Осөж тақырыбы: Сыныптан тыс оқуды есепке алу жүйесі Орындаған: Қабибулла Ә. Т тобы: Дефектология – 401 Тексерген: Жубатырова Б. Т 2022 жыл Мектептің тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын сыныптан тыс жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің


Сыныптан тыс жұмыстың функциялары



бет2/5
Дата12.05.2023
өлшемі36,53 Kb.
#91951
1   2   3   4   5
Сыныптан тыс жұмыстың функциялары
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттерін оның – оқытушылықтәрбиелікдамытушылық функциялары анықтайды.
Сыныптан тыс жұмыстың оқытушылық функциясының оқу әрекетіне қарағанда үстемділігі аздау. Сыныптан тыс жұмыста ол тәрбиелік және дамытушылық функциялардың тиімді іске асуына көмекші болады. Ғылыми білімдердің, (оқу іскерлігі мен дағды жүйесінің қалыптасуында емес), жай қарым-қатынас дағдысында, ұжымдық өмір, мінез-құлықтық белгілі бір дағдысын үйретуге негізделеді.
Алайда, сыныптан тыс жұмыс пен оқу жұмысын дұрыс үйлестіру бүкіл оқу-тәрбиелік әрекеттік жүйенің үлкен икемділігін қамтамасыз етеді. Сыныптан тыс жұмыс бәріне бір және міндетті оқу жоспарын сақтау кезінде оқыту мен тәрбиелеудің сараланған тиімді құралы бола алады. Сабақтың толықтығына байланысты уақыттың аздығынан, оқу әрекетінің шеңберінде жоюға қиын, оқу жұмысының кемшіліктерін теңелте алады.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың жеке қабілеттерін бейімділігі мен ынтасын дамытатын және көрсететін дамытушылық функциясының маңызы зор. Мысалы, артистік қабілеті бар оқушыны мектептегі мерекелік шараларға, КВН-ға, информатикаға қабілеті бар оқушыны – олимпиядаларға пайдалы бағдарламаларды құруға т.б.
тартуға болады.


Сыныптан тыс жұмыстың принциптері
Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктеріне сүйене отырып, оған қойылатын талаптарды атап кетейік.
Сыныптан тыс жұмыс, оның бағыттарын, мазмұнын, формасын анықтау кезінде алғашқы бастауларды құрайтын – жалпы принциптердің негізінде жүргізіледі.

Мақсатты орнату принципі  оқу-тәрбиелік тапсырмаларды жоспарлауды, қол жеткізген нәтижелерді бағалауды өткізілген жұмыстың жанжақты талдауды талап етеді.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырғанда және өткізгенде мақсаттың болмауы оқушы мен мұғалім арасындағы арақатынасты бұзатын формализмді туғызады, ондай жұмыстың еш тиімділігі болмайды немесе теріс нәтиже береді. Бастар алдында күтілетін нәтижелерді анықтап алу қажет. Бұл жалпы әлеуметтік тәжірибені меңгеру және құндылықтардың позитивті жүйесін қалыптастыру мақсатына жетуге көмектесетін міндеттерді тұжырымдауға көмектеседі. Ойластырылған әр шараның тәрбиелік міндеті мен мақсатының айқын тұжырымдамасы болуы қажет. Сонымен қатар, әр жұмыстың маңыздылығы оқушыға анық болу керек.


Сыныптан тыс жұмыстың өмірмен, еңбекпен, тәжірибиемен байланыс принциптің мәні қоғамдық өмірге белсенді қатысу арқасында, әрбір оқушыны және оқушы қауымын ұйымдастыру шындық ықпалымен жүргізуінде болады.
Сондықтан сыныптан тыс жұмыс қоғамдық пайдалы бағытта болуы керек. Осы информатика кабинетіне арналған көрнекілік құралдар мен аспаптарды жетілдіруде және құрастыруда, бастауыш сынып оқушыларымен жұмысты ұйымдастыруда, информатиканы және басқа да мектеп пәндерін оқытуға арналған педагогикалық бағдарламалық құралдарды жасауда көрініс табады.


Оқу-тәрбиелік процестің тұтастық және бірлестік принципі – ең алдымен оқу және сыныптан тыс жұмыстың үйлесімді бірлесуін білдіреді. Оқушының жекеленген ерекшелігін ескере отырып педагогикалық үрдістің осы жақтарының ажырамауы – оның тиімділігін арттыруының басты шарты. Осындай байланыстардың мүмкіндіктері сыныптан тыс әрекеттердің мазмұнында объективті қарастырылған.
Оқу-тәрбиелік процестің тұтастық және бірлестік принципі – дидактикалық принциптің ғылымилығын, оқыту мүмкіншілігі мен көрнекілігін, теория мен тәжірибенің байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл принцип оқу-тәрбиелік процестің жас дәрежесінің арасындағы сабақтастықты (бастауыш, орта және жоғарғы сыныптар), сонымен қатар, оқушылардың дайындығы мен алдыңғы даму деңгейін санауын талап етеді.


Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі – тікелей оқыту және тәрбиелеу мақсаттарынан туындайды, себебі тұлға ұжымда өзінің қасиеттерінің жан-жақты даму мүмкіндігін алады. Сыныптан тыс жұмыс әртүрлі ұжымдық қызметте тұрақты қатысуға арналған үлкен мүмкіндіктерді ашады, оны ұжымның қалыптасу заңдарын және оның жеткен даму деңгейін ескере отырып ұйымдастыру керек. Ұжымның даму деңгейі мұғалім жағынан оларға жетекшілік сипатын айқындайды. Ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оқушының өзіне-өзі дербестік беріледі, соғұрлым ұжымда оқушының өзін-өзі басқаруында айтарлықтай рөлі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет