Күрделі галлюцинацияда бір мезгілде әр түрлі галлюцинация түрлері бірігіп келеді.(көру және есту, көру және тактильдік, көру және иіс сезу). Жалған галлюцинацияда шынайы галлюцинация сияқты белгілі бір, нақты сезім байқалады. Шынайы галлюцинацияға қарағанда жалған галлюцинация образдары нақты заттармен және құбылыстармен тендес келмейді. Бұл жағдайларда ауру нақты дауыстардан ерекше дауыстар, арнайы көріністер, психикалық бейнелер қатысатынын айтады. Жалған галлюцинация шынайы галлюцинацияға қарағанда, әдетте, сырттағы, нақты заттармен құбылыстар дүниесіне жауап бермейді, елесті сезінумен шектеледі. Жалған галлюцинацияда шын галлюцинация сияқты сезім мүшелері бойынша бөлінеді.

Диагностикалық белгілері:
Экстракампидті галлюцинация әдетте шизофрения кезінде байқалады (Блейлер, 1920).
Бұл галлюцинацияның пайда болуы үшін шынайы тітіркендіргіш қажет.
Олар жиі есту және сирек көру галлюцинациясы болады. Бұл галлюцинация шынайы индифферентті, стереотипті және монотонды тітіркендіргіштер: жүріп бара жатқан поезд, сағаттың, желдің дауысы, краннан тамшылаған су және т.б.
Мұндай галлюцинация бірге пайда болып, тітіркендіргіш тоқтағанда ол да жоғалады.
Функционалды галлюцинация кезінде тітіркендіргіш қай анализаторға әсер етті, соған байланысты галлюцинация пайда болады.