Оспанкулов ернар ерланович


Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет34/77
Дата20.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#141365
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77
Байланысты:
disser ernar

2.3 Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып 
оқушыларының 
өзбетімен 
орындау 
дағдыларын 
дамытудың 
құрылымдық-мазмұндық моделі 
Қазіргі кезде модельдеу танымның және түрлендірудің әдісі ретінде 
кеңінен қолданылады. Модельдеу ғылыми зерттеудің әдісі ретінде жаңа 
әдістердің қызметін ашуға мүмкіндік береді.
Алға қойылған міндет жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш 
сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытуға қажетті 
қабілет, құралдар мен жағдайды анықтауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық үдерісті модельдеу мәселесін С.И. Архангельский, Ю.К. 
Бабанский, В.П. Беспалько және т.б. қарастыып, онда модельдеудің жалпы 


79 
тәсілін көрсететін педагогикадағы модельдеу әдістеріне қажетті дәлелдемелер 
мен негіздемелер қолданылады [131-133].
Модельдеу оның қызметінен тыс және ішкі жүйедегі объектінің тұтас 
өзара байланысындағы кешенді білім беруді қарастыра отырып, жоғары 
абстракциялық үдерістің күрделі құрамын ұсынуға мүмкіндік береді. 
Ұйымдастыру моделінде оларды басқаруға мүмкіндік беретін қызметтің 
базалық үдерісіне мақсатты бағытталады.
Біз ұсынып отырған модель жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш 
сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамыту жағдайын 
қамтамасыз ету үшін оқушылардың әрекетін жаңарту мен жақсарту бағытында 
біртұтас үдерісті жүзеге асыруға мүмкіндік береді (сурет 11). Жалпы дамыту 
жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау 
дағдыларын дамытудың белгілі бір деңгейіндегі білім алушы осы үдеріске 
қатыса отырып, өзбетімен орындаудың жоғары деңгейіне жетеді. Тұтастық 
субъектінің қызметін функциялау мен танымдық қызметін ынталандыру 
нәтижесін көрсететін даму деңгейі жоғары ерекшеліктің синтетикалық 
сападағы педагогикалық үдеріс болып табылады. Педагогикалық үдерістің 
біртұтастығы гармониялық өзара байланыс пен оның кешенді құрамындағы 
бірыңғай ішкі құрылым болып саналады.
В.М. Монаховтың «тұтастық пен бірлестік, тұтастық аясында дамыту мен 
тәрбиелеу, оқытудың бірлігі» туралы анықтамасы зерттеуіміз үшін маңызды 
болып табылады. Педагогикалық үдеріс уақыт және кеңістік аясында өтеді. 
Оның ішінде күйінің өзгеруі, дамуы кезеңінің сатылары жүріп жатады. Ол 
динамикалық заңдылыққа; тұлғаның дамуына; ынталандыруына; сезімдік, 
логикалық және тәжірибелік бірыңғайлыққа; педагогикалық және танымдық іс-
әрекеттің бірлестігі; өзара шарттылыққа (қажеттілік – мүмкіндік – жағдайына) 
ие [134]. Демек В.М. Монахов педагогикалық үдерістегі оқыту, тәрбиелеу, 
дамыту бағытын білім алушының (субъект пен объект) барлық іс-әрекетінің 
жиынтығымен анықтайды.
Біз ұсынып отырған модель жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш 
сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамыту үдерісіндегі 
жоғарыда көрсетілген барлық элементтердің өзара байланысы мен бірлігінен 
тұрады.
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының 
өзбетімен орындау дағдыларын дамытуға қажетті модельдеу үдерісінің 
шарттары әдістемелік негіздегі зерттеу үдерісін анықтау болып табылады.
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының 
өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың теориялық-әдіснамалық тұғырлары: 
аксиологиялық 
– бастауыш сыныптан бастап дене тәрбиесін дене мәдениетін 
қалыптастыруға қарай бұру арқылы оқушылардың өмірге, өзіне, білім алуына, 
дене тәрбиесіне құндылық тұрғысынан қарауға үйренуі; 
антропологиялық
– 
бастауыш сынып оқушысынық өзбетімен орындау дағдысын дамытудағы 
жекелеген тәсілдің сапасын анықтау мен оқушының ішкі тұлғалық 
ерекшелігіндегі жүйе құраушы тұрғысынан қарастырылады; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет