ӨСӨж пән: Жұбановтану 6В01701-қазақ тілі және әдебиет бб- 1курс



Дата16.03.2023
өлшемі21,34 Kb.
#74936
түріОқулық
Байланысты:
Оңғарбаева Наргиза өсөж(1)



Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

ӨСӨЖ
Пән: Жұбановтану
6В01701-қазақ тілі және әдебиет бб- 1курс

Орындаған: Оңғарбаева Наргиза


Топ: ҚТӘ-102
Тексерген:Миров Мұхтар Орынбасарұлы

Ақтөбе, 2023




  1. Тапсырма

Профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың қазақ грамматикасына қатысты алғашқы оқулықтардың бірі саналатын 5-сыныпқа арнап жазған «Қазақ тілінің грамматикасы» (жалпы морфология) еңбегінің бірінші бөлімі 1936 жылы жарық көреді. Аталған оқулықта ғалым қазақ тілінің грамматикалық құралымын формалық және мазмұндық жағынан егжей-тегжейлі сипаттап береді. Ал кітаптың екінші бөлімі ғалымның репрессияға ұшырауымен байланысты жоғалған.


Аталмыш грамматикада морфология, синтаксис, фонетика мәселелері қамтылып, теориялық материалдар ғана берілген. Құдайберген Жұбановтың еңбектеріндегі морфология мәселесіне қатысты тағы бір жаңалық – ғалымның өзі атап отырған жалғау мен үстеулердің түбір сөзге жалғану реті туралы ғылыми ойлары. Ғалым еңбегінен үзінді келтірейік: «Қазақ тілінде қосымшаның бәрі түбірдің соңғы жағынан жалғанады. ...Үстеу мен жалғаудың екеуі де жалғанса, үстеу бұрын келеді де, ең соңынан жалғау келеді... жалғау, көбінесе бір сөзде біреу-ақ болады да, бір жалғаудың үстіне екінші жалғау жалғанбайды. Үстеу бірінің үстіне бірі жалғана береді де, бір сөзде біреуі ғана болмай, бірнешеуі бола береді. Мысалы, ор – ақ – шы – лық десек, бір сөздің өзінде – ақ, -шы, -лық деген үш үстеу болады. Үстеу нешеу болса да түбір мен жалғаудың екі аралығында ғана болады да, жалғаудан кейін келмейді.Жалғау түбірге де, үстеуге де жалғанады... 1) қосымша түбір сөзге тығызырақ байланысқан. Сондықтан, қосалқымен қабат келсе, түбір жағында қосымша тұрады да, қосалқы аяққа кетеді... 2) қосымшаның бәрі де түбірден соң ғана келеді, қосалқының ішінде түбірден бұрын келетіні де бар» (1, 166).



  1. Тапсырма

Профессор Қ.Жұбанов морфологияны «сөз құрылысы» деп алып, «сөз-сөздің қалай құралатынын жалпы түрде қарайтын ғылымды жалпы морфология дейміз» Морфология морфемдердi қарайды (морфем – сөз мүшесі) Морфем дегеннен гөрi лексема деген жақсы. Морфемдер (лексема) синтаксисi – сөз. Грамматика бұл терминнiң мәнiсi түрлi сөздердiң жақын-алыстығын тергей, әр тобына белгiлi форма тағатын, сөздер ауыл-үй қонғанда, оларға тиiстi орын сайлап беретiн ғылым саласы дегендi бiлдiредi.





  1. Тапсырма

Профессор Қ.Жұбанов сөйлем ішіндегі сөздер тура және бұрма күйде тұрады дейді. Мұндағы тура күй дегені – сөздің түрленбеген түбір күйі де, бұрма күйі деп отырғаны – сөйлем ішіндегі сөздердің басқа сөздермен байланысу үшін жұрнақ, жалғаулар жалғанып, түрленуі. Ғалым сөздердің сөйлеу материалы екенін, сөздердің сөйлемде тура және бұрма күйлерде келіп бір-бірімен байланысатындығын, сол арқылы ғана аяқталған ойды білдіріп, сөйлем құрай алатындығын айтады. Сондай-ақ жеке сөздердің сөйлем ішінде байланысуына қосымшалардан басқа, «сөз бен сөзді байланыстырып, қиынын келтіретін сөздерді» жалғауыштар деп атаған. Олар – да, мен, үшін, сайын сияқты сөздер. Олар бұрма күйде тұра алмайды, өйткені бұларға жалғау жалғанбайды деп, бұл сөздердің түрленбейтінін атап көрсеткен




  1. Тапсырма



Қазіргі қолданыстағы түбір сөздерді Қ.Жұбанов «түбір» не «түп бөлшек» деп атаймыз дейді. Ғалым «қосымшалы сөз» деген терминді тек туынды түбірлерге ғана қатысты қолданбаған. Жалғау жалғанған сөздерді де «қосымшалы сөз» терминімен атаған. Мысалы: «көлшік» те, «көлде» деген сөз де – қосымшалы сөздер. Алайда бұдан Қ.Жұбанов туынды сөздерді сөз формаларынан ажыратып көрсетпеген деген түсінік тумау керек. Бұған ғалымның «түбір негізді – түп негіз дейміз, үстеулі негізді – туынды негіз деп атаймыз деуі, түп негізге көл сөзін, туынды негізгі көлшік сөзін жатқызамыз» деген тұжырымдары дәлел.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет