Жалпы дамыту жаттығуларының және ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға дағдыландыру әдістемесін жүйелеу Жалпы дамыту жаттығуларын және ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға
дағдыландыру мүмкіндіктерін жүйелеу мақсатында келесі жұмыстар жүзеге
асырылады:
– жүйелік-әрекет теориясын басшылыққа алу;
– жалпы дамыту бастауыш сыныпқа өз бетімен орындауға
дағдыландырудың арнайы бағдарламасын әзірлеу;
– бастауыш сыныпқа арналған арнайы жалпы дамыту жаттығуларының
жүйесін әзірлеу;
– жалпы дамыту жаттығуларын меңгертуге қойылатын талаптарды
нақтылау;
– бастауыш сыныптағы дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне ЖДЖ-ны
сапалы меңгерту мүмкіндіктерімен таныстыру.
Жалпы дамыту жаттығуларының және ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға дағдыландыруға керекті оқу және әдістемелік құралдарды жаңаландыру Жалпы дамыту жаттығуларын және ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға
дағдыландыруға керекті оқу және әдістемелік құралдарды жаңаландыру
мақсатында келесі жұмыстар жүзеге асырылады:
– оқушылардың жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындау
дағдыларын дамыту мүмкіндіктерінің педагогикалық негіздерін, әдіс-
тәсілдерін, оқыту формаларын нақтылау;
– бастауыш сыныптарда жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындау
дағдыларын дамыту мүмкіндіктерінің психологиялық негіздерін нақтылау;
– жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындау дағдыларын дамытуда
бастауыш
сынып
оқушыларының
психологиялық-физиологиялық
ерекшеліктерін анықтау;
75
– педагогикалық экспериментке арналған оқу бағдарламасын дайындау;
– бастауыш сыныптарда жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындау
дағдыларын қалыптастыруға арналған түрліше орындалуы анықталған арнайы
жаттығулар жүйесін әзірлеу;
– бастауыш сынып дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған
әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу.
Жалпы дамыту жаттығуларының жүйесін әзірлеу Бастауыш сыныптарда жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындау
дағдыларын дамытуға арналған арнайы жаттығулар жүйесін әзірлеу үшін:
– ЖДЖ терминдері жүйесін нақтылау;
– ЖДЖ топтамаларын нақтылау;
– құралдарсыз орындалатын ЖДЖ;
– құралдармен орындалатын ЖДЖ:
– гимнастикалық таяқпен жасалатын жаттығулар топтамалары;
– кішкентай доптармен жасалатын жаттығу топтамалары;
– секірмекпен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларының топтамалары;
– обручпен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары топтамалары;
– гимнастикалық орындықтарды пайдаланып орындалатын жалпы дамыту
жаттығуларының топтамалары;
– жалпы дамыту жаттығулары жүйесіндегі қазақ ұлттық жаттығулар
компоненті.
Жалпы дамыту жаттығуларын орындату арқылы бастауыш сынып оқушыларына өз бетімен орындау дағдыларын қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар Бастауыш сынып оқушыларын жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен
орындауға дағдыландыру мүмкіндіктері, негізінен, мұғалімдер үшін маңызды
орында болатыны белгілі. Өйткені дене шынықтыру пәні бойынша
жаңаландырған білім мазмұнын жүзеге асыру үдерісінде мұғалім орталық
орында тұрады. «Субъекті-субъектілік» дидактикалық қатынасқа негізделген
жаңа оқыту технологияларын қолдана отырып, дене шынықтыру пәні
мұғалімдері ЖДЖ жүйесін оқушылардың өз бетімен орындау дағдыларын
дамытуда жаңа мазмұндағы ЖДЖ жүйесін, арнайы педагогикалық
/эксперимент/ бағдарламасын, мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқауларды
қолдана білуі керек.
Бастауыш сынып оқушыларын жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындауға дағдыландыруда өзіндік орындау әдісінің түрлерін қолдану Жалпы дамыту жаттығулары (ЖДЖ) жүйесін қолдана отырып, бастауыш
сынып оқушыларының өз бетімен орындау дағдыларын дамыту үшін,
оқушыларда ЖДЖ-ны орындау мотивациясын дамыту қажет.
Ол
үшін:
ЖДЖ-ны
орындатуға
үйретуде
дифференциациялық
тапсырмалар қолдану, жеке тапсырмалар қолдану; қазақ ұлттық дене
жаттығуларын жүйелі түрде қолдану; ЖДЖ-ны өз бетімен орындауда ерекше
қабілетті оқушыларды анықтау және әрдайым қолдау жасап отыру; сабақтан
тыс, мектептен тыс уақыттарда оқушылардың өздері меңгерген ЖДЖ түрлерін
76
орындауға керегінше және әдістемелік тұрғыдан дұрыс орындауға
дағдыландыру.