Аталық жыныс бездерінде орташа 3-5 мл сперма түзіледі, онда шамамен 300 млн сперматозоид болады.
Тек бір сперматозоид жұмыртқа жасушасымен қосылады да, қалғаны жойылады.
Ұрықтану – сперматозоид пен жұмыртқа жасушасының қосылуы.
Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы сыртынан басқа сперматозоидтың енуінен қорғайтын қабықшамен жабылады.
Ұрықтану жүзеге асады - жатыр түтігінде.
Ұрықтану жүзеге асады - жатыр түтігінде.
Ұрықтанбаған жұмыртқа жасушалары мен сперматозоидтер жойылады - лейкоциттер әсерінен жатыр түтігінде, жатырда.
Сперматозоидтердің ұрықтандыру қабілеті сақталады – 24-28 сағат.
Қосылған екі гаметадан зигота түзіледі. Ол бөлшектене бастайды да жатыр түтігі арқылы жатырға түседі.
Қосылған екі гаметадан зигота түзіледі. Ол бөлшектене бастайды да жатыр түтігі арқылы жатырға түседі.
Жатырда ұрық түзіледі де, оның ана жатырында тіршілік етуін қамтамасыз ететін қосымша элементтер дамиды.
Ұрықтық дамудың бірінші сатысы
Адам зиготасы бөлшектенуден кейін түзілген бластула сыртқы қабаты жасушаларының бір бөлігі түкшелер түзіп, қоректенуді жүзеге асырады.
Осы түкшелері арқылы ұрық толыққанды қызмет ететін плацента түзілгенге дейін қоректенеді.
Шамамен 6 аптада адам ұрығында адамға тән сипаттар пайда болады, аяқ-қолы дамиды, саусақтарын ажыратуға болады. Осы сәттен бастап ұрықты шарана деп атайды.
Шараналық кезең – 3 айдан бастап туғанға дейінгі айлар.
Жүктіліктің 3-айында шарана және ана ұлпасынан плацента түзіледі.
Плацента – ана мен шарана ағзасы арасындағы байланысты жүзеге асыратын мүше.
Қызметі – шарананың тыныс алуын, қоректенуін және зат алмасу өнімдерінің бөлінуін қамтамасыз етеді. Қоректік заттар мен оттек ана қанынан шарана қанына плацентаның сыртқы бетіндегі көптеген бүрлер арқылы енеді. СО2 мен алмасу өнімдері де бүрлер арқылы шығарылады.