есте сақтау ес жүйесінде орталық түйіні болып табылады. Табылған ақпатаратты жинау мен сақтау процесінде ОЖЖ-да күрделі қайта өңделуі іске асады. Бірдей немесе ұқсас әсерлердің бірнеше қайталануы есте қалуы жай басу мен бекіту принципі арқылы емес, ескі ақпаратты реттеу, құнар беру, жаңа келген ақпаратпен салыстыру жолымен орындалады. Бұл сатыда ақпататтың екінші рет (бірінші - қабылдау кезінде) бұрмалануы болады.
Есте сақтау біздің күнделікті өмірде әдеттегі ес деген түсінігі болып табылады. Ол естің орталық түйіннің бірі.
Қайта жаңғырту ес блоктары немесе жүйелерінен ақпаратты шығарыуымен (оқу) сипатталады. Қайта жаңғырту есте қалдыру сияқты ерікті және еріксіз болады. Еріксіз қайта жаңғырту аңдаусыз болады да, беймаза сипатта болуы мүмкін. Ерікті жаңғырту ұзақмерзімді есте сақталған бұрынырақ табылған ақпаратты қайта жаңғыртуымен айқындалады. Ол таңдау сипатына ие, зейінді, кейде маңызды ақыл-ой жігерін қосуды талап ететін белсенді процесс.
Қайта жаңғыртудың ерекше түрі танып білу, яғни қабылданатын объектіні өткен тәжірибеден таныстығын мойындату, теңдестіру. Танып білу белгілі әсерді естің сәйкес іздерімен салыстыру операциясына негізделеді. Өз өміріңізде Сіз осы жаңғыртудың түрімен жиі кездесесіз, сонымен бірге емтихандарда да. Тәжірибелі ұстаздың студентпен жақсы ұйымдастырылған өзара әрекет оқу материалдың осы жаңғыртудың түрін белсендіре алуы мүмкін.
Реминисценция – алғашында (тікелей қайта жаңғырту кезінде) жаңғырта алмағанды мерзімі шегірген еске түсіру. Нәтижесінде мерзімі шегірген қайта жаңғыртудың тікелей жаңғыртуға қарағанде жарым-жартылай немесе толық жақсаруы өтеді. Реминисценция әдетте ақпаратты есте қалдырудан 12-36 сағат кейін іске асатын ақпаратты анық, айқын жаңғыртумен байланысты.
Ұмыту деп қайта жаңғырта алудың мүмкін еместігі ретінде, табылған ақпаратты практикалық іс-әрекетте қолданбау мен пайдаланбауы ретінде түсініледі. Бірақ ол белгілі жағдайда жаңғырта алады.