partes abdominalis және peivina аралық шекарасында, pars pelvina бойында, несеп қуық қабырғасында, бүйректік -бүйрек түбегінен басталар жері, жамбастық- linea terminals тұсынды , қабырға ішілік- несепқуыққа ашылар жерінде
Ситуациялық есептер:
Есеп №1. Хирург зардап шегушіні қарау кезінде сол жақ бүйректің ортаңғы үштен бірінің зақымдалғанын анықтады. Сол жақ бүйректің синтопиясын ескере отырып, міндетті түрде қандай мүшенің тұтастығын тексеру қажет?
Ұйқы бездің бүтіндігі
Есеп №2
Терапевт дәрігерге 52 жастағы әйел адам бел аймағының ауырсынуына, несеп шығарудың бұзылысына шағымданып келді. Бел аймағын перкуссиялау кезінде екі жақта ауырсыну анықталды. Дәрігер бүйрек патологиясына болжам жасады
Сұрақ: дәрігер перкуссия кезінде қолданатын қалыпты жағдайдағы бүйрек проекциясын көрсетіңіз?
Бүйрек іш қуысының артқы қабырғасында,омыртқа жотасының екі бүйір қапталында spatium retroperitonialis-тің жоғары бөлігінде орналасқан. Он бүйрек бауырдың оң үлесімен жақын беттесіп орналасуына байланысты сол бүйрекке қарағанда 1-1,5 см төмен орналасқан. Проксималді ұшы, extremiras superior, XI- қабырғаның тұсында, дисталді ұшының extremiras inferior, орналасуы тұрақсыз, жалпы мықын сүйегінің қырынан 3-5см-дей жоғары орналасқан
Есеп№ 3
Несеп шығару жолдарын рентгенконтрастылы урография жасау кезінде 45 жастағы ер адамнан сол жақты нефроптоз (сол жақ бүйректің төмен түсуі) анықталды.
Сұрақ: Урограммада бүйректің орналасуын нақтылауда және осы диагнозды қоюда қандай сүйектік бағдарлар (құрылымдар) маңызды?
Сол жақ бүйректің жоғары ұшы XI кеуде омыртқасының ортасының деңгейіне,ал төменгі ұшы III бел омыртқасының жоғарғы жиегіне сәйкес келуін нақтылау маңызды
Есеп № 4
57 жастағы ер адамды оң жақты трансперитонеальды нефроэктомия (оң жақ бүйректі іш қуысының алдыңғы қабырғасы арқылы алып тастау) отасына дайындады.
Сұрақ: Хирург отаны сәтті орындау үшін оң жақ бүйректің қандай синтопиялық қатынасын ескеру қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |