Жалпы дамыту жаттығуларының мазмұнына қазақ ұлттық дене
тәрбиесі элементтерін енгізудің маңыздылығы
ҚР Тұңғыш Президенті Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа
көзқарас: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларында
белгіленген мәселелер дене шынықтыру сабақтарына енгізілгенде, нақты
міндеттерді шешуі арқылы көрінуі тиіс. Осы бағытта, дене шынықтыру
мұғалімдерінің креативтік-шығармашылық тәжірибелері рухани жаңғырумен,
ақыл-ойдың жаңғыруымен бірге, жас ұрпақтың қайратын дамытатын ұлттық
жаттығу жүйесін қалыптастыру бағытында жинақталып жатқаны белгілі.
Қазақ халқының хас батырларының күш-қайраты олардың рухани және
ақыл-ойларының тазалығымен, Отан, Ел, Туған жер, Адамгершілік деген
идеалдармен қуаттанып отырған. Сондықтан, қазіргі кездегі қазақ
мектептеріндегі бастауыш мектептерде меңгертілетін дене шынықтыру
жаттығулары тек біржақты, яғни тек денені дамытуға бет алып кетпеуін,
сонымен бірге ұлттық жаттығудың әр түрлі элементінен біртіндеп болса да
қосып, жүйелі педагогикалық тұтастық құрау керектігін ескеруіміз керек.
Қазіргі бастауыш сынып оқушылары – Қазақстан Республикасының азаматы,
елдің болашақ тізгінін ұстайтын азаматтары. Сондықтан еліміздің жас
ұрпақтарын ақыл-ой, дене, адамгершілік қырларын, мүмкіндігінше, қатар
дамыту бағыттарын ұстану керек.
Әрине, барлық уақытта жас ұрпақтың рухани, интеллектуалдық жә»не
дене тәрбиесі бір тізгінде ұсталынып келгені белгілі. ҚР Мемлекеттік білім
беру стандартының мазмұнында барлығы осылай айтылып қамтылған.
Десек те, жалпы дамыту жаттығуларында ұлттық жаттығуларды жүйелі
қолдану әдістемесі жасалмағандықтан, сонымен бірге бастауыш сыныптан
бастап ЖДЖ жүйесінің мазмұны еуропалық, кешегі өткен кеңестік, тіпті түрлі
басқа елдердің жүйелерінен алынғандықтан, рухани дамуы бір жақта, дене
дамуы екінші жақта, ал интеллектуалдық дамуын компьютер мен телефонды
толтырып шығаратын елдер басқарып кетуі ғажап емес.
Балаларға арналған жалпы дамыту жаттығулары туралы түсініктің сонау
ежелгі заманнан бергі қарастырылу траекториясын зерделей келе, рухы күшті
патриот азамат қалыптастыру бастауыш сыныпта интеллектуалдық дамытумен
бірге, ұлттық дене жаттығуларын орындатумен де байланысты екенін
анықтадық. Солардың бірнешеуін атап көрсетуге болады.
Айталық, діни жүйелерде өзіндік жалпы дамыту жаттығулары белгілі. Ал
білім беру, оқыту жүйесінде қолданылатын арнайы ЖДЖ жүйелерін Мартин
Лютер, Иероним Меркурлиалис (ХҮ-ХІҮ ғғ.) бастаса, Ян Амос Коменскийдің
еңбектері жаттығулардың жүйеленуіне дидактикалық негіз қалаған. Оның
ізімен Франсуа Рабле, Песталоцци, Жан-Жак Руссо өз еңбектерінде жүйелі
жаттығулардың оқушылар үшін маңыздылығын атап көрсеткен.
Ал ХҮІІІ ғасырдың аяғында неміс оқытушылары Г.Фит пен И.Гутс-Мутс
жасаған жаттығулар жүйесі толыққанды жүйеге айналды. Бұл ретте сокольдік
77
Мирослав Тырш жасаған жаттығулар жүйесінің халықтың азаттық күреске
керекті қайраткерлер дайындау қажеттілігінен туғанын жоғарыда атап кетттік.
Ресейлік жаттығулар жүйесі А.В. Суворовтың, К.Д. Ушинскийдің есімімен
байланысты басталса, негізін қалаған П.Ф. Лесгафт болып табылады. Оның
жүйесінің әлі күнге өміршең болу себебі оның ерекшелігінде. Яғни жалпы
дамыту жаттығулары – белгіл бір дағдыларды қалыптастыруды емес, тұлғаның
гармониялық жан-жақты дамуына себепкер болуы керек деген идеясы.
Кеңестік дәуірде, негізінен жаттығулардың мазмұнында жұмысшы тап пен
шаруа табын дене жағынан дамытуға арналғаны белгілі.
Негізінде, қазақ ұлттық жаттығуларында оқушыларға белгілі бір кәсіпті
үйретуді көздемейміз. Тектілік тұрғыдан қарайтын болсақ, оқушының ата-
бабасынан қалған интеллектуалдық мұраның дене жаттығуларымен
біртұтастықта берілетіні белгілі. Сондықтан атқа міну мүмкін болмаса да,
элементтерін игеру керектігіне шүба келтірмеу керек. БАҚ құралдары Қытай
еліндегі Алтай өлкесінде мектептерде атқа мінуді үйрететін арнайы сабақтар
енгізілгенін хабарлайды.Осымен қатар, ұлттық билердің де өзіндік ерекшелігі
мол. Өйткені туған жердің климаты, флорасы мен фаунасына орай, адамда
музыкалық қабылдау ерекшеліктері дәл сол түйіскен нүктеге лайықты дене
қозғалысының әуенге лайық болуын қажет етеді. Сондықтан да ұлттық
билердің ерекшеліктері ұлттық әуенге сәйкес келеді. Оған қоса, ұлттық бидің
денсаулықты сақтау, аурудың алдын алу, әсіресе, психосоматикалық ауруларды
болдырмау қасиетттері көп жазылып келеді. Осы тұрғыда, ұлы Сократтың биді
өте жақсы билегенін, ал Аристотельдің бидің адамдардың мінез-құлқын, ішкі
жан-дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі болатынын, себебі би
қимылдары туар кезде ырғақтық сурет әдетте оны туғызған сезім күйіне сәйкес
екендігін айтқан сөздерін келтіру орынды болады.
Сондықтан қазақстандық
оқушылардың, оның ішінде бастауыш мектеп оқушыларының дене шынықтыру
жаттығуларын өз бетімен орындауында табиғилық, ұлттық қимыл-қозғалыстар
болуы – әбден заңды мәселе.
Біздің тарапымыздан ұсынылатын осы қазақ ұлттық жаттығулар
элементтерін келесі бастаулардан алу керек деген идеяға негізделеді. Осы
міндетті шешуге орай, біздің ойымызша, бастауыш сынып оқушыларына
арналған ЖДЖ жүйесінде, кем дегенде, 7 түрлі ұлттық ойын немесе ұлттық
спорт, ұлттық тұрмыс-тіршілік, ұлттық өнердің элементтерін орнықтыру
ұсынылады.
Кесте 6 – Бастауыш сынып оқушыларына арналған жалпы дамыту жаттығулары
(ЖДЖ) жүйесіндегі ұлттық элементтер алынатын бастау көздер
Ұлттық бастау
көздері
Бірінші сынып
Екінші сынып
Үшінші сынып
Төртінші сынып
Сыныптар
1
2
3
4
5
Әскери
дайындық
Адырна тарту
элементтері
Ақберен ұстау
элементтері
Атпа
найза
ұстау
Алдаспан
ұстау
элементтері
78
жаттығулары
элементтері
элементтері
Атқа
міну
мәдениеті
элементтері
Атқа
мініп,
секіріп
түсу
элементтері
Ырғу және
қарғу
элементтері
Кедергілерден
секіру
элементтері
Ат
үстінде
(отырып, тұрып)
шабу элементтері
Аңшылық және
«аң
стилі»
элементтері
Қыранның
қанат
қағып
ұшуын
бейнелейтін
элементтер
Аңшы иттердің
(құмай
тазы)
жүгіруін
бейнелейтін
элементтер
Барыстың
қозғалыс-
қимылын
бейнелейтін
элементтер
Сұңқардың ұшуы
мен
қонуын
бейнелейтін
элементтер
Ұлттық
ойын
элементтері
«Сақина салу»
ойыны
элементтері
«Асық
лақтыру»
ойыны
элементтері
«Арқан тарту»
ойыны
элементтері
«Ордағы қасқыр»
немесе
«Теңге
ілу»
ойыны
элементтері
Ұлттық
тұрмыс-
тіршілік
элементері
Қамшы
ұстау
элементтері
Егін
ору
элементтері
Диірмен тарту
элементтері
Тары
түю
элементтері
Би және ұлттық
аспаптарда
ойнау өнері
элементтері
«Айгөлек» биі.
«Қара жорға»
биі
элементтері.
Сыбызғы тарту
элементтері.
«Қамажай» биі
элементтері.
«Қара жорға»
биі
элементтері.
Қобыз
тарту
элементтері.
«Мереке»
биі
элементтері.
«Қара жорға»
биі
элементтері.
Дабыл
қағу
элементтері.
«Мерген»
биі
элементтері.
«Қара жорға» биі
элементтері.
Домбыра
тарту
элементтері.
Тұжырымдаманы жүзеге асыру жолдары
Осы Тұжырымдаманың жүзеге
асырылуы арқылы жалпы дамыту жаттығуларының мазмұндық сапасы
жоғарылайды және олардың дене шынықтыру, тұтас дене мәдениетін
қалыптастырудағы маңызды орны жаңа тұғырдан танылады.
ЖДЖ-ның жүйесін, Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын
дайындаудың алғашқы сатысы ретінде тану арқылы, ЖДЖ жүйесіне
оқушыларымызға қазақ ұлттық рухани қуат, жаңаша заман тынысын беретін
жаттығулар түрі мен топтамалары әр уақытта толықтырып отырылады және
оның әдістемелік талаптары нақтыланып отырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |