Сурет 5 – Дене тәрбиесі жаттығуларының жіктемесі
Мұндағы көрсетілген жаттығулар түрінің әрқайсысының өзіне тән мол
ерекшеліктері мен балалар үшін маңыздылығы бар. Олардың әрқайсысы бұдан
әрі тарап жіктеле береді. Зерттеу тақырыбымыздан алшақтап кетпеу
мақсатында ЖДЖ табиғаты мен қызметін қарастыруға бет бұрамыз.
Жалпы дамыту жаттығулары күнделікті таңертеңгі гимнастиканың негізгі
мазмұнын құрайтын және дене шынықтыру сабақтарының көп бөлігін
құрайтын құрал ретінде қозғалыс дағдыларын қалыптастырады. Қозғалыс
әрекеттерін орындауда мұғалімнің сөзбен қолдауы ілесіп отыруы да үлкен
маңызға ие болады. Өйткені осындай жүйеде орындап үйренгенде ғана баланың
жалпы дамыту жаттығуларын тез әрі сапалы игеріп алып кету мүмкіндігі
молаяды.
Ғалымдардың анықтауынша, жалпы дамыту жаттығулары баланың ағзасы
сау болып, дамуына үлкен тірек болатын арнайы жаттығулар болып табылады.
Балалардың ірі бұлшық ет топтарының, нақты айтқанда, иық белдеуінің,
денесінің, аяғының, қозғалмалы буындарының іріленуіне және бұлшық
еттерге күш түсіріп, босаңсытқанда үлкен маңызға ие болады.
Жалпы дамыту жаттығуларын қолдануда, тұтас дене тәрбиесінің көздейтін
міндеттері
шешіліп,
оқушылардың
дене
мүсіні
сымбатты
етіп
қалыптастырылады, жүйке жүйесінің қызметі жақсартылады, қимыл-тірек
аппараты нығайтылады, қан айналымы, тыныс алуы, алмасу үдерістерінің
қызметі жақсартылады.
Жалпы дамыту жаттығуларының дене тәрбиесі жүйесінде алатын орны
оның адамға тигізетін зор пайдасымен анықталатыны белгілі. Жалпы дамыту
жаттығуларын орындауға және оны оқушылардың өз бетімен орындай алуына
дағдыландыру арқылы оқушының жалпы қозғалысын басқаратын жоғары
моторлық орталықтың жұмысын жандандырып, физикалық қасиеттерін ашуға
мүмкіндіктер ашылады. Оның ішінде оқушының шапшаңдығы, икемділігі мен
ептілігі, жасына лайықты күш-қуаты жетіліп, оқушылардың уақыт пен
кеңістікте бағдар ұстау дағдылары жетілдіріледі. Жалпы дамыту жаттығулары