"Основные проблемы электромагнитизма"



бет1/5
Дата29.03.2022
өлшемі104,75 Kb.
#29154
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Физика, математика және цифрлық технологиялар институты

ЭЛЕКТРОМАГНЕТИЗМ ТАРАУЫН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Ғылыми жоба жеткешісі: Бостанов Е. Л.

Жобаны орындаушылар: Тилейхан А.

Жұман Д. Т.

Мырзаханова С. Ә.

Түйіндеме: «Электрмагнитизмнің негізгі мәселелері» тақырыбына оқу – әдістемелік құрал дайындау.

Аннотация: Подготовка учебно-методического пособия на тему: "Основные проблемы электромагнитизма".

Аbstract: Preparation of an educational and methodological manual on the topic: "The main problems of electromagnetism".

Кілттік сөздер: Электрмагнитизм, индукция, ток, катушка, магнит өрісі

Ключевые слова: Электромагнетизм, индукция, ток, катушка, магнитное поле

Keywords: Electromagnetism, induction, current, coil, magnetic field
«Электрмагнитизм» тақырыбы бойынша қажетті оқу материалдарының топтастырылып берілуі білім алушы студенттерге, оқытушыларға пайдалы оқу- әдістемелік құрал болып табылады.

Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың алғашқы тарауында жалпы білім беру мектептерінде «Электрмагнитизм» тақырыбы бойынша қарастырылатын негізгі сұрақтар келтірілген.

Негізгі екінші тарауда «Электрмагнетизм» тақырыбын жалпы физика курсында оқытудың кейбір ғылыми - әдістемелік мәселелері баяндалған. Осы тарауда тақырыпқа қатысты дәрістік материалдар мен зертханалық жұмыстар, есеп шығару мысалдары мен студенттер өз беттерімен жұмыс істеуге арналған есептер берілген.

Еліміздің білім беру стандартының, базистік оқу жоспарының қабылдануы пәнді оқыту мазмұнына, құрылымына, әдістемесіне елеулі өзгерістердің енгізілуін талап етеді. Қазіргі кезде физиканы оқытуда оқушылардың болашақта қандай мамандықты таңдап алуына тәуелсіз, олардың пән бойынша міндетті дайындық деңгейін қамтамасыз ету физиканы оқытудың өзекті міндеттерінің бірінен саналады. Ал физикалық білім берудің ерекшелігіне әрбір оқушының, оның ішінде пәнге ерекше ықылас пен қабілеттілік байқатқан оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік туғызатын оқытудың деңгейлік және бағдарлы саралауға бағытталуын жатқызуға болады.



Токтардың өзара әсерi. Бұранда және сол қол ережесi.Магнит индукциясы. Магнит өрiсi

Қозғалмайтын электр зарядтары электр өрiсiн туғызады, қозғалатын зарядтар басқа өрiс – магнит өрiсiн туғызады.

Бұған иiлмелi өткiзгiшмен жасалған тәжiрибеден көз жеткiзуге болады. Егер екi параллель өткiзгiштер бойымен бiр бағытта ток өтсе, өткiзгiштер бiр бiрiне тартылады, ал егер ток бағыттары қарама-қарсы болса, онда өткiзгiштер бiр-бiрiнен тебiле бастайды.

Ток өтетiн өткiзгiштер арасындағы пайда болатын әсер магниттiк әсер деп аталады. Бұл жағдайда өткiзгiштердiң бiр-бiрiне әсер ететiн күштерiн магниттiк күштер деп атайды.

Электромагниттiк өрiстiң байқалуының бiр түрiн магнит өрiсi деп атайды. Оның ерекшелiгi болып, ол өрiс тек қана электр заряды бар қозғалыстағы бөлшектер мен денелерге, сонымен қатар қозғалатын не қозғалмайтындығына байланыссыз магниттелген денелерге әсер ететiндiгi табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет