институттармен  серіктестік  негізінде  инновациялық  үдерістерге 
қоғамдық бірлестіктер мен жеке кәсіпорындарды белсенді түрде тарту. 
Ұлттық  экономиканы  дамытудың  аса  маңызды  факторы  ретінде 
аграрлық  секторды  дамытуға  баса  назар  аударылатын  болады.  Жаңа  эконо-
микалық  жағдай  мемлекеттің  аграрлық  саясатын  жаңартуды,  елдегі 
агробизнестің бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыруды талап етеді. 
Бұл саладағы мемлекеттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 
елдің  азық-түлік  қауіпсіздігі  мен  азық-түлік  тәуелсіздігін  қамтамасыз  ету; 
аймақтардың ерекшелігін ескере отырып, ауылшаруашылық кәсіпорындарын 
оңтайлы  орналастыру  мен  мамандандыру,  аймақаралық  кооперацияны 
дамыту;  ауыл  шаруашылығы  өндірісін  жаңарту,  қазіргі  заманғы  ғылым  мен 
техника жетістіктерін енгізу негізінде оның техникалық және технологиялық 
артта қалушылығын игеру; отандық ауыл шаруашылығының орнықты дамуы 
мен оның өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. 
Әлеуметтік  жаңарту отандық  экономиканың  орнықты  және  тиімді 
өсуінің  мүмкіндігіне  негізделген  адами  ресурстар  мен  әлеуметтік  саланы 
дамытуды  аңғартады.  Жаңа  әлеуметтік  саясат  адам  әлеуетін  дамытуға, 
мемлекеттің  әлеуметтік  функцияларын  күшейтуге,  адамның  лайықты  өмірі 
үшін  жағдайлар  қалыптастыруға  бағытталатын  болады.  Өмір  сапасының 
қазақстандық ұлттық стандарты үздік әлемдік үлгілерге жақындайды. 
Әлеуметтік тұрақтылық пен игілікке қол жеткізу мыналардың негізінде 
мүмкін болады: өндіріс пен оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, шағын 
және орта бизнесті дамытудың, қоғамдық пайдалы еңбек саласында қосымша 
жұмыс  орындарын  қалыптастыру  нәтижесінде  жұмыспен  қамтуды  ұлғайту; 
еңбек  өнімділігін  өсіру  барысында  мемлекеттік  секторда  жәрдемақыларды 
көтеру;  зейнетақыны,  стипендия  мен  пособиелерді  индексиялау  және 
арттыру; халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал бөлігіне арнайы көмек көрсету. 
Қорыта айтқанда, аталған бағыттар мына төмендегілерді қамтиды: 
Саяси салада: елдің демократиялық дамуына ықпал ету; оның егемендігі 
мен  тәуелсіздігін  нығайту;  республиканың  территориялық  тұтастығы  мен 
ұлттық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету;  азаматтық  қоғамды  дамыту;  адамның 
құқықтары мен еркіндіктерін кеңейту; 
Экономикалық  салада:  халықтың  әл-ауқаты  мен  экономиканың 
өркендеуіне  жауап  беретін  меншіктің  барлық  түрлерін  дамыту;  әлеуметтік-
нарықтық шаруашылықты қалыптастыру; шағын және орта бизнесті қолдау; 
әлемдік экономикалық қауымдастыққа интеграция

 

