Ұмыту процесін эксперименталды түрде алғаш зерттеген неміс ғалымы Г. Эббингауз зерттеудің негізінде мағынасыз материалдың ұмыту заңын орнатты (3-суретті қараңыз).
Бұл заңы бойынша ұмыту есте қалдырудан кейін бірден басталады да, біртекті болмайды. Басында бұл процесс айтарлықтай тез өтіп, есте қалдырудың бірінші күні бойы адам әдетте механикалық түрде есте қалдырған ақпараттың жартысына дейін ұмытады. Содан кейін бұл процесс бәсеңдеп 7 күннен кейін тоқталады дерлік. Онан әрі ұмыту процесі өте баяу жүреді. Қорытындысында есте қалдырудан ай өткеннен кейін есте алғашында сақталған ақпараттың 20%-дан кем қалады. Бұл тек механикалық есте қалдыруға тән заң деп тағы да айқындайық.
Зейгарникэффекті мазмұнын келесіден көруге болады. Егер адамдарға тапсырмалар қатарын ұсынсақ, және біреулеін аяғына дейін жеткізуге, ал басқаларды аяқтамай қалдыруға мүмкіншілік берсек, сонда зерттеленушілер аяқталмаған тапсырмаларды үзу моментіне аяқтаған тапсырмалардан екі есе арттығырақ есіне алатындығы анықталынады. Бұны былай түсіндіруге болады:зерттенушілер тапсырманы алу мезгілінен оны орындау қажеттілігі пайда болады, және де оның күші тапсырманы орындау процесі кезінде артады. Бұл қажеттілік тапсырма орындалғанда өзін толығымен іске асырады, ал егер тапсырма аяғына дейін жеткізілмесе, ол қанағатталмаған күйінде қалады.
Шеткі эфекті. Бірыңғай ақпаратты есте сақтау барысында, басқаларына қарағанда, оның басы мен соңы еске жақсырақ түседі.
Реминисценция эфекті жатталған материалды қосымша қайталаусыз-ақ еске түсірудің уақыт өтісімен жақсаруында байқалады. Көбіне бұл құбылыс материалды есте бірден жатқа сақтауда емес, оны жаттау барысындағы қайталауларды бөлу кезінде орын алады.
Фрейд бойынша, мотивацияланған ұмыту заңы адамның психологиялық тұрғыдан өзіне жағымсыз нәрсені ұмытуға бейімді болатынын көрсетеді. Мұндай жағымсыз мүдделер мен уәделерді мотивацияланған түрде ұмыту олардың жағымсыз көңіл-күйлік толғаныстармен байланысты болған жағдайларында әсіресе жиі орын алады.