Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің


М ұғалім: (Оқушыларға сұрақ қойылады. Бірнеше оқушылардың ойы тыңдалады) Сұрақтар



бет2/3
Дата18.10.2023
өлшемі434,35 Kb.
#118349
1   2   3
Байланысты:
1575865535-Адалдық адамдықтың басты қасиеті

М ұғалім: (Оқушыларға сұрақ қойылады. Бірнеше оқушылардың ойы тыңдалады)
Сұрақтар:
Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?
Аңыз- әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?
Сендердің де адал достарың бар ма?
Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?
Адал дос дегеніміз не?
М ұғалім: Адал дос дегеніміз-өтірік айтпайтын,шындықты жақтайтын,досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын,барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін,қашан да қасынан табылатын,барын бөлісетін нағыз жолдас.
Мұғалім: Адалдық дегеніміз не деген сұраққа да жауап беріп көрейік
Айсағалиева Нұрайым
АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі
мен ар - ожданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек.
Қиындықты сенімен бір көрісіп,
Қажымайтын, тайсалмайтын жігері,
Дос деген жарты нанды бөлісіп,
Адалдықтан жаралады жүрегі
Бектурсынов Ерболат
Адал дос барлық жерде керек екен,
Өмірде достың орны бөлек екен.
Жақсы дос жадыратса жан дүниеңді,
Жаман достан жамандық келеді екен –
Мұғалім: адалдық туралы мақал – мәтелдерді тыңдап көрейік
Мақал - мәтелдер:
1.Адалдық - ардың ісі
2.Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
3.Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
4.Асылдың бірі — адалдық
5.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде
6.Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ
7. «Адал ұл ер боп туса, ел тірегі»
8. Адалдық және сыпайылық – шынайы адам келбеті
9.Адалдық ана сүтінен де абзал.
10.Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
11.Адалдық қайда болса, тіршілік сонда.
12.Жақын болудың бірінші шарты – адалдық.
13.Адалдық танытатын адамға да адал бол.
14.Адал болғың келсе, жаныңда адал достар болсын.
15.Сүйіспеншілік пен құрмет адалдыққа әкеледі.
16.Адалдық – өмірден қымбат.
17.Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет