Мәнжазбатақырыптары Қарахан мемлекетінің құрылуы. Ислам дінінің таралуы.
Қарақытайлардың Жетісуға енуі.
Қыпшақтар туралы тарихи деректер мен зерттеулер.
Қыпшақтардың таралу аймағы және түрік тілдес халықтардың саяси-экономикалық тарихындағы ролі.
Орталық Азиядағы түрік тайпалары және олардың ұлыстарының құрылуы.
Керейіт, наман, меркіт ұлыстары.
Қазақ халқының құрамындағы қыпшақтар.
ӨСӨЖ 5 Глоссарий Құрылтай-дала халықтарын басқару органы, көшпелі халықтардың сьезі.
Мауеренахр-Әмудария және Сырдарияның арабша атауы.Әмір Темірдің құрған мемлекеті осылай аталды.
«Шыңғыснаме»-Шыңғыс хан және оның ұрпақтары жазған шежіре.Өтеміс Қажы жазған.(XVIғ.)
Басқақ-монғол хандарының жаулап алынған жерлерден алым-салық жинауға және халық санағын жүргізуге тағайындалған адам.
Беклербек-ханның арнайы жарлығымен аймақты,ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқаратын әскери қызметкер.
Ямалық жүйе-Монғол империясындағы қатынас жүйесі немесе почта атауы
Мыңбасы- ертедегі монғол,түрік әскерлеріндегі бір мың жауынгер басшысының атауы.
Дешті қыпшақ-Қыпшақ даласы,XI-XYI ғасырларда қолданылған географиялық ұғым.
Ноғай ордасы-Алтын Орданың ыдырауы,Ақ Орданың әлсіреуі барысында пайда болған ірі мемлекеттік бірлестіктің бірі-Ақ Орда.
Тағар-әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын егін және мал салығы.
Төмендегі сөйлемнің ішіндегі қатені табыңыз: Қазақ хандығының негізін салушылар Ақ Орданың соңғы ханы Орыс ханның ұрпақтары Абылай мен Әбілхайыр еді. Қазақ хандығының құрылуын М.Х.Дулати өзінің «Жылнамалар жинағы» атты еңбегінде 1468-1470 жылдарға жатқызады. А.П.Чулошников Қазақ хандығын ХУІ-ХУІІІ ғасырларда құрылды дейді. Көшпелі өзбектер мемлекетінің басшысы Жүніс хан қалмақтардан жеңілгеннен кейін, ол ойрандалған ұлыстарда қатаң шаралар қолдануға кіріскен кезеңде, Керей мен Бараққа бағынған көшпелі рулар мен тайпалардың жағдайы қысымшылыққа ұшырайды. Көшпелі өзбек мемлекетінен кету әсіресе 1468 жылы Едіге хан өлгеннен кейін күшейеді. Моғолстанның соңғы ханы Тоғылық Темір өлгеннен кейін Моғолстан хандығының билігінен шығып кеткен Ұлы жүз қазақтары қалыптасты. Қазақ хандығы алғаш Сырдария мен Арал теңізі жағалауында өз туын тікті. Моғолстан хандығынан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібектің соңына ерген қазақтардың саны алғашында 1 миллионға жеткен еді. Астанасы Сарайшық қаласы болатын.