Ахмет суретін, портретін салған суретшілер туралы мәлімет жинау, жүйелеу
Бақытжан Қабижанұлы Мырзахметов - 1953 жылы27 қаңтардаҚостанай қаласында туған. Қазақ.
Әкесі - Мырзахметов Қабижан, халық биі болған. Анасы - Мырзахметова Қатира, үй шаруасымен айналысқан, батыр-ана.
В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтының графика факультетін бітірген (1984), суретші-график. Кескіндеме, графика, плакат, монументалды кескіндеме, кітаби графика жанрында жұмыс істейді.
«Көш», «Махамбет», «Қансонар», «Жеті Жарғы», «Тәркілеу» кескіндемелік жұмыстардың; «Қайта құру жайлы» саяси плакаттар сериясының, театр плакаттары сериясының авторы.
5 бүкілодақтық, 40 жуық республикалық және қалалық топтық көрмелердің, 2 бүкілодақтық плакат симпозиумының қатысушысы. 4 жеке көрмесін өткізген.
Жұмыстары ҚР Президентінің резиденциясында, Президенттік Мәдениет орталығында, С. Сейфуллин атындағы мұражайда, Ғ. Мүсрепов атындағы Мемлекеттік әдеби-мемориалды мұражайлық кешенде, С. Мұқанов атындағы Мемлекеттік әдеби-мемориалды мұражайлық кешенде, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы үй-мұражайда, Көркемсурет көрмелер дирекциясында сақталуда.
1971-1973 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
1976-1978 жылдары - КазКСР Көркөмсурет қорының Арқалық көркемсурет шеберханаларының қызметкері.
1984-1996 жылдары - Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының аға оқытушысы, монументалды сәндік кескіндемө кафедрасының меңгерушісі, декан қызметін атқарушы.
1995-1998 жылдары - ҚР Суретшілер одағының жастар бірлестігінің төрағасы.
2000 жылдан бері - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеттің кескіндеме доценті.
ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1988 жылдан). ҚР Суретшілер одағы басқармасының тұрақты мүшесі (1995 жылдан). ҚР Суретшілер одағына қарасты Алматы суретшілер бірлестігінің төрағасы (1997-1998). ҚР Суретшілер одағының хатшысы (2008 жылдан).
БЛКЖК ОК (Алматы қаласы, 1987), ҚазКСР (Алматы, 1988), ҚР Мәдениет комитетінің (Алматы қаласы, 1998) құрмет грамоталарымен марапатталған. Республикааралық плакат конкурсының (Алматы қаласы, 1982; Фрунзе қаласы, 1988), Бүкілодақтық ең үздік саяси плакат конкурсының (Мәскеу қаласы, 1989) 1-ші дәрежелі дипломанты; «Ине» ұлттық плакат конкурсының (Алматы қаласы, 1997) 3-ші дәрежелі дипломанты; «Әлем Санияз-Қазақстан» халықаралық өнер фестивалінің құрмет дипломына ие (Алматы қаласы, 2000). Мәдениет қайраткері (2004).
Үйленген. Жұбайы - Мырзахметова Халида Рафаилқызы (1956 жылы туған), Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Ұлы - Мырзахметов Өмірхан (1975 жылы туған); қызы - Сланова Жәнел (1986 жылы туған).[1] Плакат, кескіндеме, графика саласында жұмыс істейді. В. И. Суриков атындағы көркемсурет институтын бітірген. Ол