Дене тәрбиесі жаттығулары
гимнастика
сап
ЖДЖ
негізгі
қозғалыс
көркем-би
қозғалыстар
ойындар
спорт
жаттығулары
жай туризм
35
омыртқаның, кеуде жасушаларының қол-аяқтың, дене мүсінін түзетуде де
жақсы құрал бола алады.
Жинақтай айтқанда, жалпы дамыту жаттығулары ағзаның функционалдық
мүмкіндіктерін жоғарылатады. Жалпы дамыту жаттығуларының, атап айтқанда,
жүру, жүгіру, секіру, құралдармен және құралдарсыз жаттығудың бастауыш
сынып оқушыларының гармониялықпен физикалық дамуына тигізетін көмегі
мол.
Жалпы дамыту жаттығуларының мектепте орындатылу жайын зерттеген
Л.А. Смирнова, П.П. Буцинская, И.П. Залетаев, П.К. Петров, В.Н. Крутиков,
В.И. Лях, К.Ж. Холодов, В.А. Кузнецов т.б. ғалымдар «жалпы дамыту
жаттығуларының» табиғатына, маңызына, ерекшеліктеріне және заманауи
педагогикалық-психологиялық, физиологиялық талаптарына қатысты кең
арналы талдау жасап, зерттеулер жүргізген.
Л.А.
Смирнова
ЖДЖ-ның
құндылығы
оларды
орындаудың
қарапайымдылығында деп таниды [89]. Қосымша құрал-жабдықтар аса қажет
емес, дозасын бөлшектеп беруде де жеңіл болатынын, біртіндеп жеңілден
күрделіге қарай жүруге болатындығымен ЖДЖ бастауыш мектеп үшін аса
қолайлы жаттығу түрі болып табылады. ЖДЖ кешендерін орындату барысында
бастауыш сынып оқушыларының ағзасының тіндерінде тоқырау құбылыстары
байқалмайтын болады, бұлшық еттердегі қан айналымы жақсара түседі. ЖДЖ
жаттығулары бұлшық еттердің, сіңірлердің созылмалылығына, дене
температурасының бірқалыпты болуына, жүрек, өкпе, ішкі ағзалардың
барлығының дерлік жақсы жұмыс жасауына игі ықпал етеді.
Жалпы дамыту жаттығуларын оқушыларға тұрақты түрде өзбетімен
орындауға дағдыландырудың нәтижесінде баланың ағзасында көптеген
пайдалы дағдылар қалыптастырылады. Атап айтсақ:
–
баланың бір мезгілде бірнеше дене мүшелерінің қозғалысын үйлестіруін
қалыптастыру мүмкін болады;
–
дене кең амплитудалы қозғалыстарын орындау дағдыландыру арқылы
баланың иілгіштік, икемділігі қалыптасады;
–
шағын және биік тіреулерде жаттығу орындауда денесінің тепе-теңдігін
сақтай білуге қалыптастырады;
–
бала өзіне берілген белгілерді дұрыс қабылдап, өзінің соған сәйкес
қозғалыстар жасауына терең ден қоюға қалыптасады;
–
бала қозғалысты белгілі бір бағдар бойынша және қажетті ырғақ пен
қарқында орындауы барысында, оның санасында кеңістік пен уақытты дәл
және нақты сезінуі мен бағалау сезімі қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған жалпы дамыту жаттығулары
дегеніміз оқушылардың қолы мен аяқтары, денесі, мойны, денесінің басқа да
мүшелері үшін арнайы әзірленген қозғалыстар жүйесі болып табылады. Әрине,
әрбір дене мүшесіне арналған ЖДЖ жүйесі бұлшық еттерінің түрліше
кернеуімен, түрлі жылдамдықпен, түрліше ырғақпен және қарқынмен
орындалатыны белгілі.
36
П.П. Буцинскаяның айтуынша, бұл жаттығулар оқушының қозғалыс
жүйесін дамытып, жетілдіріп қана қоймайды [90]. Сонымен қатар, баланың
психикалық қасиетін де жетілдіреді. Өйткені әрбір жаттығуды бала шама-
қарқынша орындау барысында оны оймен өлшеп, кесіп-пішіп, уақыт пен
кеңістіктегі өзінің қозғалысы мен нәтижесін алдын ала болжайды. ЖДЖ
балалардың жақсы жүйемен жетілдіру құралы болатын себебі, сонымен бірге,
көптеген өзіндік ерекшеліктерге байланысты. Ол ерекшеліктер:
– ЖДЖ дәл және нақты мөлшерде белгілене алады;
– түрлі нұсқада қолданылады;
– түрлі комбинацияларда қолданылады.
Осындай икемділік қасиеті болуы ЖДЖ жүйесін қолдана отырып, бұлшық
еттердің белгілі бір тобына немесе ағзаның белгілі бір жүйелеріне ықпал етуді
таңдап алуға мүмкіндік береді.
И.П. Залетаев жалпы дамыту жаттығулары туралы айта келе, олардың
жеке, жұппен, гимнастикалық құралдармен және түрлі басқа құралдармен
орындалатынын және ЖДЖ-ның баланың денесін ғана емес, психикалық
қасиеттерін де, атап айтқанда, зейінін, аңғарымпаздығын дамытатыны туралы
да баса көрсетеді [91]. П.К. Петров өз кітабында жалпы дамыту жаттығуларын
топқа бөліп қарастырып, әрбір топтың өзіндік ерекшеліктеріне және
пайдалылығына арнайы тоқталады. Оның айтуынша, бірінші топтағы ЖДЖ
иық белдеуін дамыту мен нығайтуға арналады. Екінші топтағы ЖДЖ құрсақ
тығыншығын және аяқтарды дамыту мен күшейтуге арналады. Үшінші топтағы
жаттығулар арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілігіштігін дамытуға
және нығайтуға арналады [92].
ЖДЖ-ның өзіндік ерекшеліктерін қарастырған В.Н. Крутиков, арнайы
жаттығулар жүйесін және оны тиімділікпен пайдаланудың әдістемелік
жолдарын көрсетеді [93].
Жалпы дамыту жаттығуларына (ЖДЖ) берілген анықтамалардың түрлілігі
осы жаттығу түрлерінің сандаған қырын таныта түседі. Анықтамаларды талдау
барысында олардың ЖДЖ-ның қандай да бір жаңа аспектісін тануға үлес
қосқанын көре аламыз. Айталық, «Жалпы дамытушы жаттығулар дегеніміз –
тұтас бұлшық ет жүйесінің біркелкі дамуы үшін гимнастикада қолданылатын
және жаттығумен айналысушының тұтас ағзасына ықпал ететін жаттығулар»,-
деген анықтамада Т.И. Осокина ЖДЖ-ның оқушының тұтас бұлшық еттің
біркелкі дамуына сеп болатынын атап көрсетеді [94].
Ал А.В. Кенеман мен Д.В. Хухлаева берген анықтама бойынша: «Жалпы
дамыту жаттығулары дегеніміз – тұтас ағзаның дамуында және сауығуында
маңызды рөл атқаратын арнайы жаттығулар», – болып табылады. Сонымен
бірге ғалымдар: «Жалпы дамытушы жаттығулар дегеніміз – адамның дене
мүшелеріне (қолына, иық белдеуіне, тұтас денесіне, аяғына), түрлі бұлшық
еттері мен буындарына, сонымен бірге, тұтас ағзасына әдейі арналып
әзірленген жаттығулар», – деп көрсетеді. Мұнда біз ЖДЖ-ның адам ағзасының
жекелеген мүшелеріне арналып әзірленетінін, соның негізінде іштей түрге
бөлінетінін көре аламыз [95].
37
П.П. Буцинская, В.И. Васюкова, Г.П. Лескова бойынша «Жалпы дамыту
жаттығулары – бұлар балалардың дене тәрбиесі жүйесінде маңызды орын
алатын және ағзасының дер кезінде дамуына қажетті, қозғалыстарын саналы
басқара алатын, ағзаны сауықтырудың және күшті-қуатты ету құралы болып
табылатын жаттығулар», – болып табылады [96].
Э.Я. Степаненкова баланың дене тәрбиесі мен дамуының теориясы мен
әдістемесін зерттеген еңбегінде: «Жалпы дамыту жаттығулары – ағзаның
сауығуына бағытталған арнайы іріктелінген жаттығулар», – деген
анықтама беріп, ЖДЖ-ның ауруды сауықтыратындай мүмкіндіктеріне баса
назар аударады [97].
Анықтамалардан көріп отырғанымыздай, ЖДЖ табиғаты кең ауқымды,
баланың ағзасының жан-жақты дамып-жетілуіне, ауырса сауығуына, өсіп-
нығаюына қажеттіліктердің барлығына жауап бере алатын ерекшелікке ие
болып келеді.
Жалпы дамыту жаттығуларын бастауыш сынып оқушыларының өз
бетімен орындауға дағдыландыруда ЖДЖ-ның құрылымы бойынша
қарапайым болуы көптеген мүмкіндіктер береді. Оны құрайтын
элементтердің өзін әрқайсысын жеке-жеке орындатуға да болады.
ЖДЖ жүйесін үзбей, белгілі бір қалыптасқан ретпен орындатудың
нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс тәжірибесінің,
қозғалыс қасиеттері мен қабілеттерінің өзіндік қоры жасалынады. Бұл қор, өз
кезегінде оқушылардың өмірінде маңызды рөл атқарады, сонымен бірге
гимнастикалық дағдылар қалыптастыруға негіз қалайды.
Осы айтылғандардың негізінде ЖДЖ жіктемесін (классификациясын)
келесідей етіп модельдеуге болады.
38
Сурет 6 – Жалпы дамыту жаттығуларының жіктемесі
Келесі ретпен ЖДЖ терминдері туралы қарастырылады. Бұл ретте
профессор Е. Земсков [98] жүйелеген ЖДЖ-ны сипаттайтын негізгі терминдер
әдістемелік жетекшілікке алынып, олар қазақ тіліне аударылып, мұғалімдер мен
студенттерге арналған практикалық ұсыныстарға енгізілді.
Сурет 7
Ол негізгі терминдер келесілер болып табылады:
тік тұру, қолдар мен
аяқтардың негізгі қалпы және олармен негізгі қозғалыстар жасау; еңкею,
дененің бұрылуы, жүрелеу (жүресінен отыру), жартылай жүрелеу, алға
ұмтылу, таяну, отыру.
Е. Земсков дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жалпы дамыту
жаттығуларына қатысты терминдерді түрліше формада және түрлі мағынада
қолданылып жүргеніне байыппен зер салып, олардың барлығын гимнастикалық
терминологияның ережелерін бұзу деп санайды. Тіпті мемлекеттік және
авторлық оқу бағдарламаларда, ғылыми және әдістемелік мақалаларда, сабақ
конспектілерінде терминологиялық қателіктер көп ұшырасатыны жайында
айтады. Бұлардың барлығы, түптеп келгенде, терминологиялық білімнің
Достарыңызбен бөлісу: |