80
мәдени
– тұтас қоғамдағы және әрбір адамның
өміріндегі ұлттық дене
жаттығуларының мәні мен орнын анықтайды.
Зерттеліп жатқан модельдеудегі жалпы әдіснамалық негізге
жүйелік
және
синергетикалық тәсілдеме
қолданылады.
Жүйелік тәсілдеме
бастауыш сынып оқушыларының физикалық
дайындығы және ЖДЖ жаттығулары негізінде
қалыптасатын қозғалыс
дағдыларының жетілуі, өміршең күшінің биік деңгейі, адамгершілік,
эстетикалық, зияткерлік дамуы боп табылады. Бұл бір жағынан,
зерттеліп
жатқан объектінің тұтастығы жөнінде айтса, басқа жағынан – оның кешенін
құрайтын динамикалық өзгерісі мен өзара байланысын құрайды. Осы тәсілдеме
бойынша
жалпы
дамыту
жаттығулары
арқылы
бастауыш
сынып
оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың құрылымдық және
іс-әрекеттік кешеннің жиынтығын ұсынады.
Синергетикалық тәсілдеме
қарама-қарсы туындайтын мәселенің шешімін
табу үшін ішкі және сыртқы ұсыныстардың белгілі бір қажеттілігіндегі үздіксіз
үдерістің
жалпы
дамыту
жаттығулары
арқылы
бастауыш
сынып
оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың мүмкіндіктерін
қарастырады.
Әрбір жекелеген оқушының жалпыадамзаттық
рухани және материалдық
мәдениетті танып-білуімен бір қатарда дене мәдениетіне де қол жеткізуі үшін
ЖДЖ жүйесін бастауыш сыныптан бастап шығармашылық деңгейге жеткізе
меңгерту және өз бетімен орындауға қалыптастыру маңызды орын алады.
Өйткені бастауыш мектепте білім алу үдерісінде оқушыларға кездесетін
көптеген кедергілер мен күрделі мәселелерді шешу кезінде баланың
денсаулығы мықты болуы үлкен маңызға ие болады.
Жоғарыда аталған құрылымдардағы жалпы
дамыту жаттығулары арқылы
бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың
модельдік үдерісі ұлттық білімнің мәдени парадигмасына негізделген.
Мәдени бейнедегі білім берудің ұстанымы мен мәні Н.Б. Крылов, В.И.
Слободчикова және т.б. еңбектерінде жан-жақты қарастырылған [135,136].
Мәдени бейне түсінігінде олардың өзара байланысындағы ұлттық және жалпы
адами құндылықтарды бейнелейтін білім беру құралдарының қабілеті;
бастауыш сынып оқушыларының дене шынықтыру жаттығуларын өз бетімен
орындауында
табиғилық,
ұлттық
қимыл-қозғалыстар
болуы;
жаңа
туындыларды және дәстүрлі
мәдени бейнелерді құру, яғни бастауыш сынып
оқушыларына арналған ЖДЖ жүйесінде, кем дегенде, 7 түрлі ұлттық ойын
немесе
ұлттық спорт, ұлттық тұрмыс-тіршілік, ұлттық өнердің элементтерін
орнықтыру болып табылады.
Педагогикалық
зерттеудің
әдістемесі
модельденетін
объектінің
құрылымын ұсынады. В.В. Краевский, В.А. Сластенин және т.б.
ғалымдар
мақсаттық,
мазмұндық
және
процессуалдық
элементтер педагогикалық
модельдің тұтастығын бейнелейді деген ойға келген [137-138].
81
Осыған байланысты жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып
оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың моделіне
мақсаттық,
мазмұндық
және
іс-әрекеттік
элементтер қатысады.
Модельдің
мақсаттық элементі
білім
беру саласындағы тұлғаның
сұранысына және оны жалпы дамыту жаттығулары арқылы оқушылардың
өзбетімен орындау дағдыларын дамыту талаптарын ескере отырып
құрастырылады. Жалпы дамыту жаттығулары арқылы оқушылардың өзбетімен
орындау дағдыларын дамытудың
мақсаты
балаларды
физикалық жағынан
дамыту, олардың қимыл-қозғалыс әрекеттері мен
ақыл-ой әрекеті қабілеттерін
жетілдіру, денсаулықтарын нығайту болып табылады.
Модельдің
Достарыңызбен бөлісу: