Остеология Сагиталды жазықтық адам денесін бөледі://оң



бет177/367
Дата16.03.2022
өлшемі0,53 Mb.
#28131
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   367
ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ

1. Жоғарғы тыныс жолдарына жатады://мұрын қуысы (cavum nasi),жұтқыншақтың мұрындық және ауыздық бөліктері (pars nasalis et oralis pharynges)

2. Төменгі тыныс жолдарына жатады://көмей(larynx), кеңірдек(trachea), бронх(bronchi), өкпедегі бронхиалды тармақтар,көпіршікті тармақтар

3. Сыртқы мұрынның бөлімдерін атаңыз:// мұрын түбірі (radix nasi), мұрын арқашығы (dorsum nasi), мұрын ұшы (apex nasi), танауы (nares), мұрын қанаттары (alae nasi) 4. Мұрын қуысының бүйір қабырғасында орналасқан://жоғарғы,төменгі және бүйір үш мұрын жолын шектейтін төрт мұрын қалқандарынан

5. Жоғарғы мұрын жолына ашылады://хоан тесігі

6. Нәрестелерде болатын мұрын қуысының ерекшеліктерін көрсетіңіз://Нәрестелерде мұрын қуысынң биіктігі төмен және қуысы тар болады. Жоғарғы мұрын жолы болмайды, ортаңғы және төменгі мұрын жолдары әлсіз дамыған. 7. Көмейдің жұп шеміршектерін атаңыз://Ожау тәрізді шеміршек (cartilago arytenoidea), мүйізтәрізді шеміршек (cartilago corniculata), жүзік тәрізді ш (cartilago cricoidea) ,қалқанша шеміршек (cartilage thyroidea) 8. Көмей қуысының бөлімдерін көрсетіңіз (3 дұрыс жауабымен)://кіреберісі (vestibulum larynges),ортаңғы (cavum larynges intermedium,дауысасты(cavum infraglotticum)9. Көмейдің скелетотопиясы://мойынның алдыңғы аймағының ортаңғы бөлігінде,4-6 мойын омыртқаларында,тіл асты сүйегінің астында.

10. Көмейдің синтопиясы://көмейдің алдынан келесі бұлшықеттер:m.sternohyouideus,sternothyroideus,m.thyrohyoudeus жабады,артында жұтқыншақтың көмей бөлімі орналасқан,ал бүйірінен қалқанша безінің үлестері мен жұп тамырлық-нервтік буда немесе кезбе нерв n.vagus.

11. Дауыс байламын керетін көмей бұлшықеттерін көрсетіңіз://жүзікқалқанша бұлшықеті m.cricothyroideus,дауыс бұлшықеті m.vocalis немесе қалқаншаожаутәрізді бұлшықеттер m.thyroarytenoideus

12. Дауыс саңылауын тарылтатын көмей бұлшықеттерін көрсетіңіз://Латералді жүзікожаутәрізді бұлш (m. cricoarytenoideus lateralis), қалқаншаожаутәрізді бұлш (m. thyroarytenoideus), көлденең ожаутәрізді бұлш (m. arytenoideus transversus), қиғаш ожаутәрізді бұлш (m. arytenoideus obliguus) 13. Нәрестелерде болатын көмейдің ерекшеліктерін көрсетіңіз://дауыс шығаратын бұлшықеттері дұрыс жетілмегендіктен дауы қалыптаспайды,шеміршектері әлсіз.

14. Кеңірдектің бөлімдерін көрсетіңіз://мойындық бөлігі(pars cervicalis),кеуделік бөлігі pars thoracica)

15. Кеңірдектің скелетотопиясы://VI мойын омыртқаның төменгі жиегінен басталып, V кеуде омыртқаның жоғарғы жиегі16. Кеңірдектің мойын бөлімінің синтопиясы (3 дұрыс жауабымен)://алдыңғы беті-қалқанша безбен gi.thyroidea және тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттермен,бүйір-жалпы ұйқы артериясымен (a.carotis communis),ішкі мойынаралық венамен (v,jugularis interna ,кезбе нервпен (n.vagus),артқы беті-өңешпен esophagus.

17. Кеңірдектің талшықты-шеміршекті қабаты немен құралатынын көрсетіңіз://16-20 гиалинді шеміршектерден тұрады,олар кеңірдек айналымының 2/3 бөлімін құрайды,шеміршектер өзара талшықты тінмен байланысады.

18. Өкпенің құрылымдық-қызметтік бірлігі болып табылады://Ацинус

19. Оң жақ өкпе қақпасында жоағрыдан төменгі бағытта орналасады://негізгі бронх (bronchi principals),өкпе артериясы(a.pulmones), екі өкпе венасы(venosus pulmonea)

20. Сол жақ өкпе қақпасында жоағрыдан төменгі бағытта орналасады://негізгі бронх (bronchi principals),өкпе артериясы(a.pulmones), екі өкпе венасы(venosus pulmonea)

21. Оң жақ өкпе ұшының скелетотопиясы://бұғана сүйегінен 2 см,бірінші қабырғадан 2-3 см,артқы жағы 7 мойын омыртқаның көлденең өіндісіне тұспалас.

22. Бронх ағашы құрылысын көрсетіңіз://негізгі бронхлар bronchus principiales,үлестік бронхлар bronchi lobares, сегменттік бронхлар bronchi segmentales, субсегментаралық брохлар bronchi subsegmentum,ақырғы бронхлар broncholi terminales,тыныс алу бронхиолалары bronchi respiratorii, альвеолалар ductuli alveolares,альвеола қапшықтары alveoli pulmones.

23. Альвеола ағашы құрылысын көрсетіңіз://bronchioli respiratorii, ductuli alveolares, sacculi alveolares 24. Оң жақ өкпенің жоғарғы үлесінің бронхөкпелік сегменттерін атаңыз (3 дұрыс жауабымен): //ұштық,артқы,алдыңғы

25. Оң жақ өкпенің ортаңғы үлесінің бронхөкпелік сегменттерін атаңыз://латеральды segmentum laterale, медиальды segmentum mediale26.Оң жақ өкпенің төменгі үлесінің бронхөкпелік сегменттерін атаңыз: // ұштық,медиальді базальді,алдыңғы базальді,латеральді базальді,артқы базалді

27. Сол жақ өкпенің жоғарғы үлесінің бронхөкпелік сегменттерін атаңыз://ұштық артқы сегмент,алдыңғы сегмент,жоғары тілшелік сегмент,төменгі тілшелік сегмент. 28. Сол жақ өкпенің төменгі үлесінің бронхөкпелік сегменттері://ұштық,медиальді базальді,алдыңғы базальді,латеральді базальді,артқы базальді.

29. Өкпеқап қойнауларын көрсетіңіз (3 дұрыс жауабымен)://қабырға-көкет қойнауы recessus costodiaphragmaticus, қабырға-көкірек орта қойнау recessus costomediastinalis, көкет-көкірек орта қойнау recessus phrenicomediastinalis, омыртқа-көкірек орта қойнау recessus vertebromediastinalis

30. Париетальды өкпеқап бөлінеді://сыртқы беті-кеуде қуысы қабырғаларының ішкі бетін жауып тұрады,ішкі беті-мезотелий жасушаларымен көмкерілген.

31. Өкпеқап күмбезінің скелетотопиясы://1 қабырғадан 3-4 см жоғары,арқа жағы 7 мойын омыртқасының қылқанды өсіндісі

32. Өкпеқаптың барынша терең және ірі қойнауын көсетіңіз://қабырға-көкет қойнауы recessus costodiaphragmaticus 33. Мұрын қуысы келесі қызметтерді атқарады(екі жауабы бар сұрақ)://иіс сещу,дыбыс түзу.

34. Дауыс саңылауын кеңейтетін көмей бұлшықеттерін атаңыз(екі жауабы бар сұрақ):// артқы жүзік-ожау тәрізді бұлшықет m. cricoarytenoidens, қалқанша-көмек қақпашығы бұлшықеті m. thyroepiglotticus35. Көмейдің тақ шеміршектерін көрсетіңіз (екі жауабы бар сұрақ):// жүзік тәрізді ш (cartilago cricoidea), сынатәрізді шеміршек (cartilage cuneiformis),қалқанша шеміршек epiglottis .

36. Кеңірдек қабырғасының құрылысы(екі жауабы бар сұрақ)://ішкі бет-шырышты қабық шырышты бездер gill tracheales мен лимфа түйіндеріне бай; сыртқы беті-дәнекер тінмен tunica adventitia-мен көмкерілген.37. Өкпенің беттерін көрсетіңіз(екі жауабы бар сұрақ)://қабырғалық беті(fascies costalis) немес fascies medialis,көкеттік беті (facsies diaphragmatica),көкірекаралық беті(facsies mediastinalis)

38. Өкпе келесі қызметтерді атқарады(екі жауабы бар сұрақ)://1.Ауа алмасу,қан айналыс;2.қышқыл-негіздік тепетеңдікті реттеу,сіңіру.

39. Ауа өткізетін құрылымдарды көрсетіңіз(екі жауабы бар сұрақ)://1.мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек; 2.бронхтар (негізгі, үлестік, сегментаралық,субсегментаралық,ақырғы және тыныс алу бронхиолалары)

40. Мұрынның іріңді қабыну ауруымен науқас ауруханаға келіп түсті. ЛОР-дәрігер қарау кезінде қабыну ортаңғы мұрын жолы аймағында екенін анықтады.Сұрақ: Іріңді қабыну бірінші қандай мұрын маңы қойнауларына таралуы мүмкін?

//маңдай қойнауы,жоғары жақсүйек қойнауы,торлы сүйектің алдыңғы және ортаңғы ұяшықтары.

41.Науқас мұрын аймағының жарақатынан кейін, ауқымды қан кетуге байланысты жедел жәрдем шақырды. Қан кетуді тоқтату қиын болды. Науқасты жедел жәрдеммен ауруханаға алып келді.

Сұрақ: Мұрыннан қан кету және қан кетуді тоқтатудың қиындығына әкелетін мұрынның анатомиялық ерекшелігін түсіндіріңіз?

//Себебі,мұрынның шырышты қабығы вена тамырларына бай,олар төменгі және ортаңғы қалқанда қалың өрім түзеді.Олар зақымданса мұрыннан қан кетеді.
42.Трахеостомия (кеңірдекті ашып түтік қою) жасаудың бірден – бір көрсеткіші жоғары тыныс жолдарына бөгде заттың түсуі. Трахеостомия әдетте шұғыл көмек көрсету мақсатында, тіпті күтпеген жағдайда шұғыл жасалады. Сондықтан, трахеостомия жасау кезінде асқыну, қате жасау немесе асығыстық нәтижесінде басқа анатомиялық құрылымдарды зақымдап алу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан, кеңірдектің синтопиясын жақсы білу осы асқынуды болдырмай, алдын алуға септігін тигізеді.Сұрақ: Трахеостомия жасау кезінде кеңірдектің мойын бөлімінің синтопиясын ескере отырып, қандай анатомиялық құрылымдарды зақымдап алу мүмкін?

//Алдынан-қалқанша безінің төменгі бөлігі(мойнағы),артынан өңеш,бүйірінен жұп тамырлық нервтік буда.


43.Құрылысшы биіктен құлау нәтижесінде өткір затпен бұғана үстінде, мойынның төменгі бөлімі жарақаттанды. Науқаста кенеттен тыныс алу қиындығы болды. Жедел жәрдем дәрігерлері қарау кезінде пневмоторакстың (өкпеқап қуысына ауа жиналуы) дамығандығын анықтады.Сұрақ: Мойын аймағының зақымдануы кезінде неліктен пневмоторкс дамыды? Өкпеқап топографиясын ескере отырып, анатомиялық негіздеме беріңіз.

//Өкпеқап күмбезі мойынның орта тұсына дейін жетеді,сондықтан осы аймақта өкпеқап күмбезінің зақымдалуы пневмоторакстың дамуына әкелуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет