Остеология Сагиталды жазықтық адам денесін бөледі://оң



бет102/367
Дата16.03.2022
өлшемі0,53 Mb.
#28131
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   367
Байланысты:
Остеология Сагиталды жазы ты адам денесін б леді о

Ситуациялық есептер

Есеп №1. Хирург зардап шегушіні қарау кезінде сол жақ бүйректің ортаңғы үштен бірінің зақымдалғанын анықтады. Сол жақ бүйректің синтопиясын ескере отырып, міндетті түрде қандай мүшенің тұтастығын тексеру қажет? Ұйқы бездің бүтіндігі
Есеп №2

Терапевт дәрігерге 52 жастағы әйел адам бел аймағының ауырсынуына, несеп шығарудың бұзылысына шағымданып келді. Бел аймағын перкуссиялау кезінде екі жақта ауырсыну анықталды. Дәрігер бүйрек патологиясына болжам жасады

Сұрақ: дәрігер перкуссия кезінде қолданатын қалыпты жағдайдағы бүйрек проекциясын көрсетіңіз? Бүйрек іш қуысының артқы қабырғасында,омыртқа жотасының екі бүйір қапталында spatium retroperitonialis-тің жоғары бөлігінде орналасқан.Он бүйрек бауырдың оң үлесімен жақын беттесіп орналасуына байланысты сол бүйрекке қарағанда 1-1,5 см төмен орналасқан. Проксималді ұшы,extremiras superior, XI- қабырғаның тұсында,дисталді ұшының extremiras inferior, орналасуы тұрақсыз, жалпы мықын сүйегінің қырынан 3-5см-дей жоғары орналасқан.
Есеп№ 3

Несеп шығару жолдарын рентгенконтрастылы урография жасау кезінде 45 жастағы ер адамнан сол жақты нефроптоз (сол жақ бүйректің төмен түсуі) анықталды.

Сұрақ: Урограммада бүйректің орналасуын нақтылауда және осы диагнозды қоюда қандай сүйектік бағдарлар (құрылымдар) маңызды? Сол жақ бүйректің жоғары ұшы XI кеуде омыртқасының ортасының деңгейіне,ал төменгі ұшы III бел омыртқасының жоғарғы жиегіне сәйкес келуін нақтылау маңызды
Есеп № 4

57 жастағы ер адамды оң жақты трансперитонеальды нефроэктомия (оң жақ бүйректі іш қуысының алдыңғы қабырғасы арқылы алып тастау) отасына дайындады.

Сұрақ: Хирург отаны сәтті орындау үшін оң жақ бүйректің қандай синтопиялық қатынасын ескеру қажет? Дәрігер оң бүйректің жоғарғы ұшының шамалы бөлігі бүйрекүсті безбен, gl.suprarenalis; алдыңғы беті бауырмен, hepar; алдыңғы бетінің төменгі бөлігі он екі елі ішектің төмендеген бөлігімен, pars descendens duodeni,шектесетінін ескеру керек.
Есеп № 5 Палуан ер адам, ауыр көтеру кезінде жарақат алды. Тексеру кезінде бүйректің күрт қызметінің бұзылуымен оң жақ бүйректің төмен түсуінің 3-ші дәрежесін анықтады. Бұлшықет құрақтарын қолдана отырып, бүйректің бекіткіш аппаратына ота жасау жоспарланды.

Сұрақ: Бүйректің бекітуші аппаратына қандай құрылымдар жатады? Бүйрек аяқшасы , бүйрек орынжайын ( 4 бұлшықет) бүйрек қабықшасы, ішкі қысым
Есеп № 6. Жедел медициналық көмек ауруханасына 62 жастағы ер адам жол-көлік оқиғасы кезіндегі іш жарақатымен келіп түсті. Ультрадыбыстық тексеру кезінде «бүйрек аяқшасынан» бүйректің үзілуі анықталды.

Сұрақ: «Бүйрек аяқшасын» қандай құрылымдар түзейді? Бүйрек қақпасындағы құрылымдардың синтопиясы атаңыз. алдынан- бүйрек артериясы мен венасы, a. et v. Renalis Артынан- несепағар,ureter бүйрек артериясы мен нерв кіреді, бүйрек венасы, лимфа тамырлары және несепағар шығады
есеп № 7 Терапевтте ұзақ уақыттан бері тіркеуде тұрған науқаста пиело-венозды рефлюкс анықталды: несеп шығару жолынан несептің қанға өтуі.

Сұрақ: Осы бүйрек патологиясына әкелетін бүйрек құрылымын атаңыз және ол неден құралған? Бүйрек түбегі- pelvis renalis; calyces renales minors et majores



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет