МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
НУО КАЗАХСТАНСКО
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
Тақырыбы:
Электрокардиографияның физикалық негіздері. ЭКГ-ні тіркеу және
сараптау принциптері
.
Мақсаты
: Электрокардиографтың жұмыс істеу принципі, әдістің теориялық
негіздерімен танысу. Кардиограмманы тіркеу механизмі мен сараптау принциптері,
негізгі бөліктерінің функциясын анықтау.
Оқыту әдістері:
тіркеу принциптерін түсіну, кардиограмманы оқудың негізгі
моменттерін үйрету, уақыт интервалдарын, анатомиялық осьтің пульсін анықтау
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
1.
Биопотенциалдардың пайда болуы;
2.
Биопотенциалдарды, стандартты тармақтарды тіркеу схемаларының құрылымы;
3.
Эйнтховен теориясының негізгі жағдайлары.
4.
Кардиограмманың пайда болу механизмі;
5.
Кардиограф, оның негізгі бөліктері;
6.
Кардиографтың кіру блогы: электродтар, тармақтар кабельдері;
7.
Күшейту блогы: кіретін және шығатын параметрлер;
8.
Тіркейтін құралдардың әртүрлілігі
Қысқаша теория
ЭКГ-ның биоэлектрлік негіздері. Жүрек биопотенциалдарының пайда
болуы.
Жүректің биопотенциалы негізінен қозу үрдісін және миокардада импульстің
жүруін бейнелейді. ЭКГ-ның теориялық негіздері жүректе электр импульсінің
ритмикалық генерациялануы мен жүрек пен миокарда өткізгіш жүйесінде қозудың
таралуына
байланысты
жүретін
электр
үрдістерінде
қолданылатын
электродинамиканың заңдарынан жасалады. Қалыпты жұмыс жасайтын жүректе электр
импульстері электр өрісін туғыза отырып генерацияланады. Бұл өріс математикалық
жағынан шамасы мен бағыты бар вектор түрінде көрсетілген. Жүректің электр
потенциалдарының векторлық көрсетілімін дат физиологы В. Эйнтховен ұсынды.
Тыныштық күйде миокарда жасушасы калий мен натрий иондарының
концентрациясының айырмасы (сыртына қарағанда калий иондары жасушада 30 есе
көп болса, ал натрий керісінше 10 есе аз болады) есебінен поляризацияланған. Қозу
импульсі өткенде натрий тез жасушаға кіріп, ал потенциалы диполь түзе отырып,
қарама – қарсы жаққа қарай өзгереді. Миокардиоциттердің потенциалдардың
қосылуынан жүректе жалпы түрде диполь түзейді. Олардың қосындысы жүректің
электр векторы деп аталады, цикл кезінде күшті және уақытқа байланысты өзгертіп
отырады.
Жүректің момент векторы кеңістіктегі торды сипаттайды. Өткізетін ортада
айнымалы электр өрісі пайда болады. Эйнтховен теориясы бойынша жүректің әрбір
бөлігін біртекті өткізгізгіштік ортада орналасқан электрлік диполь ретінде қарастыруға
болады. Диполь электр өрісін тудырады, ал оның потенциалдарын дене бетінде
тіркеуге болады. Осы диполдың электрлік моментінің векторы жүректің
биопотенциалдарының айырымының нәтижесіндегі сипаттамасын береді. Бұл вектор
жүректің электрлік векторы
деп аталады.
Электродтар жұбының көмегімен реттелетін сәйкес нүктелердің арасындағы
потенциалдар айырмасын тармақ деп атайды.Клиникада ЭКГ-ні тіркеу үшін 12
тармақты қамтитын жүйені алады: Эйнтховен ұсынған берілген әрбір электродтар
Достарыңызбен бөлісу: |