Ғылыми - әдістемелік негіздері. дене тәрбиесінің заңдылықтарын және оқыту мен тәрбиелеу принциптерін жүзеге асыру жөніндегі тиісті ұсыныстарды, сонымен қатар тұрғын халықтың әрбір әлеуметтік тобымен жаттығудың әдістері мен үлгілерін ұйымдастыруды, құрал-жабдықтарды пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды. Әдістемелік негіздерде дене тәрбиесі жүйесіне тән ғылымилық көріністерді байқауға болады. Бұл орайда бастапқы ілімдік ережелер және оны іс жүзіне асыру ғылым негіздеріне (философияға, социялогияға, педпгогикаға, психологияға, биологияға т.б.) арнаулы ілімдік және спорттық-педагогикалық ғылымға сүйене отырып жасалады.
Бағдарламалық - нормативтік негіздері. тұрғын халықтың дене дамуымен бірге білім деңгейіне қойылатын үш сатылық өзара байланысты талаптар жүйесінде көрсетіледі. Дене тәрбиесінің біріңғай мемлекеттік бағдарламасы балалар бақшалары мен яслилерінде, жалпы білім беретін мектептерде, орта арнайы және жоғары оқу орындарында өткізілетін дене тәрбиесінің ең төменгі жүктеме көлемін анықтап, белгілейді. Бұл бағдарламада оқу орнының түрін, шұғылданушылардың жасын, жыныстық айырмашылық-тарын есептей отырып, дене дамуымен білім көрсеткіштеріне қойылатын талаптар жәнен дене тәрбиесінің негізгі құралдары көрсетіледі.
Спорттық біріңғай дәрежеге жеткізу жіктелуі (классификациясы)дене тәрбиесі жүйесінің бағдарламалық, мөлшерлік негізінің ең жоғары, қорытынды сатысы болып табылады. Ол елдің барлық спорт ұйымдары үшін спорттық дәрежелері мен атақтарды беру ережелері мен қағидаларын, сонымен қатар спорттың әртүрінен спортшының дайындығына қойылатын біріңғай мөлшерлік талаптарды белгілеген.
Спорттық дәрежелер мен атақтарарнаулы ережесі және жарыс күн тізбесі (календары) бар спорт түрлері үшін ғана белгіленген. Оның құрамына, сонымен бірге әскери–қолданбалы, кәсіптік–қолданбалы, біздің еліміздің ұлттық спорт түрлері және халықаралық дәрежеге ие болған спорт түрлері енгізілген.
Ұйымдастыру негіздері. Дене тәрбисі жүйесінің ұйымдық негіздері мемлекеттік, өзінен-өзі туындаған қоғамдық және басқару органдарының біртұтас байланыстығынан құралады. Бұл байланыс дене тәрбиесі жүйесінің біріңғай мақсаты болып табылады. Оның міндеттеріне, қағйдаларына, идеологиялық, әдістемелік және бағдарламалық–мөлшерлік негіздеріне, сонымен қатар дене шынықтыру ісінің дамуын жүргізетін, бағыттап және бақылап отыратын еліміздегі қоғамдық, мемлекеттік мекемелердің іс-жүзіндегі біріккен іс-қимылына сүйенеді.