Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет42/77
Дата20.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#141365
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77
Байланысты:
disser ernar

 
 
 
 


92 
3 ЖАЛПЫ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ 
СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗБЕТІМЕН ОРЫНДАУ ДАҒДЫЛАРЫН 
ДАМЫТУ ТӘЖІРИБЕСІ
 
3.1 Тәжірибелік˗эксперимент жұмысын ұйымдастыру
Эксперимент латынның «exprement» – «тәжірибе» деген сөзінен шыққан, 
«ғылыми негізделген тәжірибе» дегенді білдіреді. Педагогикалық эксперимент 
– педагогикалық зерттеу әдістерінің ішіндегі неғұрлым тиімді нәтижеге 
жеткізетін әдістердің бірі. Ғалымдардың анықтауынша, «педагогикалық 
эксперимент дегеніміз – таным әдісі, осы әдістің көмегі арқылы педагогикалық 
құбылыстар, деректер, тәжірибелер зерттеледі» [140]. Сонымен қатар 
«Педагогикалық эксперимент – ғылыми тұғырға сүйеніп орындалатын 
тәжірибе, ол педагогикалық үдерісті нақты ескерілетін шарттар негізінде 
өзгертеді» [146]. 
Зерттеу 
жұмысымыздың 
бастауында 
алға 
қойылған 
ғылыми 
болжамымызды 
нақтылау, 
тексеру 
мақсатымен, 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының өз бетімен орындауға дағдыландыратын ЖДЖ жүйесін 
педагогикалық эксперименттен өткізуді ұйымдастыруда осы бағыттағы тиімді 
және нәтижесі жоғары болатын әдістемені тексеру, сынау мақсаты қойылды.
Бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын өзбетімен 
орындау дағдыларын дамыту әдістемесі педагогикалық эксперименттен 
тәжірибелік-эксперименталдық база ретіндегі келесі мектептерде өткізілді.
Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан №182 жалпы білім беретін 
мектептің және №149 (КММ) жалпы білім беретін мектептің 1, 2, 3, 4-
сыныптары алынды: 
– №182 мектептің 1, 2, 3, 4-сыныптарынан эксперименталдық топқа 1 «г», 
2 «а», 3 «г», 4 «а» сыныптары алынды. Оқушылар саны – 80. Ал бақылау 
тобына 1 «ә», 2 «д», 3 «а», 4 «ә» сыныптары алынды. Оқушылар саны – 80;
– №149 мектептің 1, 2, 3, 4- сыныптарынан эксперименталдық топқа 1 «а», 
2 «а», 3 «а», 4 «а», сыныптары алынды. Оқушылар саны – 80. Ал бақылау 
тобына 1 «ә», 2«ә», 3 «ә», 4 «ә» сыныптары алынды. Оқушылар саны – 80; 
– педагогикалық экспериментке қатысқан 1–4-сыныптардан 160 оқушы – 
ЭТ (эксперименталдық топ), 160 оқушы – БТ (бақылау тобы) болып белгіленді; 
– педагогикалық 
экспериментке 
аталған 
мектептерде 
бастауыш 
сыныптарға дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін мұғалімдер де 
қатыстырылды (Терлікбаев Қ., Қалмұхан Е., Зангибеков Ш., Өтегенов Б, 
Терлікбаев Б., Бұлжуманов Ғ., Ермекбаев Е., Шалабаев Ж.); 
– «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог 
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты курстарына дене шынықтыру 
пәні мұғалімдері қатыстырылды (23 мұғалім). 
Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру мен өткізуге дейін бірқатар 
маңызды істер атқарылды. Атап айтсақ: 


93 
– мұғалімдердің сабақтарына қатысып, бастауыш сынып оқушыларына 
ЖДЖ өз бетімен орындауға дағдыландыру әдістері қалай қолданылып 
жүргеніне бақылау жүргізілді; 
– «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог 
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына келген бастауыш сыныптың 
дене шынықтыру пәні мұғалімдерінен сауалнама алынды; 
– 
арнайы 
әзірленген 
ЖДЖ 
жүйесінен 
кесінділер 
алынып,
эксперименталдық және бақылау топ сыныптарына орындатылды; 
Педагогикалық эксперимент үш кезеңде ұйымдастырылып өткізілді: 
анықтаушы кезең, оқыту кезеңі, бақылау кезеңі. Әр кезеңнің өзіндік мақсат-
міндеттері анықталып, материалдар сұрыпталынды.
Кесте 8 – Педагогикалық эксперименттің үш кезеңінің жоспары 
Анықтаушы кезең 
Оқыту кезеңі 
Бақылау кезеңі 
1.
Дене 
шынықтыру 
сабақтарына 
қатысу. Сабақтарға 
талдау жасау. 
1.Эксперименттік 
сыныптарға 
ЖДЖ 
өз 
бетімен 
орындауға 
дағдыландыру әдістемесі бойынша 
оқу 
бағдарламасымен 
сабақтар 
өткізу,
Бақылау 
сыныптарына 
жай 
бағдарлама 
бойынша 
дене 
шынықтыру сабақтарын жүргізу. 
1.Эксперименттік 
және 
бақылау сыныптарына оқыту 
кезеңінен 
соңғы 
кесінді 
тапсырмалар орындату. 
Нәтижелеріне талдау жасау. 
2.
Дене 
шынықтыру 
пәні 
мұғалімдерінен 
сауалнама алу. 
2.Бастауыш сынып оқушыларына 
«Менің 
күн 
тәртібімдегі 
өз 
бетіммен 
орындайтын 
ЖДЖ 
түрлері» атты кесте жасату. 
2.Педагогикалық 
эксперименттің нәтижелерін 
қорыту. 
3.
Оқушыларға 
ЖДЖ 
бойынша 
кесінді 
тапсырмалар 
орындату. 
Нәтижелеріне 
талдау жасау.
3.Дене шынықтыру мұғалімдеріне 
арнайы әдістемелік семинарлар 
сериясын өткізу. 
3.
Педагогикалық 
эксперимент 
нәтижесінде 
тиімділігі дәлелденген ЖДЖ 
жүйесін жинақтау және дене 
шынықтыру 
мұғалімдеріне 
тәжірибені 
тарату 
үшін 
әдістемелік нұсқау дайындау. 
4.Ата-аналармен 
әңгімелесулер 
жүргізу. 5.Ата-аналарға арнап 
«Балаңыздың күн тәртібіне ЖДЖ 
енгізуге 
көмектесіңіз» 
атты 
Жаднама әзірлеу. 
4.
Диссертацияның 
тәжірибелік бөлімін рәсімдеу. 
Педагогикалық эксперименттің алғашқы – анықтаушы кезеңінде, 
жоспарда белгіленгендей, бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтарына 
қатысып, оларда оқушылардың ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға дағдыландыру 
қаншалықты жүргізілетіні тексерілді. Экспериментке қатысатын мектептердегі 
бастауыш сыныптарда дене шынықтыру сабақтары жүйелі жоспарлы түрде 
өткізілетіндігі, бақылау негізінде оқушылардың ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға 
дағдыландыруының деңгейі төмен екенін көре алдық.


94 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог 
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында бастауыш сыныптағы дене 
шынықтыру пәні бойынша курсқа қатысқан мұғалімдерден сауалнама алынды. 
Сауалнамаға 23 мұғалім қатысты. Сауалнама сұрақтарының мазмұнында 
мұғалімдерден бастауыш сыныптағы дене шынықтыру пәнін оқыту барысында 
оқушылардың ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға дағдыландыруға қаншалықты 
көңіл бөлетіндігі, ЖДЖ түрлері туралы, оның құрамына қазақ ұлттық 
компоненттер қосу туралы сұрақтар қамтылды. 
Кесте 9 – бастауыш сыныптағы дене шынықтыру пәні бойынша біліктілікті 
жетілдіру курсына қатысқан мұғалімдерден алынған сауалнама сұрақтары және 
жауаптары
Сауалнама сұрақтары 
Жауаптар 
Саны 

Жалпы дамыту жаттығуларын 
күнделікті 
дене 
шынықтыру 
сабақтарында орындату қандай 
деңгейде? 
Жоғары

13 
Жақсы 

8,7 
Орташа 

30,4 
төмен 
11 
47,8 
Жалпы дамыту жаттығуларының 
кешендерін күнделікті сабақта 
орындатуға не кедергі? (бірнеше 
жауапты белгілеуге болады) 
Дайын ЖДЖ кешендері жоқ 
23 
100 
Арнайы жабдықтар жоқ 
12 
52,1 
Өзіміз 
әзірлеуге 
уақыт 
жете 
бермейді 
18 
78,2 
Әдістемелік нұсқаулықтар жоқ 
15 
65,2 
Жалпы дамыту жаттығуларын
(ЖДЖ) оқушылардың өз бетімен 
орындауына дағдыландыру қалай 
жүргізілуде? 
Жақсы 

13 
Орташа 

21,7 
Нашар
15 
65,2 
Мүлде жүргізілмейді 

13 
Оқушылардың өз бетімен ЖДЖ 
орындауына керекті кешендерді 
жасап алуына қалай үйретіп 
келесіз? 
Жақсы 

13 
Орташа 

26,08 
Нашар 

21,7 
Ондай жұмыс жүргізілмейді 

39,13 
Оқушыларды өз бетімен «Күн 
тәртібіне» ЖДЖ қай уақытта, 
қалай орындайтынын жасауға 
қалай үйретесіз? 
Жақсы 

8,7 
Орташа 

13 
Нашар 

21,7 
Ондай жұмыс жүргізілмейді 
13 
56,5 
ЖДЖ-ның 
маңызы 
мен 
оқушылардың денсаулығы үшін 
зор 
пайдасы 
туралы 
ата-
аналармен әңгімелер өткіздіңіз 
бе? 
Иә, үнемі өткіземін 


Анда-санда 

13 
Жоқ, өткізбеймін 
15 
65,2 
Керек деп санамаймын 

21,7 
ЖДЖ жүйесінде қазақ ұлттық 
болмыс элементтерін енгізуге 
қалай қарайсыз? 
Өте дұрыс 
20 
86,9 
Жақсы

13 
Ойлану керек 


Білмеймін, айта алмаймын 


Сауалнамаға қатысқан респонденттердің жауаптарын талдау нәтижесі 
бізге бастауыш сыныптағы дене шынықтыру мұғалімдерінің назарын 
оқушылардың өз бетімен ЖДЖ орындауы дағдыларын қалыптастыруға мән 


95 
беруге аударудың қажеттілігін көрсетті. Мұғалімдердің көпшілігі бастауыш 
сыныптарда ЖДЖ орындату әдістемесі және өз бетімен орындауға 
оқушыларды үйрететін арнайы кешенді жаттығулар жүйесі жоқ екенін атап 
көрсетті. Атап кететін тұсы – барлық мұғалімдер ЖДЖ жүйесінде қазақ ұлттық 
болмыс элементтері болуын қолдайтынын көрсеткендігі. Осы сауалнама 
жауаптарын талдау барысы бастауыш сыныптағы дене шынықтыру 
мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинарлар сериясын өткізу керек деген 
ой туындауына негіз болды.
Педагогикалық эксперименттің анықтаушы кезеңінде, сабақтарға қатысу 
барысында ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға дағдыландыру жұмысы қалай 
қолға қойылғанын анықтау мақсатында оқушыларға кесінді тапсырмалар 
орындатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет