Тарихи туынды түбір Орындағандар:Убайдуллина Диана,Ертаева Гүлзат ҚТӘ-201
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Университеті
Жоспар:
- Туынды түбір
- Негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ
- Туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі
- Қорытынды
Туынды түбір деп құрамы негіз сөз бен жұрнақган тұратын сөздер аталады
Туынды түбір туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі сөзжасамдық жұрнақтар арқылы туынды түбір сөздер жасап, тілді байытып отырады. Туынды түбірдің құрамы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұрады. Туынды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады. Негіз сөздің лексикалық мағынасы жұрнақ қосылғаннан кейін туатын лексикалық мағынаға негіз болады, сондықтан туынды түбірдің мағынасы мен негіз сөздің мағынасы үнемі байланысты болады. Мысалы: өнер-лі, ақ-та, көйлек-шең, біт-ім, сыр-лас т.б.
- Туынды түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады:
НЕГІЗ СӨЗ
СӨЗЖАСАМДЫҚ ЖҰРНАҚ
Бұл екі морфема — туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған сөз қандай түбір болса да, одан жасалған туынды түбірдің бір морфемасы артық болады.
Негіз сөздің лексикалық мағынасы жұрнақ қосылғаннан кейін туатын лексикалық мағынаға негіз болады, сондықтан туынды түбірдің мағынасы мен негіз сөздің мағынасы үнемі байланысты болады. Мысалы: өнер-лі, ақ-та, көйлек-шең, біт-ім, сыр-лас т.б. Бұларда өнерлі деген мағына өнер деген сөздің мағынасына негізделген. Сол сияқты ақта дегенге ақ, көйлекшең дегенге көйлек, бітім дегенге біт, сырлас дегенге сыр сөзі негіз болған. Сондықтан өнерлі, ақта, көйлекшең, бітім, сырлас деген туынды түбірлердің мағынасы оларға негіз болған өнер, ак, көйлек, біт, сыр деген негіз сөздердің мағынасымен байланысты.
Туынды түбірлер тілдің қазіргі даму сатысына сай танылады. Сондықтан туынды түбірдің құрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұрады. Мысалы, кедейлік<кедей+лік, қымызхана<қымыз+хана, көкте<көк+те, намысқор<намыс+қор, тапқыр<тап+қыр, тотық<тот+ық, тігін<тік+ін, үшкыш<үш+қыш, ұшақ<ұш+ақ. Келтірілген туынды түбірлердің бәрінде олардың қүрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұр. Осы туыңды түбірлердің құрамындағы жұрнақтың әрқайсысы тілде бірнеше басқа туынды түбірлер жасаған. Олармен бұл туынды түбірлерді салыстыру аркылы жұрнақтың тілдің сөзжасам жүйесінде бары анықталады. Бұл жағдай тарихи тұрғыдағы туынды түбірлерге қатысты емес.
Тарихи тұрғыдағы түбірлердің құрамындағы морфемалар жігі
Тарихи тұрғыдағы туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі жойылған. Сондықтан олар казіргі тілдің даму сатысында туынды түбір саналмайды. Мысалы, түркологтар жой-жоқ, той-тоқ, кел-кет сөздерін көне заманда туынды түбір болған сөздер деп дәлелдеген. Қазіргі тілдің даму сатысында бұл сөздер туынды түбірлер ретінде танылмайды, олар қазір негізгі түбірлер саналады. Міне, сондықтан да туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі сақталуы да олардың белгілеріне жатады.
- Туынды түбірлер белгілі сөз таптарының құрамында болады. Мысалы, қолөнерші, жазушы, күресші, дорбашық, буыншақ, түйін, болжам деген туыңды түбірлер зат есімге жатады. Өркениетті, білікті, әуесқой, өнерпаз, дүниеқор, бағалы, киімшең деген туыңды тубірлер сын есімге жатады. Ал тазала, әңгімеле, қолда, жолық, ағар, қысқар, бағала деген туынды түбірлер етістік екені белгілі.
Туынды түбірлердің сөз таптарына қатысты болатын себебі әр сөз табының өзіне тән сөзжасамдық жұрнақтары бар. Туынды түбір қай сөз табының жұрнағы арқылы жасалса, сол сөз табының туынды түбірі саналады. Осымен байланысты әр сөз табьшың сөзжасамы бар. Мысалы, зат есімнің сөзжасамы, сын есімнін сөзжасамы, етістіктің сөзжасамы т.б.
Қорыта келгенде туынды түбірлердің мынадай белгілері бар:
1) туынды түбір екі морфемалы сөз, олар: негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ;
2) туынды түбірдің мағынасы оның құрамындағы негіз сөз бен сөзжасамдық жүрнактың мағынасынан жасалады;
3) туынды түбірдің құрамындағы негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы байланысты болады;
4) туынды түбір сөз белгілі бір сөз табына қатысты болады. Бұл белгілерге сүйеніп, туынды түбірлерді басқа тілдік бірліктерден ажыратуға болады.
- Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.
Достарыңызбен бөлісу: |