Идентификация, адамның ұдайы белгілі бір топқа кіру қажеттілігін ұғынуды, осы қауымдастықтың мүдделерін білдіруді және қорғауды көрсетеді;
Идентификация, адамның ұдайы белгілі бір топқа кіру қажеттілігін ұғынуды, осы қауымдастықтың мүдделерін білдіруді және қорғауды көрсетеді;
Бағыттылық,адамның саяси құбылыстарды мағыналық бейнелеу, нақты саяси жүйеде өзінің бостандықтары мен құқықтарын іске асыру барысында жеке мүмкіншіліктерін түсіну ұмтылысын сипаттайды;
Танылу(бағдарламалау), адамның мінез-құлқына белгілі бір бағдар беретін, нақты нормалар мен көзқарастардың, бағыттардың басымдылығын білдіреді;
Бейімделу, адамның өзгеріп жатқан саяси ортаға икемделу қажеттілігін көрсетеді;
Әлеуметтену,тұлғаның өзінің құқықтарын, саяси қызметтері мен мүдделерін іске асыруға мүмкіндік беретін белгілі бір дағдылар мен қасиеттерге ие болуды сипаттайды;
Интеграция, нақты саяси жүйе шеңберінде әр түрлі топтардың қатар өмір сүруін, мемлекет тұтастығын қамтамасыз ету;
Коммуникациялар,жалпыға ортақ терминдерді, рәміздерді, стереотиптерді және басқа да ақпарат көздері мен қатынас тілі негізінде барлық субъектілер мен билік институттарының өзара әрекеттестігін қамтамасыз етуді білдіреді.
Саяси мәдениетті қалыптастыратын қоғамдық күштер:
Мемлекет
Қоғамдық ұйымдар, партиялар
Діни ұйымдар
Ақпарат құралдары
Бизнес әлемі
Академиялық қауым
Әскер
Г.Алмонд пен С.Верба, Д.Пауэлл «Азаматтық мәдениет» кітабында саяси мәдениет туралы өз түсініктерін 5 елдің – АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия және Мексикандық саяси мәдениетін тарихи-салыстырмалы зерттеу арқылы көрсетті.
Олардың анықтауынша саяси мәдениет – бұл әрбір саяси жүйенің айырмашылығын көрсететін саяси іс-әрекеттерді бағдарлаудың ерекше түрі. Бір жағынан, саяси мәдениет белгілі-бір автономияға ие болғанымен, берілген қоғамның жалпы мәдениетінің ерекше бөлігі болып табылады; екінші жағынан, нақты саяси жүйемен байланысты.