Әлеуметтік  салада:  мемлекет,  бизнес  және  еңбек  арасында  серіктестік 
қатынастарды  қалыптастыру;  халықтың  әлеуметтік  аз  қорғалған  бөлігін 
мемлекеттік қорғау және қолдау; қазақстандық ауылды түлету; 
Рухани  салада:  қазақстандық  бірегейлік  пен  отансүйгіштікті  қалыптас-
тыру;  барлық  қазақстандықтарды  біріктірудің  басты  факторы  ретінде 
мемлекеттік  тілді  дамыту;  Қазақстан  этностарының  мәдени-тілдік 
төлтумалылығы  мен  рухани  мұрасын  қолдау;  этносаралық  келісім;  діни 
төзімділік. 
Осылайша, Қазақстан  2020  жылға  қарай құқықтық  және  әлеуметтік 
бағдардағы  мемлекетті  білдіретін  болады,  онда  тұлғаның  құқықтары  мен 
еркіндіктері,  мүдделері  мен  қажеттіліктері  оның  қоғам  мен  мемлекет 
алдындағы  жауапкершілігімен  астасатын  болады,  ал  мемлекет  пен  қоғам 
тұлғаның  өзін  жүзеге  асыруы  мен  дамуы  мүмкіндіктері  үшін  өзінің 
жауапкершілік  жүгін  арқалайтын  болады.  Мұндай  мемлекетте  халықтың 
билікке  деген  егеменді  құқығы,  биліктің  конституциялық  жіктелісі  мен 
олардың  өзара  бақылануы,  заң  үстемдігі  мен  оның  қолданылу  теңдігі, 
тұрғылықты  халықтың  әлеуметтік-құқықтық  қорғалуының  кепілдігі, 
мемлекеттің  реттеушілік  мүмкіндігіне  сүйенген  экономиканың  нарықтық 
негіздерін дамыту ұстындары басымдылық танытады. Мұның барысында өзі-
нің бүкіл мүдделері мен мұқтаждықтары жүйесімен қоса алғандағы адам ең 
жоғары құндылық болып табылады. 
Нұрсұлтан  Назарбаев   адамзатты  әлемдік  тарихтың  шынайы  мәнінде  
әлемнің ішкі рухани өзгеруіне итермелейтіндей көшбасшы деп нық сеніммен 
айтуға  болады. Мемлекет  басшысының  тапқыр инновациялық  идеялары  тек 
үндеу,  идея  күйінде  қалып  қоймайтыны  өте  маңызды.  Олар  өзінің 
практикалық  қалыбын  экономикадан,  саясаттан,  мәдениеттен,  әлеуметтік 
саладан,  халықаралық  қатынастардан  тауып  отыр.   Бұл  идеялар  мен 
бастамалар  нақты  өмірден  орын  алып  қана  қоймай,  Президенттің  бірқатар 
кітаптарынан,  мақалаларынан  және  сөйлеген  сөздерінен  көрініс  тапты. 
Олардың  барлығы  –  қазіргі  әлемнің  жаһандық  қатынастары  жүйесінде 
тәуелсіз  Қазақстанның  үйлесімді  және  орнықты  инновациялық  дамуымен 
сипатталатын  біртұтас  мақсатқа  бағындырылған  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
көпқырлы қызметінің құжатты куәліктері. 
Мемлекеттік  ұлттық  саясаттың  табыстары  мен  оны  жасау  мен  жүзеге 
асырудағы  Президенттің  рөлі  орасан,  күмәнсіз  әрі  жалпы  мойындалған. 
Елдің  жедел  дамуының  ұзақ  мерзімді  басымдылықтарына  жауап  беретін 
саяси  реформалардың  жүзеге  асырылуын  Мемлекет  басшысы  «Қазақстан-
2030»  стратегиясында,  Қазақстанның  бәсекеге  анағұрлым  қабілетті  50  мем-
лекеттің  санатына  ену  стратегиясында,  «Жаңа  Қазақстан  –  жаңа  әлемде 
(2007), «Қазақстан азаматтарының игілігін арттыру – мемлекеттік саясаттың 
басты  мақсаты»  (2008),  «Дағдарыс  арқылы  жаңару  мен  дамуға»  (2009), 
«Жаңа  онжылдық  –  жаңа  экономикалық  өрлеу  –  Қазақстанның  жаңа 
мүмкіндіктері» (2010) жолдауларында белгіледі. 
Оның үстіне Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және бұл ұйымның 
таяуда  Астанада  өткен  Саммиті  аймақтық  қауіпсіздік  пен  бейбітшілікті 

 
10 
нығайту  жөніндегі  Президенттің  қатаң  ұстанымы  мен  саяси  энтузиазмін 
толығымен  көрсетіп  берді.  Бүгінгі  Қазақстан  ядролық  қаруды  таратпаудың 
әлемдік  үдерісінің  жетекшісі  болып  қана  қоймай,  лаңкестікпен  күрестің 
халықаралық  күш-жігерін  қолдай  отырып,  әлемдік  тұрақтылықты  қамта-
масыз етуде маңызды рөл ойнап отыр. 
Мемлекет  басшысы  тұлғасының  жан-жақтылығы  мен  күш-қуатын 
бейнелейтін және республиканың болашаққа лайықты экономикалық, саяси, 
әлеуметтік,  мәдени  алға  жылжуына  ықпал  ететін  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
жаңашыл  идеялары  мен  бастамаларын  тізіп  айта  беруге  болады.  Көп  нәрсе 
жасалды,  бірақ  жасайтын  нәрселер  одан  да  көп.  Ұлт  көшбасшысының 
ұстанған  бағытының  сабақтастығын  сақтай  отырып  қана,  «2020-дамудың 
стратегиялық жоспарын» іске асыруға болады. 
Барлық осы күрделі де қиын міндеттердің оң шешім табуы Тұңғыш Пре-
зиденттің,  Ұлт  көшбасшысының  есімімен  және  көпқырлы  қызметімен 
байланысты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
11 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал