«Қазақ ағартушылары» деген тақырыпта диплом жұмысын қорғап, Абай, Шоқан және Ыбырай портреттерін жазды (кенеп, майлы бояу, бәрі де суретшінің жеке қорында). Суретшінің «Абай» плакаты 1985 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланды.
«Ахмет Байтұрсынұлы» атындағы медалінің иегерлері туралы мәліметерді толықтыру; тізімдеме жасау; Алматыдағы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен орта мекеппен байланыс жасап, ақпарат алмасу т.б. А.Байтұрсынұлы атындағы алтын медальмен марапатталғандар: М.Орынханов – ҚР білім және ғылым вице-министрі, З.Мансұров – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры,
Т.Несіпбайұлы – ҚазҰАУ-дың профессоры,
А.Түсіпов – «Тұран» университетінің доценті,
Н.Алдабек – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры.
А.Байтұрсынұлы атындағы күміс медальмен марапатталғандар: Ф.Жақыпова – ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры,
Т.Бижігітов – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының доценті,
А.Құлбаев – Т.Жүргенев атындағы ҚазҰӨА-ның профессоры.
А.Байтұрсынұлы атындағы қола медальмен марапатталғандар: Г.Көбенова – ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің білім беру бағдарламалары мен стандарттау басқармасының бастығы,
Х.Әубәкіров – Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің доценті, З.Бекжанов – М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының профессоры,
С.Төлеуханов – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры,
Ә.Ізтайұлы – Алматы технологиялық университетінің профессоры,
С.Әбілмәжінқызы – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры,
Ғ.Маймақов – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті,
А.Қазешев – Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дың университеті,
А.Есенаманова – Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің ғылыми кітапхана директоры,
Т.Әлімбекерова – М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапхана директоры,
Қ.Хусаинова – Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ғылыми кітапхана директоры,
Г.Иржанова – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми кітапхана директоры,
С.Ахметқызы – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхана директоры,
Г.Шабикова – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры,
А.Түсіпбекова – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті.
Қазақ тілінің ғылыми тұрғыдан жүйелі зерттелуі ең алдымен ғұлама ғалым, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының есімімен тығыз байланысты. А.Байтұрсынұлы Халық ағарту комиссариатында құрылған Академиялық орталықтың (Академцентр) төрағасы ретінде (1921 – 1922 жж.) Қазақстандағы ғылымды академиялық жолмен басқаруды ұйымдастырудың негізін қалады. 1932 жылы КСРО ҒА-ның Қазақстан базасы жасақталып, 1936 жылы оның алғашқы құрамына 1934 жылы құрылған Ұлт мәдениеті институты берілді. Осы аталған Институттың тіл, әдебиет, халық шығармашылығы және тарих секторлары жоғарыдағы аталмыш базаның негізінде 1938 жылы құрылған КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл, әдебиет және тарих институтының негізінде екі жеке институт – Тарих, археология, этнография институты мен Тіл және әдебиет институты құрылды. 1961 ж. Қ.И.Сәтбаев пен М.О.Әуезовтің, І.Кеңесбаевтың мәселе көтеруімен Тіл және әдебиет институты негізінде Әдебиет және өнертану институты мен Тіл білімі институты құрылды. Сөйтіп, Тіл білімі институты қара шаңырақ болып, оның ұйымдық құрылымынан бірнеше академиялық ғылыми-зерттеу мекемелері бөлініп шықты. 1990 жылы 26 ақпанда Тіл білімі институтына көрнекті мемлекет қайраткері, ағартушы және лингвист ғалым Ахмет Байтұрсынұлының аты берілді.
Қазақ тіл білімінің, түркітанудың қалыптасу тарихы республикадағы лингвистикалық ойдың жетілуі мен дамуына елеулі үлес қосқан А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, ҚР ҒА академиктері Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, ҚР ҒА корреспондент-мүшелері С.Аманжолов, А.Ысқақов, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев т.б. ғалымдардың атымен тығыз байланысты.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты – Қазақстандағы ғана емес, бүкіл әлемдегі қазақ тілін ғылыми тұрғыда іргелі және қолданбалы бағдарламалар аясында зерттеумен айналысатын, қазақ тілі мен түркітанудың іргелі әрі қолданбалы мәселелерімен шұғылданатын бірден-бір ғылыми мекеме, ғылыми-лингвистикалық орталық.
Институттың мақсаты: мемлекеттік тілдің ғылыми-лингвистикалық базасын жасау (қазақ тілінің ұлттық тіл ретіндегі нормативтік сөздіктерін, академиялық сипаттағы Қазақ грамматикасын, көптілді аударма сөздіктерді дайындау, сондай-ақ терминологиялық зерттеулер жүргізу, ұлттық сөздік қорды жинақтап, байытып отыру; жұртшылықтың сөз мәдениетін, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, тереңдететін зерттеулер мен құралдар әзірлеу); әлемдік лингвистиканың дамуына сәйкес Қазақстандағы тіл ғылымын дамыту: іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламалары аясында қазақ тілінің қазіргі даму үрдістері мен бағыттарын белгілеу, қазақ тілі мен түркі тілдерін салыстырмалы, салғастырмалы аспектілерде қарастыратын зерттеулер жүргізу; Қазақстан бойынша кәсіби біліктілігі жоғары лингвист мамандар дайындау.
Институт ғалымдары жыл сайын дәстүрлі тілтанымдық бағыттардың мәселелеріне ғана емес, әлемдік лингвистикадағы бейдәстүрлі – антропоцентристік бағыттағы аспектілер бойынша қазақ тіл білімінің мәселелеріне арналған орта есеппен 10-ға тарта іргелі монография, оқу құралдарын, 200-ге жуық ғылыми мақала жариялайды. Бүгінгі күні осы бағыттағы зерттеулер негізде әлеуметтік лингвистика, коммуникативтік лингвистика, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика, компьютерлік лингвистика, корпустық лингвистика, психолингвистика, прагмалингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану аспектілерінде сала-саламен дамып отыр.
Институт жанында 2011 ж. дейін аспирантура және Институттың өз қызметкерлері мен ҚР БҒМ басқа да ғылыми мекемелерінің, ТМД-ның бірқатар республикаларының ЖОО мен ғылыми орталықтары ізденушілерінің кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғататын Диссертациялық кеңес жұмыс істеді. Институт 2011 жылға дейін тек қана Қазақстан емес, сондай-ақ Түркия, Қытай Халық Республикасы, Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Якутия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан т.б. бойынша жоғары білікті ғылыми кадрлар дайындайтын беделді түркологиялық орталық болды. Тәуелсіз Қазақстанның лингвистика саласындағы титулды ғылыми кадрлардың басым көбі Институттан мамандандырылып, ғылыми біліктілігі бойынша атақ-дәрежесін алып шыққаны белгілі: 1961 жылдан бастап 2010 жылға дейін 110 докторлық және 415 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Ал бүгінгі күні Институт 2014 – 2015 оқу жылынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірлескен білім беру бағдарламасы аясында «Лингвистика» мамандығы бойында 10 PhD докторант, 12 магистрант дайындап жатыр.
Институт ғылыми-зерттеу, ғылыми-педагогтік, тіл ғылымын насихаттау жұмыстарынан басқа жалпы мемлекеттік мәні бар нормативті, заң күші бар құжаттарды: Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерін, ҚР «Тіл туралы» Заңдарының, 2020 ж. дейін ҚР Тілдерді дамыту бағдарламасының, ҚР Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 және 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларының, ҚР Тіл саясаты тұжырымдамаларының жобаларын (1989 ж., 1996 ж.), Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы «Тілтаным» секциясының жоспарын т.б. әзірлеу, талқылау, сараптамадан өткізу жұмыстарына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік терминологиялық және ономастикалық комиссияларының жұмысына белсенді қатысып келеді.
Институт – республикадағы ғылыми-лингвистикалық ойдың дамуына ерекше үлес қосып отырған ғылыми мекеме. 1961 жылдан бастап Институт жанында «Лингвистикалық жұма» атты теориялық семинар тұрақты жұмыс істейді. Оның жұмысына жетекші ғалымдармен қатар жас тілшілер де қатысып, зерттеп жүрген проблемалары бойынша өз ойларын ортаға салады. Бұл семинарда шетелдік түркітанушылар да баяндама жасайды.