Тақырып бойынша бейне- сабақ Қосымша мәліметтер Тақырып бойынша тірек-сызбалар Тақырып бойынша анықтамалар
Жас ерекшелік физиологиясы
Жас ерекшелік физиологиясы адамның жеке басының өмір сүруінің (онтогенезінің) әр түрлі кезеңдерін сипаттайтын, морфологиялық және функционалдық ерекшеліктерін, өсу мен дамудың жалпы заңдылықтарын, қызмет атқаруын реттейтін физиологиялық механихзмдерді, тіршілік ету ортасындағы алуан түрлі өзгерістерге организмнің бейімделуінің қалай іске асатындығын, организмді құрайтын жүйелер (жүйке жүйесі, қан айналу, тыныс алу, ас қорыту, зат алмасу, сыртқа шығару, сенсорлық жүйе) қызметтерінің мәнісін, олардың денсаулыққа қатысты орындары мен маңызын зерттеп, зерделеп түсіндіреді. Денсаулық ойдағыдай дұрыс қалыптасып, сақталуы, оның нығаюы үшін әрбір организмнің барлық физиологиялық көрсеткіштері адам жасының кезеңдерінде тиісті, қажетті деңгейлерде болуы шарт. Бұл көрсеткіштерді (қай пәннің маманы болмасын) саналы түрде білсе, ол өзіне тиесілі оқу-тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі жүргізеді, яғни қажетті пайдалы нәтежиеге қол жеткізеді. Бұл мақсатқа мектеп гигиенасын (оқушы мен оны қоршаған орта өзара қатынастарын, олардың жасқа байланысты ерекшеліктерін зерттейтін ілім) меңгеру зор көмегін тигізеді.
Өсу мен даму
Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерін өсу деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы, салмағы және кеуде шеңбері.
Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы дегеніміз ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуы, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюы. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық.