9
Өндірісі науқанды сипаттағы салаларда айналым қаражатын қалыптастыруда
қарыз көздерінің үлесі артуда. Өндіріс науқанды емес сипаттағы салаларда
айналым қаражаты құрылатын көздер құрамында көбінесе меншік айналым
қаражаты басым.
4. Қаржы резервін құру нарық жағдаяты ықтимал ауытқитын, сонымен
бірге өз міндеттемелерін орындамау үшін әріптестер алдында материалдық
жауапкершілік артқан жағдайда кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін қажет;
5. Қаржылық қатынас мерзімдері – қаражатты пайдалануға және алуға
арналған ең төменгі уақыттың алшақтық жасайды, бұл әсіресе валюта
бағамдарының өзгерістерін және инфляция шарты кезінде маңызды болып
табылады;
6. Жоспарлық –төлемқабілеттілік сұранысы, конъюнктураны есепке алу,
шығындар мен сату көлемінің сәйкестігін қамтамасыз ету;
7. Икемділік – инвестициялық қызмет және жоспарлы ағымдағы
шығындар бойынша жоспарлы сату көлемінен асып кеткен қол жеткізілмеген
жағдайда маневр мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
8. Қаржылық тұрақтылық - бұл тәуекелдің мүмкін болатын деңгейінде
төлем мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табыстарды өсіру негізінде
қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін
қаржы ресурстарының жағдайы.
Іс жүзінде осы қағидаттарды іске асыру қаржыны басқару жүйесін
ұйымдастыруда және қаржы саясатын өңдеу кезінде жүзеге асырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: