.«Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетініңқалыптасуы мен дамуы» тақырыбында эссе.
Оқу тобы : 1703-12-6 Орындаған : Равшанбекова Ёрқиной Қабылдаған : Мантаева Т. С. Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы. «XX-XXI ғғ. Батыс Еуропадағы жастар субмәдениеті және оның қазақстандық жастардың құндылықтар жүйесіне тигізетін әсері»
Экологиялық мәдениет күрделі ұғым ретінде табиғатты танып білу, пайдалану және жаңарту іс – әрекет түрлерінің мәдениетімен байланысты. Ал жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз – табиғатты аялауға, қорғауға бағытталған білімі, іскерлігі, дағдысы, оны жүзеге асыруы. Яғни экологиялық мәдениетті қалыптастырудың мақсаты – адам – қоғам – табиғат жүйесіне үйлесімдік орнату, табиғи байланысты сақтау, молайту, тиімді пайдалану, жуапкершілік сезімін арттыру. Экологиялық мәдениет бұл – адамдардың табиғатты қабылдау деңгейі және әлемдегі өзінің орнын бағалауы, адамның әлемге деген қарым – қатынасы.
Жалпы экологиялық мәдениет түсінігі қазіргі кезде табиғатқа деген жауапкершілікті қарым – қатынасты, табиғатты бағалауды білдіретін бастапқы мағынасына қайта оралады. Табиғат өзара әрекеттің тең құқылы серіктесі ретінде қарастырылады, ал «экологиялық мәдениет» болса адамзат мәдениетін құрайтынды әлеуметтік топтық және тұлғалық деңгейде белгілейді. Экологиялық мәдениет әлеуметтік деңгейде ноосфера жасау үдерісін басқаруды жүзеге асыратын, қоршаған ортаға қатысты тағылықтан арылуды іске асыратын адамзаттың іс – әрекеті арқылы көрініс табады.
Экологиялық мәдениеттің ерекшелігі.Табиғатты адамға тәуелсіз, оған қарама – қарсы ретінде қабылдау Жаңа заман дәуірінде болады. Табиғат негізгі қызметі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандырушы пассивті жақ ретінде қабылдана бастады. Бүгінгі күні адам мен табиғат арасындағы қарым – қатынас және экологиялық дағдарыстың болуын еуропалық өркениеттің даму ерекшеліктерінен іздеу керек деген пікірмен келісуге болады. Ол ерекшеліктер мына пайымдауларда көрініс табады:
Табиғат адам үшін жаратылған, адам оның иесі болып табылады.
Табиғат ішкі моральдық құндылықтардан жұрдай, тек адам ғана оған мән, маңыз бере алады.
Табиғат адаммен жетілдірілу керек және жаңартылған күйінде адамның жердегі табысының, жеңісінің куәсі болу керек