Еңбек сараптамасы - сарапшыға аурудың еңбекке қабілеттігі туралы сұрақты шешу үшін науқастың әлеуметтік-еңбектік тәртібі жайында мәліметтер керек және сараптау кезінде оның клиникалық жағдайына дұрыс баға беру керек. Сарапшы еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі немесе тұрақты жоғалуын анықтай келе оның дәрежесін де анықтауы керек. І, ІІ,ІІІ.
Еңбек сараптамасы -сарапшыға аурудың еңбекке қабілеттігі туралы сұрақты шешу үшін науқастың әлеуметтік-еңбектік тәртібі жайында мәліметтер керек және сараптау кезінде оның клиникалық жағдайына дұрыс баға беру керек. Сарапшы еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі немесе тұрақты жоғалуын анықтай келе оның дәрежесін де анықтауы керек. І, ІІ,ІІІ.
І топ мүгедегі қойылған науқастарда еңбек қабілеттілігін жоғалту созылмалы немесе тұрақты болады. Бұндай дәрежесі бар науқастар үнемі көмек, күтім және бақылауды қажет етеді.
І топ мүгедегі қойылған науқастарда еңбек қабілеттілігін жоғалту созылмалы немесе тұрақты болады. Бұндай дәрежесі бар науқастар үнемі көмек, күтім және бақылауды қажет етеді.
ІІ топ жеңіл жұмыстарды орындау мүмкіншілігі бар науқастарға беріледі. Олар өзгелердің көмегін әдетте қажет етпейді, өзін өзі күтуге қабілетті.
ІІІ топқа еңбек қабілеттілігі едәуір төмен науқастар жатады. Аурудың әсерінен ауруға шалдықпас бұрынғы кезеңдегідей өнімді қызмет ете алмайды, бірақ жеңіл жағдайларда, күш аз түсетін жерлерде, физикалық және психикалық жүктеме аз орындарда жұмыс жасай алады.
Соттық-психиатриялық сараптама– ауыр психикалық аурулармен зардап шегетін науқастар өздерінің істеріне есеп беруге және оларды басқаруға қабілетсіз болғандықтан психиатриялық ауруханаға жолданады. Аз үдемелі, баяу ағымды және постпроцессуалды психопатия тәрізді жағдайлар сараптамасы айтарлықтай қиындықтар туындатады.Науқастың психотикалық күйде жасаған азаматық актілерінің заңды күші болмайды. Басқа жағдайларда науқасты қабілетті деп мойындау мүмкіндігі бар.
Соттық-психиатриялық сараптама – ауыр психикалық аурулармен зардап шегетін науқастар өздерінің істеріне есеп беруге және оларды басқаруға қабілетсіз болғандықтан психиатриялық ауруханаға жолданады. Аз үдемелі, баяу ағымды және постпроцессуалды психопатия тәрізді жағдайлар сараптамасы айтарлықтай қиындықтар туындатады.Науқастың психотикалық күйде жасаған азаматық актілерінің заңды күші болмайды. Басқа жағдайларда науқасты қабілетті деп мойындау мүмкіндігі бар.