Қосшы қаласы, 2021 жыл Ы. Алтынсариннiң ағартушылық көзқарасының қалыптасуы



Дата15.12.2023
өлшемі22,92 Kb.
#138375
Байланысты:
Баяндама Ы.Алтынсарин


Қосшы № 2 орта мектебі
Баяндама
Тақырыбы: Ы. Алтынсариннiң ағартушылық көзқарасының қалыптасуы


Орындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабирова Жұлдыз Рахатқызы


Қосшы қаласы, 2021 жыл
Ы. Алтынсариннiң ағартушылық көзқарасының қалыптасуы

Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебiнiң қалыптасуында өшпес iз қалдырды. Ол 1841 жылы қазiргi Қостанай облысының аумағында дүниеге келдi. Әкесiнен ерте айырылған ол атасының – белгiлi би және старшын Балқожа Жаңбыршиннiң қолында тәрбиеленедi. Ыбырай бала кезiнен бастап бiлiмге және өз бетiнше ізденуге бейiм екенiн байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының бiлiмдi адамдарымен жиi араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезiнде шығыстанушы ғалым В.В. Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзiнiң бай кiтапханасын Ыбырай Алтынсариннiң еркiн пайдалануына рұқсат еттi. Бiлiмге құштар жас бос уақытының бәрiн де сол кiтапханада өткiздi.


Бiлген үстiне бiле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбiрек пайда келтiрсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмiрлiк кредосына айналды. Өзiнiң мiнез-құлқы жағынан қарапайым әрi еңбексүйгiш едi, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбiрек бiле түссем деп армандады. Алған бiлiмiн өз халқының пайдасына жаратуға талпынды.
1857 жылы ол Орынбор шегара комиссиясы жанындағы мектептi алтын медальмен бiтiрдi. Ыбырай орыс, араб, татар және парсы тiлдерiнде еркiн сөйлей бiлдi. Кейiнiрек халық ағартушысы ретiнде өздігінен оқып, білімін арт- тыра түсудi белсендi түрде жалғастырды. Дүние жүзi әдебиетiнiң классиктерi В. Шекспирдiң, И. Гетенiң, Д. Байронның, А.С. Пушкиннiң, Н.В. Гогольдiң, М.Ю. Лермонтовтің, Ғ. Низамидiң, Ә. Фирдоусидiң, Ә. Науаидың шығармаларын зор зейiн қойып оқыды.
Ы. Алтынсариннiң педагогикалық көзқарасының қалыптасуына орыс педагогі К. Ушинскийдiң және чех ойшылы Я. Коменскийдiң еңбектерiмен таныс болуы оң әсерiн тигiздi. Ы. Алтынсарин орыстың көрнектi демо- краттары Н.Г. Чернышевскийдiң, Н.А. Добролюбовтың, А.И. Герценнiң және басқалардың шығармаларымен де таныс болды.
Мектептi бiтiрiп шыққан халық ағартушысы Ы. Алтынсарин үш жыл- дай атасының қол астында кеңсе қызметкерi болып iстедi. Осы жылдар iшiнде ол өз халқының сауатын ашып, бiлiмiн көтерудiң аса қажет екенiн жете түсiндi.
Қазақ елі Ыбырай Алтынсаринді қазақ педагогикасының негізін салушы, прозаик жəне ақын деп қана білмей, қазақ балалар əдебиетінің негізін қалаушы деп те таниды. Ыбырай – қазақ балаларын, жалпы қазақ ұрпағын сауатты əрі білімді болуын қалаған адам. Алтынсарин ұлттың бала тəрбиесінде өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сəйкес келу идеясын ұсынған. Сонымен қатар, ол қазақтың жарқын болашағына асқан үмітпен қарады. Ыбырай болыс мектептеріндегі бірінші бөлімнің оқыту бағдарламасының əрбір ауыл мектептерінде болуын қалады жəне соған қол жеткізе алды. Нақтырақ айта кетсек, ол қазақ қоғамының сауатын ашу тек бастауыш деңгейінен қалып қоймау керектігін алға тартқан.
Ыбырай Алтынсариннің саналы ғұмыры ел игіліне арналған. Ұлы ұстаздың жазушылық, ақындық, аудармашылық қабілеті – бүгінгі жастарға үлгі. Ағартушы халқымыздың бойындағы қасиеттерді əңгімелеріне арқау етіп, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырған. Ыбырай мұраларының ішінде толық зерттелмей келе жатқан еңбегі – 1880-1882 жылдары «Оренбургский листок» газетінің бетінде жарық көрген мақалалары. Торғай өңірінің өзекті мəселері мен қазақ халқының өміріне қатысты материалдар сол кезде шығып тұрған қазақтың құлағы, көзі һəм тілі болған «Тургайская газетада» жарық көрген. Өкінішке орай, аталған газеттің таралымы аз болған. 1887 жылдан бастап, көшпелі халықтың тұрмысын, ел тарихын жетік білетін көкірегі ояу, көзі ашық жандар құнды материалдары жарияланып отырды. Қазақ халқы ұл балаға ертеңгі абыройлы əке, елін қорғайтын батыр, ұлтының қамын ойлайтын еңбексүйгіш перзент ретінде тəлім-тəрбие берген. Сондай көпшілік қамын ойлайтын, ел тарихына қанық əрі қазақ тұрмысын жетік білетін халқымыздың игі жақсылары өз еңбектерін газет беттеріне жариялай бастады. Халқымыздың перзенті «Оренбургский листок» газетінің редакторымен достық қарым-қатынаста болған. Ефимовский-Мировицкий Ыбырайдың халқына деген қамқорлығына əрі журналист ретінде шеберлігіне сүйсінген. Редактор мақаласында туған халқын жан – тəнімен сүйетін, орыс тілін бес саусағындай білетін адам ауадай қажет екенін тілге тиек еткен. Алтынсариннің ағартушылық қызметке аңсары ауып тұратынына көзі жетіп, халқына деген шексіз махаббатына тəнті болған И.И. Евфимовский- Мировицкий Ыбырайдың газет беттеріне өзекті тақырыптарға қалам таруына мүмкіндік береді. Бұнда орыс переселендерін қазақ жеріне қоныстандыру мəселесі, халықтың құнарлы жерлерінен ығыстырылып, шөбі шүйгін жайылымдарынан айырыла басталуы көтерілген. 1864 жылғы хатында ағартушы былай деп жазды: «Қызмет бабы бойынша мен байлармен жиі қақтығысып қаламын. Маған жамандық ойлайтындар лауазымды адамдар арасында да бар. Олар қорғансыз кедейлерді арсыздықпен талап-тонауда…» Ы. Алтынсарин патша өкіметінің жергілікті халыққа қысым жасайтын жүгенсіз саясатын айыптап отырды. Оған 1880 жылы «Оренбургский листок» газетінде жарияланған мақалалары айқын дəлел. 1868 жылы Ыбырай Торғай уездік басқармасында іс жүргізуші болып қызмет атқарады, уезд бастығының көмекшісі болады. Қазақ ауылдарын- 51 да жиі болып, халықтың мұң-мұқтажын жақсы білген қызметші ауыл старшындарын сайлау барысында көрген əділетсіздік пен парақорлыққа қарсылық білдіреді. Халықтың мұңын, ел мұқтажын халықтың ішінде көрген ұтымды. Қоғамда болып жатқан нəрсеге биіктен үңіліп, оңтайлы шешім табу мүмкін емес. Алтынсарин тікелей елдің мəселесін көтеріп, оны шешудің тиімді жолын халықпен бірлесіп іздеген. Соның салдарынан байлар тарапынан айыптау хаттар мен шағымдар түскені белгілі. Оренбургский листок» газетінде жарияланған тырнақалды еңбектерінде өзін толғандырған мəселе – байырғы қазақ жеріне орыс казактарының қоныстануына тағы тоқталады. 1879-1880 жылдары жұт кезінде мал мың-мыңдап қырылған. 1880 жылы жарық көрген мақаласында автор қылышын сүйретіп келген қыста зардап шеккен халқымен біріге мұңаяды.
Өзекті проблемаға тоқталып қана қоймай, тығырыққа тірелген халыққа жол көрсетіп, жөн сілтейді. Дəлірек айтсақ, публицист малшылардың отырықшылыққа көшіп, жем-шөп дайындау қолға алынса, төрт түлік мал қыстан күйлі шығарын аңғартады. Сонымен бірге бірден қазақтарды жаппай отырықшылыққа көшіру саясаты «ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын күйретіп, мыңдаған жылдық тарихы бар көшпелі өркениет қиратылғанын» алға тартады. Ол қазақ халқының көшпелі тұрмысқа негізделген өмір салтын бірден жойып жіберуге қарсылық танытты. Отырықшылық саясатының қажеттілігін көшпелі халыққа түсіндіруге тырысты. «Əрбір халық прогресті жолмен дами отырып, ақыр аяғында көшпелі салтпен отырықшылыққа айналуға тиіс», – деген тұжырымы Ыбырай – публицист ойларының өміршендігін көрсететін дəлел. «Қазақ даласындағы ашаршылық жайында» деген мақаласында, жұт болып, аштық жайлаған қазақ халқының аянышты халін суреттей келіп, публицист патша үкіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан кезі де болды. В. Катаринскийге жазған хатында, құнарлы жерлерді тартып алып, күштеп отырықшылыққа енгізу саясатын сынға алып: «Осындай ерсі жобаларды оқығанда жəне естігенде, салың суға кетеді. Сондықтан қолайсыздау істеп отырғанымды біле тұрсам да, өзімнің оған қарсы екендігімді білдіруге бел байладым», – деп патшаның отарлау саясатына ашық қарсылық білдіреді.
Жалпы Ыбырай публицистикасына тəн қасиеттердің бірі – батылдық, өткірлік деген ойдамыз. Алтынсарин өзінің біраз еңбектерінде қазақ халқының сал-дəстүрлерінің ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазған. Оның еңбектерімен танысқан орыс қауымы «Қазақ осы құда бол деп қинайтын, құдаларын құдайындай сыйлайтын» деген сөздің мəнін жете аңғарған болар. Той –думансыз оты түзу жанбайтын халықтың өмірінде құда түсу, қыз ұзату əдет-ғұрыптары дəстүрлі қазақ үйлену тойының маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан адам өміріндегі бұл қадам Алтынсарин назарынан тыс қалмаған. 1870 жылы автор қаламынан туған «Орынбор ведомствосы қазақтардың құда түсу, қыз ұзату жəне той жасау дəстүрлерінің очерктерінде» «бел құда», «бесік құда» ұғымдарының мəнін ашып, бірін-бірі білетін адамдардың құда болуы жас отбасы жарастығына ықпал ететінін тілге тиек етеді. Автордың пікірінше, бірін-бірі танитын адамдар балаларын да жылы қабылдайды. Айрандай ұйып отырған жанұя, берекелі отбасы- ел берекесі екенін меңзейді. Тіл мен діннен, салт-дəстүрден айырылған халық құрдымға кетері анық. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын əдет-ғұрпымыз арқылы қазақтың бойындағы асыл қасиеттер – ізгілік, адамгершілік, рақым қоса жалғасады. «Бір жылдығын ойлаған бидай егеді, он жылдығын ойлаған тал егеді, мың жылдығын ойлаған ізгілік егеді» деген халқымыз отбасында жас ұрпақ пен аға буын арасында, жақын, ағайын-туыс қарым-қатынасы арасындағы асыл қасиеттердің маңызын түсінген. Осы қағиданы ұлтының бойына сіңірген дана перзентіміздің көрегендігі осында жатыр. Өмірден өткен адамның рухын құрметтеу, оны еске алып құран бағыштау – халқымыздың ата-бабаларын ардақтауы. Əдеби шығармаларда Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында Сағынай асына, Мұхтар Əуезовтің «Абай жолы» романындағы Бөжей асына жұрт жан-жақтан ағылып келіп жатқанда, қонақтарды ауыл болып қарсы алған 52 жандардың ынтымағы мен бауырмалдығы айтпаса да түсінікті. Ас беру рəсіміне қарай отырып, сол заманда қайтқан адамдарды қадір тұтып құрметтейтін жəне ұмытпағандығының белгісі ретінде арнайы ас рəсімін өткізген. Алтынсарин де бір жағадан бас бір жеңнен қол шығарып, қиындықты бірге бөліскен бауырластықты «Орынбор ведомствосы қазақтардың өлген адамды жерлеу жəне оған ас беру дəстүрлерінің очерктері» еңбегінде дəріптеген. Дүниеден өткен бай, атақты адамдардың құрметіне ас беру рəсімі сөз болатынын жазады. Онда ат жарыс, көкпар, палуандар күресі болады. Ас тарқарда қаралы белгілер алынып, ауыл бұрынғы қалпына келтірілетіні, өлген адамның қолданған заттары мен киген сəнді киімдері құда-құдағилар мен құрбы-жолдастарына үлестіріріліп, бұл өлген адамдардың жағымды қасиеттері көпшілік жұртқа тарасын деген ырымнан шыққаны баяндалады. Əсіресе, ауқатты қазақтар өлгенде, жылына қора-қор қой, үйір-үйір жылқы сойылып,ат бəйгесі мен балуан бəйгесіне көп қара мал, алтынкүміс жамбы тігілетіні, мұның өзі бəленшенің асы осындай аста-төк болып еді деп, бірнеше жыл бойы мақтан қылып, айтып жүру үшін жасалатынын, орынсыз шығын, ысырапшылдық – бес дұшпанның бірі екенін ескертеді. Сондай-ақ, аты бас бəйге алып, озып келген адам мен күрестен жеңген балуанның бəйгелерін, олардың таныстары, туыстары үлестіріп əкететінін келтіре отырып, қазақтың бойындағы атаққұмарлық пен даңғойлықты шенейді. Орыс География қоғамының ұсынысы бойынша қазақ халқының салт-дəстүрі, əдет-ғұрпына байланысты жиналған еңбектері орыс зиялы қауымы тарапынан жоғары бағаға ие болған. 1868 жылы педагог-ғалымның шығармалары баспасөз бетінде жарық көрген соң, оған В.Плотников: «Қазақ халқының тарихы мен этнографиясының бай материалдарын қамтыған, осы халықтың өмірінің тұрмыс ерекшеліктерін жан-жақты кең сипаттайтын бұл мақала үлкен қызығушылық туғызып, адамды баурап алады», – деп сын-пікір жазған. Бұл зерттеулер Ыбырай Алтынсаринның қазақ халқының салт-дəстүрлерін жетік білетін жəне сол ғұрыптардың елдің тұрмыс-тіршілігіне, діни салтсанасына қарым-қатынасын жете бағалайтын білімдар кісі екенін айқындайды. Алтынсариннің «қазақ хрестоматиясы»- көпшілікке арналған публицистика жəне көркем əдебиет шығармаларының жинағы, халыққа əртүрлі білім беретін энциклопедиясының ролін атқарды», – деп жазды профессор Х.Бекхожин. Алтынсариннің публицистикасы ағартушылық функцияны атқарды. Ыбырай 1862 жылы жазған хатында: «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық. Бірақ қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз. Қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған халық. Мəслеле оны ағартуда болып отыр», – деп жазған. Дəл осы ойлар оның көптеген публицистикалық шығармаларының алтын арқауы болды. «Қазақ хрестоматиясы» арқылы сол кездегі бүкіл қазақ білім нəрімен сусындады. Оқулықта жинақталған көркем шығармаларына адамгершілік, өнер-білімді насихаттау, отырықшылыққа көшу тақырыбын арқау еткен. Алтынсаринің публицистік өнерінің өркендеуіне тосқауыл болған жайлар аз емес еді: халықтың сауатсыздығы, патшаның отаршыл саясаты. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім», – деген ағартушы замандасының сөзін қостап, озық елдердің тəжірибесінен ғибрат алуды меңзегені белгілі. Өнербілімі дамыған елдерді үлгі етіп, халықтың игілігін ойлаған. Елдің келешегін ойлап, жұртының бақыты баянды болатын қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заманды аңсаған асыл ұлымыздың жарғақ құлағы жастыққа тимеді. Сол көкірегі ояу, көзі ашық бабаларымыздың арқасында қазіргі таңда қасиетті тіліміз бен салт-дəстүрімізді сақтап, озық елдермен иық түйістіре алатын күнге жеттік. Себебі құнды еңбектер ата-бабамыздың көрген қиындықтарын ұмыттырмайды. Ұлы адамдардың шығармаларымен сусындаған ұрпақ тарихқа, туған еліне тағзым етіп, халқының, адамзаттың тағдырына бейжай қарай алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет