Қоспалар мен құймалар мәтіндік есептерін шешу әдістері


Есептерді шешудің теориялық негізі



бет2/4
Дата26.12.2022
өлшемі98,11 Kb.
#59715
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
оспалар мен ймалар м тіндік есептерін шешу дістері

Есептерді шешудің теориялық негізі.
Ертіндінің концентрациясы немесе пайыздық мөлшері туралы мәтіндік есептерде
концентрация деген заттың массасының( көлемінің) оның құрамындағы қоспаның массасына(көлеміне) қатынасының шамасы айтылады. ( мысалы 20%, немесе, 0,2).
Мұндай есептерді шешу барысында мынадай ұғымдар қолданылады:

  1. Барлық алынған қоспалар, құймалар, ертінділер біртекті ;

  2. Ыдыстың сиымдылық өлшемі ретінде литрмен сұйықтың ( немесе газдың) өлшем бірлігі арасында литрдің айырмашылығы жоқ;

  3. Әртүрлі ертінділерді лезде араластырады;

  4. Қоспаның көлемі барлық араласқан ертінділер көлеміне тең:

Егер қоспа( ертінді) m массадан және массасы mA, mB, mС болатын А;В;С заттарынан тұратын болса, онда (сәйкесінше ) А затының ( В,С- заттарының) қоспадағы концентрациясы немесе ертіндінің массалық үлесі деп аталады. Ал (сәйкесінше ) шамалары А ( В,С- заттарының) затының қоспадағы (ертіндідегі) пайыздық мөлшері болады.
Ертінділерді араластыратын есептерді шешудің негізгі әдістері:

  • Есептеу формулалары ;

  • Араластыру ережелері;

  • Крест ережесі;

  • Графиктік әдіс;

  • Алгебралық әдіс.

Қоспалар(ертінділер, құймалар) туралы есептерді екі түрге бөлуге болады:

  1. m1, m2 массалы 2 ертінді, құйма беріледі және оларда кейбір заттардың концентрациясы болады. Ертіндіні ( құйма) – құяды(балқытады).Осы заттың жаңа ертіндідегі (қоспадағы) массасын және жаңа концентрациясын табу керек.

  2. Белгілі бір мөлшерде қоспа (құйма) беріліп, одан белгілі бір мөлшерде қоспа (құйма) алынып, оған екінші бір қоспа(құйма) сондай немесе басқа концентрацияда қосылады. Мұндай әрекет бірнеше рет жасалуы мүмкін

Енді осындай есептерді шешу әдістерін қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет