2) Бағдарлық – қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;
3) Жұмылдыру – қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;
4) Амортизациялық – идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді;
5) Бағалау – идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.
4. Саяси идеология түрлері
Идеология әлеуметтік саяси парадигмасына қарай солшыл және оңшыл деп бөлінеді. Солшыл идеология қатарына: коммунизм, социал-демократия жатады. Ал, оңшыл идеологияғалиберализм, консерватизм, фашизм, нацизм жатады.
Либерализм – латыншадан аударғанда liberalis -еркін
Негізін салушылар: Дж. Локк, Ш. Монтескье, А. Смит, И. Кант, Т.Джефферсон, А.Токвиль, Дж.Миль
Негізгі идеялары
Саяси салада – мемлекеттің қызметін заңмен шектеу, билік бөліну принципі
Экономикалық салада – еркін нарық, еркін бәсекелестік, мемлекеттің нарықтық қатынастарға араласпауы
Әлеуметтік салада – адамның өмір сүруге, еркіндікке құқығы, заң алдында барлығы бірдей, азаматтардың мемлекеттің ісіне араласуы
Либерализм (лат. liberalis – еркін, азат) тұлға және индивидтің өзге де әлеуметтік және саяси құқықтарының еркіндігі мен мемлекеттік қызмет ету саласын шектеуді қолдайтын ілім және қоғамдық-саяси ағым. Либералды дүниетанымның тамырлары Ренессанс пен Реформацияға кетеді. Оның бастауында Дж.Локк, Т.Гоббс, Ш. Л. Монтескье, И.Кант, А.Смит, В.Гумбольдт, Т.Джефферсон т.б. тұрды.
Либерализм (лат. liberalis – еркін, азат) тұлға және индивидтің өзге де әлеуметтік және саяси құқықтарының еркіндігі мен мемлекеттік қызмет ету саласын шектеуді қолдайтын ілім және қоғамдық-саяси ағым. Либералды дүниетанымның тамырлары Ренессанс пен Реформацияға кетеді. Оның бастауында Дж.Локк, Т.Гоббс, Ш. Л. Монтескье, И.Кант, А.Смит, В.Гумбольдт, Т.Джефферсон т.б. тұрды.
Батыстық қоғамдық – саяси ойдың ағымы ретіндегі либерализмнің қалыптасуындағы бұрылыс нүктесі – Ұлы француз буржуазиялық революциясы. Классикалық либерализмнің маңызды жүйе түзуші құралы болған негізгі идеялар мен ұстанымдар 1789 жылы «Адам және азамат құқықтарының Декларациясы» мен 1791жылы Конституцияда қалыптастырылды.
Қазіргі таңдағы либерализмнің саяси идеологиясы біртекті емес, оның 3 бағытын бөліп көрсетуге болады: бірқалыпты, консервативті, сомиплибералды (радикалды). Либералистер ХХ ғ.80-жылдары Ұлыбритания, Европа, Жапония, АҚШ-та зор табысқа ие болды, оның жаңа бағыты - неолиберализм дүниеге келді. Неолибериализмнің негізгі қағидалары - әділеттілік, моралдық құндылық қағидаларын ескеру, басқарушылар мен басқарылушылардың келісімі, бұқараның саяси процеске араласуы, басқару шешімін қабылдауды демократияландыру т.б.
Консерватизм – латыншадан conservo - қорғаймын.
Негізін салушылар: Эдмунд Берк, Жозеф де Местр, Клеменс Меттерних
Негізгі идеялары
Саяси салада – билік элитаның қолында болатын күшті мемлекет
Экономикалық салада – мемлекет экономиканы реттей алады, бірақ жеке меншікке қол сұқпайды
Әлеуметтік салада – қоғамдық құндылықтардың жеке адам құндылықтарынан басым болуы. Дәстүрлердің маңыздылығы, әлеуметтік тұрақтылық
Құру жолдары - қоғам эволюциясы, революцияны және радикалды реформаларды қабылдамау,