Особенности древних цивилизаций



бет6/11
Дата03.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#133549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Лекция 11-12 Полит культура и идеология

Саяси мінез-құлық - белгілі бір қоғам мүшелеріне тән, өзара ортақ мүдделер, принциптер, мақсаттар негізінде біртұтастық, ұжымдылық, энтузиазм, сенім, қорқыныш сезімдерін қалыптастыратын ортақ эмоциялар мен әрекеттер.

  • Саяси мінез-құлық - белгілі бір қоғам мүшелеріне тән, өзара ортақ мүдделер, принциптер, мақсаттар негізінде біртұтастық, ұжымдылық, энтузиазм, сенім, қорқыныш сезімдерін қалыптастыратын ортақ эмоциялар мен әрекеттер.
  • Саяси мінез-құлықтың ерекшеліктері саяси психология ретінде зерттеледі. Оған негізге алынатын қоғамдағы жалпыға бірдей тұлғаларға тән мінез-құлықтың «базалық құрылымы»: саяси мінез-құлықтың қоғамның барлық мүшелерінде немесе олардың басым көпшілігінде кездесетін ортақ ұстанымдар, құндылықтар мен түрлі сенімдерінің жиынтығы «тұлғаның базалық құрылымын» құрайды.
  • Саяси мінез-құлықпен қатар қоғамда жаппай бұқаралық мінез-құлық та болады. Оған мына сипаттар тән: - статикалылық – халық бұқарасының тұтастылығы болмайды; - хаотикалылық – бұқара бей берекет, тәртіпке келмеген күйде болады;
  • - ситуациялылық – халық мінезі кездейсоқ жағдайлармен анықталады;
  • - әр тектілік – халық бұқарасының әлеуметтік құрамы әр түрлі таптар, топтар, ұлт өкілдері т.б. жіктерден болуы мүмкін;
  • - аморфтылық – бұқараның мінез-құлқындағы формасыздық;
  • - анонимділік - өзінің мінез-құлқын ашық көрсетпеу, жасырын ұстау.

Жалпы алғанда халық бұқарасын: ақыл-ой (рационалды) әрекеттесу негізінде қалыптасқан жариялы әлеумет (публика); бей-берекет түрде жиналған жабайы бұқара (толпа) деп екіге бөле аламыз.

  • Жалпы алғанда халық бұқарасын: ақыл-ой (рационалды) әрекеттесу негізінде қалыптасқан жариялы әлеумет (публика); бей-берекет түрде жиналған жабайы бұқара (толпа) деп екіге бөле аламыз.
  • Саяси мінез-құлықтың көптеген формалары бар. Олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады:
  • - саяси араласу (сайлауға, референдумдарға, ұйымдар жұмыстарына және т.б.).
  • - саяси қызмет (саяси немесе мемлекеттік органдардағы жұмыстар жасау).
  • - саяси иммобильділік (әрекетсіздік) – дамудың төмен деңгейі, жаттану, апатия, бойкот;
  • - абсентеизм – халықтың саяси өмірге бейжай қарауы, оған қатынасудан бас тартуының көрінісі.
  • Саяси мінез-құлықтың кейбір типтеріне мыналарды да жатқызуға болады:
  • Көтеріліс – белгілі бір территориялық ареалды қамтитын, ашық қарулы әрекеттер түрінде көрініс табатын халықтың наразылығы.
  • Бүлік (Бунт) – төменнен бастау алатын басқарушылар мен бағынушылар арасындағы жанжалдар мен келіспеушіліктерді стихиялы түрде шешуге бағытталған әрекет.
  • Қарулы бүлік (Мятеж) – әскерилердің, болмаса жекеленген ұйымдардың күш көрсете отырып, заңды билікке қарсы ұйымдасқан және қарулы түрде бас көтеруі.
  • Путч – белгілі бір адамдар тобының халық бұқарасын араластырмай билікке қол жеткізу әрекеті.
  • Саяси ойын – бопсалау, арбау, келісім, құпия әрекеттер жолымен жүзеге асырылатын саяси іс-қимылдың түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет