ӘЙЕЛ ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША СҰРАҚТАР Бір дұрыс жауабымен Жатыр түтігінің бөлімдерін атаңыз:Жатыр бөлігі(pars uterine);Жатыр түтігінің қылқасы (isthmus tubae uterinae);Жатыр түтігінің кеңжері(ampulla tubae uterinae) infundibulum
Овуляция дегеніміз ол: жетілген фолликуланың жарылуы салдарынан жұмыртқаның аналық безден фаллопиялық түтікке шығуын білдіретін құбылыс
Овариальды-етеккір циклі дегеніміз ол: Аналық жыныс жүйесінің қызметі мен құрылысының циклдық өзгерістері
Овариальды-етеккір циклінің етеккір фазасында өтетін үдерістер: Жатырдың шырышты қабығынан беткей қабатының қанмен бірге ажырап, жыныс жолдарынан менструация түрінде шығуы
Овариальды-етеккір циклінің етеккір арты фазасында өтетін үдерістер: эстрогеннің әсері жағдайында эндометрийдің функциялық қабатының қалпына келіп, қалыңдауы, сонымен қатар бездердің де қалрына келуі. Менструация басталғаннан 5ші күннен басталып, 14-15 күнге дейін созылады
Овариальды-етеккір циклінің етеккір алды фазасында өтетін үдерістер: Сары дене гормоны прогрестерон әсері жағдайында секреция фазасында эндометрийдің қалыңдап, ұрықтанған жыныс жасушасының оған енуіне дайындалуы. Менструация циклінің 15-28 күндерін қамтиды